О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2009 года № 1520 "Об утверждении Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом города республиканского значения, столицы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 июня 2016 года № 332. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2023 года № 642

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.08.2023 № 642.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2009 года № 1520 "Об утверждении Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом города республиканского значения, столицы" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 41, ст. 399) следующие изменения и дополнения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы.";

      в Правилах выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом города республиканского значения, столицы, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы (далее – Правила) разработаны в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и Законом Республики Казахстан от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг" и определяют порядок выпуска, размещения, обращения, обслуживания и погашения государственных ценных бумаг местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы на территории Республики Казахстан.";

      в пункте 2:

      вносятся изменения в текст на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) эмитент - местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы.

      При этом местные исполнительные органы области могут быть эмитентами только государственных ценных бумаг, выпускаемых местными исполнительными органами областей для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ.";

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) ценные бумаги - государственные эмиссионные ценные бумаги, эмитируемые местными исполнительными органами области, города республиканского значения, столицы;";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Условия, объем и целевое назначение выпуска ценных бумаг местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы определяются центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета.

      При этом совокупный объем государственного заимствования местных исполнительных органов не должен превышать установленный лимит долга соответствующего местного исполнительного органа.";

      пункт 20 дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) государственных ценных бумаг, выпускаемых местными исполнительными органами областей, города республиканского значения, столицы для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ (далее – государственные ценные бумаги для финансирования строительства жилья).";

      пункты 21 и 22 изложить в следующей редакции:

      "21. Среднесрочные, долгосрочные, среднесрочные индексированные, долгосрочные индексированные ценные бумаги и государственные ценные бумаги для финансирования строительства жилья являются купонными эмиссионными ценными бумагами, номинальная стоимость которых составляет одну тысячу тенге.

      22. Расчетная база для исчисления суммы купона по среднесрочным, долгосрочным, среднесрочным индексированным, долгосрочным индексированным ценным бумагам и государственным ценным бумагам для финансирования строительства жилья - тридцать дней в расчетном месяце, триста шестьдесят дней в расчетном году.";

      в пункты 27, 31, 37 и 45 вносятся изменения в текст на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      дополнить разделом 2.6 следующего содержания:

      "2.6. Государственные ценные бумаги, выпускаемые местными исполнительными органами областей, города республиканского значения, столицы для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ.

      48. Государственные ценные бумаги для финансирования строительства жилья выпускаются со сроком обращения два года.

      49. Размещение и погашение государственных ценных бумаг для финансирования строительства жилья осуществляются по номинальной стоимости, при этом в течение срока обращения выплачивается определенное при размещении вознаграждение, называемое купоном.

      50. Выплата купона по государственным ценным бумагам для финансирования строительства жилья осуществляется в дни, установленные эмитентом два раза в год соответствующего года обращения данных ценных бумаг.

      51. Сумма купона государственных ценных бумаг для финансирования строительства жилья исчисляется аналогично сумме купона среднесрочных ценных бумаг согласно пункту 1 приложения к настоящим Правилам.";

      в приложении к указанным Правилам правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  " Приложение
к Правилам выпуска ценных бумаг
для обращения на внутреннем рынке
местным исполнительным органом области,
города республиканского значения, столицы".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.


Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


"Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 332 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 642 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 642 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Бағалы қағаздар нарығы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, орналастыру, айналысқа қосу, оларға қызмет көрсету және өтеу тәртібін анықтайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) эмитент – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.

      Бұл ретте облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарының ғана эмитенті бола алады;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бағалы қағаздар – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстың жергілікті атқарушы органдарының бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауы тиіс.";

      20-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар (бұдан әрі – тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар).";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген, ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады, олардың атаулы құны бір мың теңгені құрайды.

      22. Орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген, ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша купон сомасын есептеу үшін есептік база – есепті айда отыз күн, есепті жылда үш жүз алпыс бес күн.";

      27, 31, 37 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Орта мерзімді бағалы қағаздар купонының сомасы осы Қағидаларға қосымшаның 1-тармағына сәйкес есептеледі.";

      "31. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар купонының сомасы осы Қағидаларға қосымшаның 2-тармағына сәйкес есептеледі.";

      "37. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купонының сомасы осы Қағидаларға қосымшаның 3-тармағына сәйкес есептеледі.";

      "45. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купонының сомасы осы Қағидаларға қосымшаның 4-тармағына сәйкес есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 2.6-бөліммен толықтырылсын:

      "2.6. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар

      48. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар екі жылдық айналыс мерзімімен шығарылады.

      49. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу номиналды құнымен жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде айқындалған купон деп аталатын сыйақы төленеді.

      50. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша купон төлеу осы бағалы қағаздар айналысының тиісті жылы жылына екі рет, эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.

      51. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар купонының сомасы орта мерзімді бағалы қағаздар купоны сияқты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес есептеледі.";

      көрсетілген Ережеге қосымшадағы оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстың, республикалық

      маңызы бар қаланың, астананың

      жергілікті атқарушы органының

      ішкі нарықта айналысқа жіберу

      үшін бағалы қағаздар шығару

      қағидаларына қосымша".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов