О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия "Селденкоргау курылыс" Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 498

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 и подпунктом 27) пункта 2 статьи 134 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Реорганизовать Республиканское государственное казенное предприятие «Селденкоргау курылыс» Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан путем преобразования в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Селденкоргау Курылыс» Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее – предприятие).
      2. Определить:
      1) уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления в отношении предприятия Комитет по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан;
      2) основным предметом деятельности предприятия выполнение специальных инженерных мероприятий гражданской защиты.
      3. Комитету по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) внести на утверждение в Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан устав предприятия;
      2) обеспечить государственную регистрацию предприятия в органах юстиции;
      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 25, ст. 311) следующее дополнение:
      в Положении о Министерстве внутренних дел Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства:
      раздел «3. Комитет по чрезвычайным ситуациям»:
      дополнить подразделом следующего содержания:
      «Государственные предприятия
      Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Селденкоргау Курылыс».».
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    К. Масимов

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Селденқорғау құрылыс" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 498 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Селденқорғау құрылыс» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Селденқорғау құрылыс» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті;
      2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы арнайы инженерлік азаматтық қорғау іс-шараларын орындау болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «3. Төтенше жағдайлар комитеті» деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік кәсіпорындар
      «Селденқорғау құрылыс» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.».
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов