2. Мекеменің штат саны 43 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мекемеге қатысты уәкілетті орган деп айқындалсын.
4. Мекеме директорын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникация орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін, оның мүлкін мекемеге бере отырып, таратсын;
2) бір ай мерзімде мекеменің жарғысын әзірлеп, белгіленген тәртіпте бекітуге енгізсін;
3) мекеменің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемені орналастыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат, № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат; № 37, 438-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«Назарбаев орталығы» директоры, оның орынбасарлары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Орталық коммуникациялар қызметі» директоры, оның орынбасарлары»;
2) «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
«Назарбаев Президент Президент Әкімшілік
орталығы» Кеңсесінің Басшысы»
директоры бастығы
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Орталық Президент Әкімшілік
коммуникациялар Басшысы».
қызметі»
директоры
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
|