О некоторых вопросах по проведению 28-й Всемирной зимней Универсиады 2017 года в городе Алматы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2016 года № 208

      В соответствии с подпунктом 34) пункта 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года «О государственных закупках», поручением Президента Республики Казахстан от 11 марта 2016 года № 858-3 Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующих поставщиков, у которых будут приобретаться товары, работы и услуги в рамках реализации мероприятий по проведению 28-й Всемирной зимней Универсиады 2017 года в городе Алматы (далее – Универсиада):
      1) государственный фонд «Дирекция по подготовке и проведению 28-й Всемирной зимней Универсиады 2017 года в городе Алматы» по подготовке и проведению Универсиады;
      2) международную некоммерческую ассоциацию «Fеdеration Internationale du Sport Universitaire» (F.I.S.U.)» по организации международного телевещания, систем хронометража, вывода результатов, телевизионной графики, аккредитации и билетирования, аренды спортивного оборудования, страхования, управления играми и информационными сервисами, работы международных вещательных, аккредитационных, технических, операционных, главного спортивного и пресс-центров, необходимой информационно-коммуникационной инфраструктуры, аппаратно-программного обеспечения, структурированной кабельной сети и других сопутствующих услуг;
      3) товарищества с ограниченной ответственностью «Chimbulak Development», «Спортивно-культурный комплекс», «Международный комплекс лыжных трамплинов «Сункар», «Chimbulak ski resort» и Республиканское государственное казенное предприятие «Республиканская школа высшего спортивного мастерства по зимним видам спорта «Алатау» Комитета по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан по подготовке и аренде спортивных объектов Универсиады;
      4) товарищество с ограниченной ответственностью «Дирекция спортивных сооружений города Алматы» по подготовке и аренде спортивных объектов, организации питания и размещения участников во время Универсиады;
      5) общество с ограниченной ответственностью «Дирекция спортивных проектов» по услугам консультантов.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на акима города Алматы Байбека Б.К.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                  К. Масимов

Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізу жөніндегі кейбір мәселелер туралы

Қазақстан Республиакасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 208 қаулысы

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 858-3 тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы (бұдан әрі – Универсиада) өткізу бойынша іс-шараларды іске асыру аясында тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын өнім берушілер болып айқындалсын:
      1) Универсиаданы дайындау және өткізу бойынша – «Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекция» мемлекеттік қоры;
      2) халықаралық телехабар таратуды, хронометраж жүйесін, нәтижелерді шығаруды, телевизиялық графиканы, аккредиттеуді және билеттендіруді, спорт жабдығын жалға беруді, сақтандыруды, ойындарды басқаруды және ақпараттық сервистерді, халықаралық хабар тарату, аккредиттелген, техникалық, операциялық, бас спорттық және баспасөз орталықтарының жұмыстарын, қажетті ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, ақпараттық-бағдарламалық қамтылымды, құрылымдық кабель желісін және басқа да ілеспе қызметтерді ұйымдастыру бойынша – «Fеdеration Internationale du Sport Universitaire» (F.I.S.U.)» халықаралық коммерциялық емес қауымдастығы;
      3) Универсиаданың спорттық объектілерін дайындау және жалға беру бойынша – «Chimbulak Development», «Спорт және мәдениет кешені», «Сұңқар» шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені», «Chimbulak ski resort» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      4) Универсиада кезінде спорттық объектілерін дайындау және жалға беру, қатысушыларды тамақтандыру мен орналастыруды ұйымдастыру бойынша – «Алматы қаласының спорттық ғимараттары дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      5) консультанттардың қызметі бойынша «Спорттық жобалар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі қоғамы.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбекке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов