Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2017 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 2017 года № 190.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 180 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан от 29 ноября 2016 года "О республиканском бюджете на 2017 – 2019 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые основные условия кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2017 год.

      2. Министерствам финансов, энергетики и по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) заключение кредитных договоров с местными исполнительными органами областей, городов Астаны и Алматы;

      2) контроль за выполнением основных и дополнительных условий кредитных договоров;

      3) контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, погашения и обслуживания бюджетных кредитов.

      3. Министерствам энергетики и по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке заключить договор поручения с поверенным (агентом).

      4. Местным исполнительным органам областей, городов Астаны и Алматы:

      1) заключить кредитные договора с конечными заемщиками;

      2) ежеквартально, не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным периодом, представлять информацию об освоении кредитов в министерства финансов, энергетики и по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на министерства энергетики и по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 11 апреля 2017 года № 190

Основные условия кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2017 год

      1. Для предоставления кредитов местным исполнительным органам областей, городов Астаны и Алматы (далее – заемщики) устанавливаются следующие основные условия:

      1) представление заемщиками решений маслихатов, предусматривающих в областных бюджетах, бюджетах городов Астаны и Алматы на 2017 год соответствующие поступления, в Министерство финансов Республики Казахстан (далее – кредитор);

      2) кредиты в сумме 48000000000 (сорок восемь миллиардов) тенге, предусмотренные Законом Республики Казахстан от 29 ноября 2016 года "О республиканском бюджете на 2017 – 2019 годы" по бюджетной программе 224 "Кредитование областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения", предоставляются заемщикам на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения сроком на 20 (двадцать) лет по 0,01 %-ной ставке годовых вознаграждения;

      3) льготный период по выплате основного долга не должен превышать 6 (шесть) лет;

      4) период освоения кредитов исчисляется с момента перечисления кредитов со счета кредитора и заканчивается 10 декабря 2018 года.

      2. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредита устанавливаются в кредитном договоре в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан.

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2017 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 190 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2017 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

      2) кредиттік шарттардың негізгі және қосымша талаптарының орындалуын бақылауды;

      3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырма шартын жасассын.

      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:

      1) түпкі қарыз алушымен кредиттік шарттар жасассын;

      2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктеріне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 11 сәуірдегі
№ 190 қаулысымен
бекітілген

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2017 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары

      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі талаптар белгіленеді:

      1) қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2017 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;

      2) "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында 224 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 48000000000 (қырық сегіз миллиард) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01%-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;

      3) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең 6 (алты) жылдан аспауға тиіс;

      4) кредиттерді игеру кезеңі кредиттер кредитордың шотынан аударылған кезден бастап есептеледі және 2018 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.

      2. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.