О переименовании акционерного общества "Информационно-аналитический центр по проблемам занятости"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2016 года № 391

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и пунктом 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать акционерное общество "Информационно-аналитический центр по проблемам занятости" в акционерное общество "Центр развития трудовых ресурсов" (далее – центр).

      2. Определить основным предметом деятельности центра обеспечение информационной и аналитической поддержки государственной политики по регулированию рынка труда и реализации активных мер содействия занятости, методологической поддержки местных органов по вопросам занятости населения и центров занятости населения.

      3. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      4. Министерству здравоохранения и социального развития Республики Казахстан совместно с Министерством финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 1 июля 2016 года № 391

Изменения, которые вносятся в некоторые
решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "г. Астана" строку, порядковый номер 21-136, изложить в следующей редакции:

      "21-136. АО "Центр развития трудовых ресурсов".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      в разделе "Министерству здравоохранения и социального развития Республики Казахстан" строку, порядковый номер 227-15, изложить в следующей редакции:

      "227-15. АО "Центр развития трудовых ресурсов".

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 17.02.2017 № 71.

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 972 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2016 – 2018 годы":

      в приложении 42 к указанному постановлению:

      строки, порядковые номера 39, 42 и 43, изложить в следующей редакции:

      "

39

Услуги по информационно-аналитическому обеспечению по базе занятости и бедности

Формирование и ведение общереспубликанской базы данных по вопросам занятости и обработка информации по бедности

Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

АО "Центр развития трудовых ресурсов"

056 "Оказание услуг по информационно-аналитическому обеспечению по базе занятости и бедности, модернизация политики занятости".
101 "Услуги по информационно-аналитическому обеспечению по базе занятости и бедности"

296 221


       ";

      "

42

Информационно-методологическое сопровождение реализации программы "Дорожная карта занятости 2020"

Методологическое обеспечение реализации программы "Дорожная карта занятости 2020", определение потребности в кадрах, разработка предложений по стимулированию территориальной мобильности по программе "Дорожная карта занятости 2020"

Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

АО "Центр развития трудовых ресурсов"

124 "Проведение текущих мероприятий в рамках Дорожной карты занятости 2020"

157 852

43

Обеспечение функционирования информационных систем в целях предоставления государственных услуг населению в социально-трудовой сфере

Оказание услуг по сопровождению, технической поддержке основных средств и нематериальных активов

Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

АО "Центр развития трудовых ресурсов"

027 "Социальное обеспечение отдельных категорий граждан и их сопровождение по выплатам".
139 "Услуги по обеспечению выплаты пенсий и пособий"

1 302 471


       ".

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" акционерлік қоғамын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 391 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" акционерлік қоғамы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) болып қайта аталсын.

      2. Еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды, жергілікті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарын халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ету Орталық қызметінің негізгі нысанасы ретінде айқындалсын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 1 шілдедегі
№ 391 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде реттік нөмірі 21-136-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-136. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне" деген бөлімдегі реттік нөмірі 227-15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "227-15. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ".

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.02.2017 № 71 қаулысымен.

      4. "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:

      реттік нөмірлері 39, 42 және 43-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

39

Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

Жұмыспен қамту мәселелері бойынша жалпы республикалық базаны құру және оны жүргізу және кедейшілік жөніндегі ақпаратты өңдеу.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ"

056 "Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық - талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту"
101 "Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер"

296 221


       ";

      "

42

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасын іске асыруды ақпараттық-әдіснамалық сүйемелдеу

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасын іске асыруды әдіснамалық қамтамасыз ету, кадрларға қажеттілікті айқындау, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша аумақтық ұтқырлықты ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ"

124 "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" шеңберінде ағымдағы іс-шараларды өткізу"

157 852

43

Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Негізгі құрал-жабдықтар және материалдық емес активтерді сүйемелдеу, техникалық қолдау бойынша қызмет көрсету.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ"

027 "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу"
139 "Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер"

1 302 471


       ".