О проекте Указа Президента Республики Казахстан "Некоторые вопросы республиканского государственного учреждения "Служба центральных коммуникаций"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2016 года № 318

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «Некоторые вопросы республиканского государственного учреждения «Служба центральных коммуникаций».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                     К. Масимов

Некоторые вопросы республиканского государственного учреждения
«Служба центральных коммуникаций»

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Преобразовать республиканское государственное учреждение «Служба центральных коммуникаций» при Президенте Республики Казахстан путем передачи в ведение Правительства Республики Казахстан.
      2. Правительству Республики Казахстан:
      1) определить уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления в отношении республиканского государственного учреждения «Служба центральных коммуникаций» (далее - учреждение) Министерство информации и коммуникаций Республики Казахстан;
      2) совместно с заинтересованными государственными органами обеспечить взаимодействие информационной работы центральных исполнительных органов и государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, акимов городов Астаны и Алматы, областей с учреждением для осуществления функций по информационному сопровождению государственной политики;
      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего Указа.
      3. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан (далее – изменения).
      4. Признать утратившими силу:
      1) Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2012 года № 403 «О создании республиканского государственного учреждения «Служба центральных коммуникаций» при Президенте Республики Казахстан и внесении дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан», за исключением пункта 1 (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 74, ст. 1067);
      2) Указ Президента Республики Казахстан от 2 ноября 2012 года № 420 «Об утверждении устава республиканского государственного учреждения «Служба центральных коммуникаций» при Президенте Республики Казахстан и внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 17 января 2004 года № 1284 «О единой системе оплаты труда работников органов Республики Казахстан, содержащихся за счет государственного бюджета и сметы (бюджета) Национального Банка Республики Казахстан».
      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания, за исключением пункта 4 настоящего Указа и пункта 2 изменений, которые вводятся в действие со дня перерегистрации в установленном порядке учреждения.

      Президент
      Республики Казахстан                     Н.Назарбаев

УТВЕРЖДЕНЫ  
Указом Президента
Республики Казахстан
от 2016 года № 

ИЗМЕНЕНИЯ,
которые вносятся в некоторые указы Президента
Республики Казахстан

      1. В Указе Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 «О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти» (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 17, ст. 212):
      в Перечне должностей политических государственных служащих и иных должностных лиц, назначаемых Президентом Республики Казахстан или по согласованию с ним, избираемых по его представлению, а также назначаемых по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:
      строку:
      «

Директор «Службы центральных коммуникаций»

Президентом

Руководителем Администрации


                                                               »
      исключить.
      2. В Указе Президента Республики Казахстан от 17 января 2004 года № 1284 «О единой системе оплаты труда работников органов Республики Казахстан, содержащихся за счет государственного бюджета и сметы (бюджета) Национального Банка Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 19, ст. 234) (с пометкой «Для служебного пользования»).
      3. В Указе Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 150 «Об утверждении Реестра должностей политических и административных государственных служащих» (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 70-71, ст. 520):
      в Реестре должностей политических и административных государственных служащих, утвержденном вышеназванным Указом:
      в главе 1. Политические государственные должности:
      строку «Директор «Службы центральных коммуникаций», его заместители» исключить.
      4. В Указе Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 152 «О некоторых вопросах прохождения государственной службы» (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 72-73-74, ст. 534):
      в Правилах принесения присяги государственными служащими, утвержденных вышеназванным Указом:
      в абзаце третьем подпункта 2) пункта 4 слова «директор Службы центральных коммуникаций, его заместители;» исключить.

"Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 318 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік
мекемесінің кейбір мәселелері

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарамағына беру арқылы қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігін «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мекеме) қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган етіп айқындасын;
      2) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің ақпараттық жұмысының мекемемен өзара іс-қимылын қамтамасыз етсін;
      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі – өзгерістер) бекітілсін.
      4.Мыналардың:
      1) 1-тармағын қоспағанда, «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 403 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1067-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысын бекіту және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 420 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы Жарлық мекеме белгіленген тәртіппен қайта тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 4-тармағын және
өзгерістердің 2-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2016 жылғы      
№ Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:
      мына:
      «

«Орталық коммуникациялар қызметі» директоры

Президент


Әкімшілік Басшысы

                                                              »
деген жол алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат) («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар).
      3. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
      «Мемлекеттік саяси лауазымдар:» деген 1-тарауда:
      «Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры, оның орынбасарлары» деген жол алып тасталсын.
      4. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 534-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидаларында:
      4-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацындағы «Орталық коммуникациялар» қызметінің директоры, оның орынбасарлары;» деген сөздер алып тасталсын.