Об образовании правительственной комиссии по расследованию причин группового несчастного случая, произошедшего вследствие схода снежной лавины в Жамбылской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 82

      В целях расследования причин группового несчастного случая, произошедшего вследствие схода снежной лавины в Жамбылской области 17 февраля 2017 года, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Образовать правительственную комиссию по расследованию причин группового несчастного случая, произошедшего вследствие схода снежной лавины в Жамбылской области (далее - Комиссия), в составе согласно приложению.

      2. Комиссии незамедлительно приступить к работе, обеспечить всестороннее расследование причин несчастного случая, принять меры по оказанию помощи пострадавшим и семьям погибших.

      3. Руководителю Комиссии Жасузакову С.А. доложить о результатах расследования причин группового несчастного случая, произошедшего вследствие схода снежной лавины в Жамбылской области, и принятых мерах по оказанию помощи пострадавшим и семьям погибших.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 18 февраля 2017 года № 82

Состав правительственной комиссии по расследованию причин группового несчастного случая, произошедшего вследствие схода снежной лавины в Жамбылской области

Жасузаков
Сакен Адилханович


Министр обороны Республики Казахстан, руководитель

Мухтаров
Талгат Сабитович


заместитель Министра обороны Республики Казахстан, заместитель руководителя

Савельева
Татьяна Михайловна


вице-министр финансов Республики Казахстан

Ильин
Юрий Викторович


заместитель Министра внутренних дел Республики Казахстан

Жакупова
Светлана Кабыкеновна


вице-министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Цой
Алексей Владимирович


вице-министр здравоохранения Республики Казахстан

Орынбеков
Бекболат Серикбекович


первый заместитель акима Жамбылской области


Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 82 қаулысы

      2017 жылғы 17 ақпанда Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiндегі үкiметтiк комиссия (бұдан әрi – Комиссия) құрылсын.

      2. Комиссия дереу жұмысқа кiрiссін, жазатайым оқиғаның себептерiн жан-жақты тексеруді қамтамасыз етсін, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Комиссия басшысы С.Ә. Жасұзақов Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру нәтижелері мен зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2017 жылғы 18 ақпандағы 
№ 82 қаулысына
қосымша

Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған топтық
жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiндегi үкiметтiк
комиссияның құрамы

Жасұзақов 
Сәкен Әділханұлы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, басшы

Мұхтаров
Талғат Сәбитұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, басшының орынбасары

Савельева
Татьяна Михайловна

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
 

Ильин
Юрий Викторович

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Жақыпова
Светлана Қабыкенқызы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
 

Цой
Алексей Владимирович

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Орынбеков 
Бекболат Серікбекұлы

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары