О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 10 октября 2006 года № 198 "О Комиссии по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2016 года № 181

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 10 октября 2006 года № 198 «О Комиссии по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    К. Масимов

О внесении изменений и дополнения в Указ Президента
Республики Казахстан от 10 октября 2006 года № 198 «О Комиссии
по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан»

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 10 октября 2006 года № 198 «О Комиссии по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 38, ст. 421) следующие изменения и дополнение:
      в Положении о Комиссии по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:
      пункт 15 изложить в следующей редакции:
      «15. Решение Комиссии принимается большинством голосов от числа ее членов, присутствующих на заседании. При разделении голосов членов Комиссии поровну решающим является голос председательствующего. Решение Комиссии оформляется протоколом, подписываемым председателем.»;
      часть четвертую пункта 17 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      «4) лица, предусмотренные подпунктом 3) статьи 16-1 Закона, документы, подтверждающие национальность, справку, подтверждающую факт обучения в высшем учебном заведении Республики Казахстан, и заявление об отказе от прежнего гражданства.»;
      часть первую пункта 33 изложить в следующей редакции:
      «33. Территориальные подразделения органов внутренних дел и загранучреждения направляют материалы в Министерство внутренних дел Республики Казахстан, которое запрашивает мнения Министерства иностранных дел Республики Казахстан, Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан и Комитета национальной безопасности Республики Казахстан о целесообразности предоставления обратившемуся лицу политического убежища.».
      2. Настоящий Указ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                   Н.Назарбаев

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 181 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық
мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Комиссияның шешімі оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған төраға қояды.»;
      17-тармақтың төртінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «неке туралы куәлік және т.б.) тапсырады.» деген сөздер «неке туралы куәлік және т.б.);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Заңның 16-1-бабының 3) тармақшасында көзделген адамдар ұлтын растайтын құжаттарды, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнында оқу фактісін растайтын анықтаманы және бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтінішті тапсырады.»;
      33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері және шетелдегі мекемелер материалдарды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жолдайды, ол жүгінген адамға саяси пана берудің орындылығы туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің пікірін сұрайды.».
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев