2001 жылғы 15 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының
Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы
КЕЛІСІМ
(2015 жылғы 16 шілдеде күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2015 ж., № 6, 55-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
тату көршілік қатынасты дамытуға және мемлекеттік шекара тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты қолдауға ұмтыла отырып,
өзінің мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі шаралар қабылдауда тәуелсіз мемлекеттердің ажырамас құқығын тани отырып,
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекаралық өкілдерінің шекаралық қақтығыстар туындауының алдын алу ісіне, ал олар туындаған жағдайда - шұғыл тергеу және оларды реттеуді қамтамасыз етуге қатысудың қажеттігін атап өтіп,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекаралық өкілдері мен шекаралық өкілдерінің орынбасарларын Тараптар немесе Тараптардың өзге де құзыретті органдары тағайындайды. Тараптар шекаралық өкілдер мен олардың орынбасарлары тағайындалғаны туралы, олардың тегін, атын және әкесінің атын, лауазымын, қызмет ету учаскесі мен болу орнын көрсете отырып, дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне хабарлайды.
Шекаралық өкілдер орынбасарларының шекаралық өкіл міндеттерін орындау кезінде шекара өкілдері сияқты құқығы мен міндеттері болады.
2-бап
Шекаралық өкілдер өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға, осы Келісімде белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес, Шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттамада (1-қосымша) белгіленген, Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының учаскелері шектерінде бір-бірімен ынтымақтаса отырып, өз міндеттерін орындайды.
Жазбаша өкілеттіктерді (2-қосымша):
Қазақстан Республикасының шекаралық өкілдеріне және олардың орынбасарларына - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры;
Қырғыз Республикасының шекаралық өкілдеріне және олардың орынбасарларына - шекара мәселелеріне жетекшілік ететін Қырғыз Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары береді.
3-бап
Шекаралық өкілдердің қызметін қамтамасыз ету үшін көмекшілер, хатшылар, қызметтік хат-хабар қабылдау-жіберу жөніндегі уәкілетті адамдар тағайындалады, сондай-ақ сарапшылар мен басқа да тұлғалар тартылады.
Шекаралық өкілдер көмекшілерінің жазбаша өкілеттіктерін, хатшылар куәліктерін, шекара арқылы екі жаққа өтуге арналған бір жолғы куәліктерді (2-4 қосымша) шекаралық өкілдер береді.
4-бап
Шекаралық өкілдер өз қызметінің учаскелері шектерінде:
шекаралық қақтығыстар туындауының алдын алу және туындаған жағдайда оларды реттеу жөнінде қажетті шараларды қабылдайды;
Тараптар белгілеген мемлекеттік шекарадан ету ережелерінің сақталуын бақылайды және бекітілген тәртіпті бұза отырып, шекарадан өтуді болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;
тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, бағалы заттар мен валютаның, сондай-ақ радиоактивті заттардың контрабандасына қарсы күрес жөнінде қажетті шаралар қабылдайды;
адамдардың мәйітін тануға қатысады және қажетті жағдайда оларды тапсыру бойынша шаралар қабылдайды;
табиғатты мемлекеттік басқару мен қорғау жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесе отырып, шекара жанындағы аудандарда шаруашылық жұмыстары мен өзге де қызметтің жүргізілуін, сондай-ақ шекаралық суаттардағы су пайдалануды тиісті түрде бақылауды қамтамасыз етеді;
мемлекеттік шекара арқылы өрттердің, жұқпалы аурулардың, індеттердің және ауыл шаруашылығы зиянкестерінің таралу қаупі туралы бір-бірін дер кезінде хабардар етеді;
мемлекеттік шекара тәртібін сақтауға байланысты басқа да мәселелерді шешеді.
5-бап
1. Шекаралық өкілдер, әдетте, мәжілістерде немесе кездесулерде бірлескен жұмысты жүргізеді. Шекаралық өкілдердің арасындағы уағдаластық бойынша олардың орынбасарлары мен көмекшілерінің кездесулері өткізілуі мүмкін.
2. Шекаралық өкілдердің мәжілістері немесе кездесулері олардың біреуінің ұсынысы бойынша өткізіледі. Ұсыныста мәжілістің немесе кездесулердің күн тәртібі, қатысушылардың құрамы, мәжілістің немесе кездесулердің өткізілетін орны мен уақыты көрсетілуі тиіс.
Жекелеген жағдайларда мәжілістер немесе кездесулерде шекаралық өкілдер арасында өзара уағдаластық бойынша бұрын талқылауға ұсынылмаған мәселелер қаралуы мүмкін.
Мәжілістің немесе кездесудің өткізілуі туралы ұсыныстарға шекаралық өкілдер мүмкіндігінше, қысқа мерзім ішінде, бірақ осындай ұсынысты қызметтік хат-хабар қабылдау-жіберу бойынша уәкілеттілер қабылдаған кезден бастап 48 сағаттан кешіктірместен жауап беруі тиіс. Бұл орайда талқылауға қосымша мәселелер, сондай-ақ мәжілісті немесе кездесуді өткізетін басқа уақыт мен орын ұсынылуы мүмкін.
3. Шекаралық өкіл ұсынған мәжіліске немесе кездесуге шектес мемлекеттің шекаралық өкілі өзі келуі тиіс. Егер бұл мүмкін болмаса, онда мәжіліске немесе кездесуге оның орынбасары келеді деп, мәжіліс немесе кездесу басталардан 24 сағат бұрын кездесуді ұсынған шекаралық өкілге ескертіледі.
4. Шекаралық өкілдердің мәжілістеріне немесе кездесулеріне олардың орынбасарлары, көмекшілері, хатшылары және қатысуы қажет болып табылатын адамдар (сарапшылар, куәгерлер, жәбірленушілер мен басқа да адамдар) қатыса алады.
Шекаралық өкілдер көмекшілерінің кездесулеріне хатшылар, ал қажет болған жағдайда сарапшылар мен басқа да тұлғалар қатыса алады.
5. Жеке кездесулерді талап етпейтін мәселелер хат алысу арқылы немесе байланыстардың техникалық құралдарын пайдалану арқылы шешілетін болады.
6. Шекаралық өкілдер өзара уағдаластық бойынша мәжілістерде немесе кездесулерде қабылданған шешімдерді орындау жөнінде қабылданған шаралар туралы бірін-бірі хабардар етеді.
6-бап
Шекаралық өкілдердің және олардың орынбасарларының жоспарланған мәжілістері немесе кездесулері, әдетте, алма-кезек Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумақтарында, ал жоспардан тыс болатындары - оларды өткізуді ұсынған Тарап мемлекетінің аумағында өткізіледі.
Шекаралық өкілдер көмекшілерінің бірлескен жұмысы шекаралық өкілдердің тапсырмасы бойынша әдетте, кездесулер кезінде жүргізіледі. Шекаралық өкілдер көмекшілерінің қабылдаған шешімдері тиісті Тараптар мемлекеттерінің шекаралық өкілдері оларды бекіткеннен кейін күшіне енеді. Шекаралық өкілдердің көмекшілері келісе алмаған мәселелер тиісті шекаралық өкілдердің қарауына беріледі.
7-бап
Шекаралық өкілдердің мәжілістерінің, кездесулерінің қорытындысы бойынша бірлескен хаттама жасалады, онда мәжілістердің немесе кездесулердің күн тәртібі, қатысушылардың құрамы, мәжілістің немесе кездесудің жалпы барысы, қабылданған шешімдер мен олардың орындалу мерзімі көрсетіледі.
Мәжілістердің, кездесулердің хаттамасы әрқайсысы орыс тілінде екі данада жасалады, шекаралық өкілдер немесе олардың орынбасарлары болып табылатын тұлғалардың қолы қойылады және елтаңбалық мөрлермен бекітіледі.
8-бап
1. Шекаралық өкілдер өзара келісім бойынша мемлекеттік шекарада кездесу пункттерін, сондай-ақ қызметтік хат-хабар алмасу және техникалық байланыс құралдарының пункттері мен тәртібін белгілейді. Қызметтік хат-хабар қабылдау-жіберу бойынша уәкілетті адамдар қызметтік хат-хабарды мемлекеттік шекарада қабылдау және жіберуді тәулік бойы жүзеге асыруға міндетті.
2. Шекаралық өкілдер ұсталған тұлғаларды, сондай-ақ үй жануарларын, мүлік пен адамдар мәйіттерін тапсыруды әрбір Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Осындай әрбір тапсырудың уақыты мен тәртібін шекаралық өкілдер жеке белгілейді.
3. Шекаралық өкілдер өзара уағдаластық бойынша адамдарды, жануарларды, мүліктерді, адамдардың мәйіттерін, қызметтік хат-хабарды қабылдау-тапсыру кезінде, сондай-ақ осы Келісімнің ережесіне сәйкес басқа да іс-әрекеттер жасаған кезде ресімделетін актілердің, қолхаттардың және басқа да құжаттардың үлгілерін белгілейді.
Адамдарды, жануарларды, мүліктерді, адамдардың мәйіттерін тапсыруды шекаралық өкілдер, олардың орынбасарлары мен көмекшілері жүзеге асыра алады.
9-бап
1. Осы Келісімге сәйкес өз міндеттерін орындау үшін шекаралық өкілдер, олардың орынбасарлары, көмекшілері, хатшылары мен сарапшылары ол үшін белгіленген пункттерде немесе келісілген жерлерде мемлекеттік шекарадан өтеді.
2. Шекаралық өкілдер, олардың орынбасарлары және көмекшілері жазбаша өкілеттік (1, 2 қосымшалар) негізінде мемлекеттік шекарадан өтеді.
3. Хатшылар куәлік (үлгісі - 3-қосымша) негізінде мемлекеттік шекарадан өтеді.
4. Сарапшылар және бірлесіп жұмыс жасау үшін тартылған басқа да адамдар шекараның екі жағына да өтуге арналған бір жолғы куәліктер (4-қосымша) негізінде мемлекеттік шекарадан өтеді.
5. Мәжілістерде шекаралық өкілдердің уағдаластығы бойынша шекаралық өкілдер көмекшілерінің өкілеттіктеріне, хатшылар мен қызмет көрсетуші персоналдың куәліктеріне қол қою жүзеге асырылады.
6. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес шекарадан өтуге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан жағдайда, олардың иелері шұғыл түрде өз мемлекетінің шекаралық өкілдеріне мәлімдеуі тиіс, ол шектес мемлекеттің шекаралық өкіліне болған жағдай туралы хабар береді.
10-бап
1. Шекаралық өкілдерге, олардың орынбасарларына, көмекшілеріне, хатшылары мен сарапшыларына осы Келісімге сәйкес өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде екінші Тарап мемлекетінің аумағында жеке басына қол сұғылмаушылығына, сондай-ақ оларға жүктелген міндеттердің орындалуына қажетті құжаттарына және мүлкіне қол сұғылмайтындығына кепілдік беріледі.
Жоғарыда көрсетілген лауазымды тұлғалар екінші Тарап мемлекетінің аумағында белгіленген киім нысанын киюге, өзімен бірге Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында көзделген нормаларға сәйкес, бажсыз және салықтар мен алымдар салынбайтын жеке пайдаланатын тауарларын (кейін сатылмайтын) алып жүре алады.
2. Әрбір Тарап осы Келісімді өз аумағында орындауға байланысты шығындарды көтереді және де мәжілістерді немесе кездесулерді өткізудегі шығындарды, оларды аумағында өткізетін Тарап көтереді.
11-бап
Шекаралық өкілдер төмендегідей ақпаратты:
мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп ету фактілері туралы;
мемлекеттік шекара арқылы қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, құнды заттар мен валюталардың, радиоактивтік заттардың контрабандасын заңсыз өткізумен айналысатын адамдардың іс-әрекеті туралы;
әрбір Тарап мемлекеттің қауіпсіздігіне және мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін ықтимал іс-әрекеттер туралы, сондай-ақ шекаралық қақтығыстардың алдын алу жөніндегі қабылданған шаралар туралы;
мемлекеттік шекара тәртібін қамтамасыз етуге әсерін тигізетін басқа да мәселелер жөнінде ақпарат алмасады.
12-бап
Шекаралық өкілдер шекаралық қақтығыстарды болдырмау жөніндегі ынтымақтастықты жүзеге асырады, шекаралық қақтығыстарды тергейді және оларды шешеді, оның ішінде:
мемлекеттік шекара арқылы адамдарға және аумақтарға қарай атыс жүргізу, сонымен бірге адамдардың қаза табуына немесе жарақат алуына, мүліктің бүлінуіне және басқа да ауыр салдарға душар ететін жағдайлар;
адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуі;
жүзу құралдарымен және ұшатын аппараттармен мемлекеттік шекараны бұзу;
контрабандаларды мемлекеттік шекара арқылы өткізу;
Тараптар мемлекеттерінің шекаралық ведомстволарының лауазымды тұлғалары қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік шекарадан аңдаусызда өтуі;
табиғат апатына немесе өзге де жағдайларға байланысты екінші Тарап мемлекетінің аумағында пайда болған мүліктерді табу;
шекаралық белгілерді және басқа да шекаралық құрылыстарды өз бетімен немесе кездейсоқ жылжыту, бүлдіру немесе қирату;
үй жануарларының мемлекеттік шекара арқылы өтуі;
өрттің мемлекеттік шекара арқылы тарауы;
Тараптардың мемлекеттік мүддесіне нұқсан келтіретін, бірақ дипломатиялық арналар бойынша шешуді талап етпейтін мемлекеттік шекара тәртібін бұзудың басқа да заңсыздықтары.
13-бап
1. Шекаралық өкілдер осы Келісімнің 12-бабында көрсетілген шекаралық қақтығыстардың мән-жайын айқындауды келісілген тәртіппен жүргізеді. Шекаралық қақтығыстарды бірлесіп тергеу аумағында шекаралық қақтығыс болған шекаралық өкілдің басшылығымен жүзеге асырылады.
2. Шекаралық қақтығыстарды бірлесіп тергеудің нәтижелері туралы акті, ал қажет болған жағдайда, мәжілістің хаттамасына қосымша ретінде қоса берілетін басқа да құжаттар жасалады.
3. Шекаралық өкілдер, осы Келісіммен оларға берілген өкілеттік шеңберінде, екінші Тараптың аумағында табылған үй жануарларын, мүліктерді қайтару мәселелерін шешеді.
4. Шекаралық қақтығыстарды бірлесіп тергеу, құқық қорғау органдарының құзырына жататын іс-қимылдардың орнын ауыстыра алмайды.
5. Реттелуіне қтысты шекаралық өкілдер келісімге келе алмаған шекаралық қақтығыстар дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.
14-бап
1-4 қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады. Тараптар, осы Келісімнің 17-бабына сәйкес, аталған қосымшаларға өзгерістер енгізу туралы бір-біріне дипломатиялық арналар бойынша хабарлайды.
15-бап
Осы Келісім Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы қатысушылары болып табылатын басқа да қолданыстағы халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
16-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер арқылы шешілетін болады.
17-бап
Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерстер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді.
18-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғандығы туралы Тараптардың бірінің соңғы жазбаша хабарламасындағы күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалды және егер Тараптардың бірі осы Келісімнің қолданыста болу мерзімі аяқталардан алты ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тарапқа жазбаша нысанда хабарламаса, келесі бесжылдық кезеңдерге өздігінен ұзартылатын болады.
Астана қаласында 2001 жылғы 15 желтоқсанда әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды, және мде барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге қатысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қырғыз Республикасының Үкіметі
арасындағы шекаралық өкілдердің
қызметі туралы келісімге
№ 1-қосымша
ШЕКАРАЛЫҚ ӨКІЛДЕР МЕН ОЛАРДЫҢ
ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
Мұқаба - Мемлекеттік елтаңба және мемлекеттің атауы
1-бет - ӨКІЛЕТТІК
2-бет -
3-бет - Фотосурет, мөр, иесінің қолы
4-бет Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы _____ жылғы " ______ " ___________ келісімнің негізінде
____________________________________________________
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан-Қырғыз шекарасының _____________________ бойынша
(учаске атауы)
___________________________ шекаралық өкілі (шекаралық өкілдің орынбасары) (мемлекеттің атауы)
____________________________________________________
(атағы, тегі)
болып тағайындалды.
Жоғарыда аталған Келісімде көзделген міндеттерді орындау үшін уәкілеттік берілді және осыған байланысты Қазақстан-Қырғыз шекарасынан өтуге және _______________________ шекаралық алқабында болуға құқылы. (мемлекеттің атауы)
_____________________________________________________
_____________________________________________________
(өкілеттік қол қоюға құқы бар лауазымды адамның аты)
_____________________________________________________
(атағы, тегі, қолы)
Мөрдің орны
______ жылғы «____» ________________
5-бет - 4 беттің мәтіні ____________ тілінде
6-бет -
7-бет -
8-бет -
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қырғыз Республикасының Үкіметі
арасындағы шекаралық өкілдердің
қызметі туралы келісімге
№ 2-қосымша
ШЕКАРАЛЫҚ ӨКІЛДІҢ КӨМЕКШІСІНІҢ ӨКІЛЕТТІГІ
Мұқаба - Мемлекеттік елтаңба және мемлекеттің атауы
1-бет - ӨКІЛЕТТІК
2-бет -
3-бет - Фотосурет, мөр, иесінің қолы
4-бет Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы ______ жылғы "______" ____________ келісімнің негізінде
____________________________________________________
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан-Қырғыз шекарасының _____________________ бойынша
(учаске атауы)
______________________________
(мемлекеттің атауы)
шекаралық өкілінің көмекшісі болып тағайындалды.
_____________________________________________________
(атағы, тегі)
Жоғарыда аталған Келісімде көзделген міндеттерді орындау үшін уәкілеттік берілді және осыған байланысты Қазақстан-Қырғыз шекарасынан өтуге және ____________________ шекаралық алқабында болуға құқылы. (мемлекеттің атауы)
ШЕКАРАЛЫҚ ӨКІЛ
____________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
_____________________________________________________
(атағы, тегі, қолы)
Мөрдің орны
_____ жылғы «____» ________________
5-бет - 4 беттің мәтіні ____________ тілінде
6-бет -
7-бет -
8-бет -
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қырғыз Республикасының Үкіметі
арасындағы шекаралық өкілдердің
қызметі туралы келісімге
№ 3-қосымша
ХАТШЫНЫҢ КУӘЛІГІ
Мұқаба - Мемлекеттік елтаңба және мемлекеттің атауы
1-бет - ӨКІЛЕТТІК
2-бет -
3-бет - Фотосурет, мөр, иесінің қолы
4 бет Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы _____ жылғы "____" _______________ келісімнің негізінде
________________________________________________
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан-Қырғыз шекарасының _________________ бойынша
(учаскенің атауы)
___________________________
(мемлекеттің атауы) шекаралық өкілінің ______________ болып
(лауазымы)
табылады және Қазақстан-Қырғыз шекарасынан өтуге және
______________________ шекаралық алқабында болуға құқылы.
(мемлекеттің атауы)
ШЕКАРАЛЫҚ ӨКІЛ
____________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
____________________________________________________
(атағы, тегі, қолы)
Мөрдің орны
_______ жылғы «___» ______________
5-бет - 4 беттің мәтіні __________ тілінде
6-бет -
7-бет -
8-бет -
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қырғыз Республикасының Үкіметі
арасындағы шекаралық өкілдердің
қызметі туралы келісімге
№ 4-қосымша
ЕКІ ЖАҚҚА ДА ШЕКАРАДАН БІР ЖОЛҒЫ ӨТУГЕ АРНАЛҒАН КУӘЛІК
Мүқаба - Мемлекеттік елтаңба және мемлекеттің атауы
1-бет - Қазақстан-Қырғыз шекарасынан бір жолғы өтуге арналған КУӘЛІК
2-бет Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы _____ жылғы "____" ______________________ келісімнің негізінде
__________________________________________________________
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан-Қырғыз шекарасының екі жағына да өтуге және ________________________ шекаралық алқабында болуға құқылы.
(мемлекеттің атауы)
Иесінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жарамды.
______ жылғы «_____»
______ жылғы «_____» дейін жарамды.
ШЕКАРАЛЫҚ ӨКІЛ
__________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
___________________________________________________
(атағы, тегі, қолы)
Мөрдің орны
_______ жылғы «_____»
3-бет - 4 беттің мәтіні ___________ тілінде
4-бет -
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Келісімнің қырғыз тіліндегі мәтіні берілген.