О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 162 "Об утверждении Дорожной карты занятости-2020"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июля 2016 года № 421. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2016 года № 919.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от  29.12.2016 № 919 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 162 «Об утверждении Дорожной карты занятости-2020» (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 15, ст. 90) следующие изменения и дополнения:
      в Дорожной карте занятости-2020, утвержденной указанным постановлением:
      в подразделе «Первое направление: обеспечение занятости за счет развития инфраструктуры и жилищно-коммунального хозяйства»:
      часть первую пункта 12 изложить в следующей редакции:
      «12. С 1 января 2016 года местные исполнительные органы представляют уполномоченному органу по вопросам занятости населения (далее – оператор Программы) проекты по строительству фельдшерско-акушерских пунктов, врачебных амбулаторий в сельской местности и инфраструктурные проекты, согласованные с государственным исполнительным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере регионального развития, предлагаемые для реализации в рамках Программы, с приложением требуемой действующим законодательством технической документации, обоснованием выбора проекта, показателей количества создаваемых рабочих мест и среднемесячной заработной платы ежегодно не позднее 15 апреля.»;
      дополнить пунктами 19-1 и 19-2 следующего содержания:
      «19-1. Процедура отбора проектов, предусматривающих текущий и средний ремонт инфраструктуры (социально-культурные объекты, инженерно-транспортная инфраструктура), жилищно-коммунального хозяйства, благоустройство населенных пунктов в рамках средств, выделенных из специального резерва Правительства Республики Казахстан, осуществляется в селах, поселках, сельских округах, городах районного значения, включая сельские населенные пункты, присоединенные с 1 января 2014 года к районам областных центров и города Алматы, на собрании местного сообщества, исходя из:
      1) доведенных лимитов финансирования;
      2) возможностей софинансирования за счет средств местного бюджета;
      3) необходимости развития и улучшения социально-экономического положения населенного пункта;
      4) первоочередности и актуальности.
      По результатам проведения собрания местного сообщества составляется протокол.
      Местные исполнительные органы после сбора данных в течение пяти рабочих дней представляют оператору Программы перечень проектов с приложением копии протокола собрания местного сообщества.
      19-2. Лимит финансирования проектов, осуществляемых за счет средств из специального резерва Правительства Республики Казахстан и предусматривающих текущий и средний ремонт инфраструктуры (социально-культурные объекты, инженерно-транспортная инфраструктура), жилищно-коммунального хозяйства и благоустройство населенных пунктов, доводится оператором Программы местным исполнительным органам в зависимости от численности населения, проживающего в селах, поселках, сельских округах, городах районного значения, включая сельские населенные пункты, присоединенные с 1 января 2014 года к районам областных центров и города Алматы.
      При этом при распределении лимита финансирования исключают села и поселки с низким потенциалом развития.»;
      пункт 22 изложить в следующей редакции:
      «22. Сведения об участниках Программы и работодателях, участвующих в реализации инфраструктурных проектов, размещаются в единой информационной системе социально-трудовой сферы.»;
      часть четвертую пункта 97 изложить в следующей редакции:
      «При этом местные исполнительные органы, за исключением городов Астаны и Алматы, до 70 % средств от общей суммы доведенного лимита должны направлять в сельскую местность в зависимости от необходимости обеспечения занятости населения и сохранения приемлемого уровня безработицы.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                     К. Масимов

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 421 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 15, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасында:
      «Бірінші бағыт: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:
      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) өңірлік даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісілген, Бағдарлама шеңберінде іске асыру ұсынылатын ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу жөніндегі жобаларды және инфрақұрылымдық жобаларды қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары саны мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерінің негіздемесін қоса бере отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2 тармақтармен толықтырылсын:
      «19-1. Қазақстан Республикасы Үкіметтің арнайы резервінен бөлінген қаражат шеңберінде инфрақұрылымды (әлеуметтік-мәдени объектілер, инженерлік-көлік инфрақұрылымы), ТКШ-ны ағымдағы және орташа жөндеуді, абаттандыруды көздейтін жобаларды іріктеу рәсімі 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап облыс орталықтарының және Алматы қаласының аудандарына қосылған ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде, аудандық маңызы бар қалаларда жергілікті қоғамдастық жиналысында мыналарға:
      1) жеткізілген қаржыландыру лимиттеріне;
      2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру мүмкіндіктеріне;
      3) елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттілігіне;
      4) бірінші кезектілігі мен өзектілігіне негізделе отырып жүзеге асырылады.
      Жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу нәтижесі бойынша хаттама жасалады.
      Жергілікті атқарушы органдар деректерді жинақтаған соң бес жұмыс күні ішінде Бағдарлама операторына жергілікті қоғамдастық жиналасының хаттамасын қоса бере отырып, жобалардың тізбесін ұсынады.
      19-2. Қазақстан Республикасы Үкіметтің арнайы резервінен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылатын инфрақұрылымды (әлеуметтік-мәдени объектілер, инженерлік-көлік инфрақұрылымы), ТКШ-ны ағымдағы және орташа жөндеуді, абаттандыруды көздейтін жобаларды қаржыландыру лимитін Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органдарға 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап облыс орталықтарының және Алматы қаласының аудандарына қосылған ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде, аудандық маңызы бар қалаларда тұратын халықтың санына байланысты жеткізеді.
      Бұл ретте қаржыландыру лимитін бөлген кезде даму әлеуеті төмен ауылдар мен кенттер алып тасталады.»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылады.»;
      97-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың қолайлы деңгейін сақтау қажеттілігіне байланысты жеткізілген лимиттің жалпы сомасының 70 %-ына дейін ауылдық жерлерге жіберуге тиіс.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов