2017 жылғы 17 ақпанда Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiндегі үкiметтiк комиссия (бұдан әрi – Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия дереу жұмысқа кiрiссін, жазатайым оқиғаның себептерiн жан-жақты тексеруді қамтамасыз етсін, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Комиссия басшысы С.Ә. Жасұзақов Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру нәтижелері мен зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 18 ақпандағы № 82 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған топтық
жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiндегi үкiметтiк
комиссияның құрамы
Жасұзақов | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, басшы |
Мұхтаров | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, басшының орынбасары |
Савельева |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Ильин | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Жақыпова |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Цой | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Орынбеков | Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары |