О подписании Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об участках деятельности пограничных представителей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2017 года № 388

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Одобрить прилагаемый проект Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об участках деятельности пограничных представителей.

      2. Уполномочить заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан - Директора Пограничной службы Дильманова Дархана Айткалиевича подписать от имени Правительства Республики Казахстан Протокол между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об участках деятельности пограничных представителей, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Одобрен
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 22 июня 2017 года № 388

      Проект

ПРОТОКОЛ
между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об участках деятельности пограничных представителей (карта 1:200 000)

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Кыргызской Республики в соответствии со статьей 2 Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о деятельности пограничных представителей от 15 декабря 2001 года согласились определить следующие участки государственной границы деятельности пограничных представителей:

      со стороны Республики Казахстан:

      по Алматинскому участку - от отметки 6995 (точка стыка государственных границ Республики Казахстан, Кыргызской Республики и Китайской Народной Республики) до пограничного знака № 36 (перевал Кастек);

      по Кордайскому участку - от пограничного знака № 36 (перевал Кастек) до пограничного знака № 158;

      по Таразскому участку - от пограничного знака № 158 до отметки 4131 (точка стыка государственных границ Республики Казахстан, Кыргызской Республики и Республики Узбекистан);

      со стороны Кыргызской Республики:

      по Иссык-Кульскому участку - от отметки 6995 (точка стыка государственных границ Кыргызской Республики, Республики Казахстан и Китайской Народной Республики) до отметки 4642 (5280);

      по Чуйскому участку - от отметки 4642 (5280) до геодезического пункта с отметкой 4315 (9676);

      по Таласскому участку – от геодезического пункта с отметкой 4315 (9676) до отметки 4131 (точка стыка государственных границ Республики Казахстан, Кыргызской Республики и Республики Узбекистан).

      Настоящий Протокол вступает в силу с даты получения по дипломатическим каналам последнего из письменных уведомлений Сторон о выполнении внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу, и прекращает свое действие одновременно с Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о деятельности пограничных представителей от 15 декабря 2001 года.

      Совершено в городе ________ "___" _________ 201__ года в двух подлинных экземплярах, каждый на казахском, кыргызском и русском языках, причем все тексты являются равно аутентичными.

      В случае расхождения в текстах, Стороны обращаются к тексту на русском языке.

      За Правительство
Республики Казахстан
За Правительство Кыргызской Республики

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 388 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы Ділмановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 388 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы

ХАТТАМА

(карта 1:200 000)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісімнің 2-бабына сәйкес шекара өкілдері қызметінің мынадай мемлекеттік шекара учаскелерін айқындауға келісті:

      Қазақстан Республикасының тарапынан:

      Алматы учаскесі бойынша – 6995 белгіден (Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі) № 36 шекара белгісіне (Қастек белесі) дейін;

      Қордай учаскесі бойынша – № 36 шекара белгісінен (Қастек белесі) № 158 шекара белгісіне дейін;

      Тараз учаскесі бойынша – № 158 шекара белгісінен 4131 белгісіне дейін (Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі);

      Қырғыз Республикасының тарапынан:

      Ыстықкөл учаскесі бойынша – 6995 белгісінен (Қырғыз Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі) 4642 (5280) белгісіне дейін;

      Шу учаскесі бойынша – 4642 (5280) белгісінен 4315 (9676) белгісі бар геодезиялық пунктіне дейін;

      Талас учаскесі бойынша – 4315 (9676) белгісі бар геодезиялық пунктінен 4131 белгісіне дейін (Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі).

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы Тараптардың жазбаша хабарламасының соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді және 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісіммен бір мезгілде қолданысын тоқтатады.

      201__ жылғы "___" _________ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтін тең түпнұсқалы болып табылады.

      Мәтіндерде алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін