О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1198 "Об утверждении Правил привлечения иностранных работников в государственные органы Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 405.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1198 "Об утверждении Правил привлечения иностранных работников в государственные органы Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 89-90, ст. 635) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах привлечения иностранных работников в государственные органы Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) уполномоченные государственные органы – государственные органы Республики Казахстан в сфере государственного планирования, труда, инвестиций и развития;";

      пункт 5 исключить;

      дополнить пунктами 5-1, 5-2, 5-3 следующего содержания:

      "5-1. Государственные органы Республики Казахстан устанавливают должности иностранных работников и квалификационные требования к ним и направляют их на согласование в уполномоченные государственные органы по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      5-2. Уполномоченные государственные органы в течение десяти рабочих дней рассматривают и согласовывают представленные государственными органами Республики Казахстан должности иностранных работников либо отказывают в их согласовании при несоответствии показателям, изложенным в приложении 2 к настоящим Правилам.

      Государственные органы Республики Казахстан в течение пяти рабочих дней со дня получения результатов согласования вносят в уполномоченный орган по делам государственной службы предложения об установлении должностей иностранных работников с приложением согласования уполномоченных государственных органов.

      5-3. Уполномоченный орган по делам государственной службы в течение пяти рабочих дней со дня получения предложений об установлении должностей иностранных работников в установленном порядке обобщает их с последующим направлением на рассмотрение уполномоченной комиссии.

      В случае положительного решения уполномоченной комиссии, государственные органы Республики Казахстан в течение пяти рабочих дней устанавливают должности иностранных работников и квалификационные требования, предъявляемые к иностранным работникам.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Служба управления персоналом (кадровая служба) государственного органа Республики Казахстан рассматривает представленные документы на соответствие установленным квалификационным требованиям к соответствующей должности иностранного работника и, в случае их соответствия, в течение пяти рабочих дней со дня принятия документов, указанных в пункте 7 Правил, формирует материалы, необходимые для проведения обязательной специальной проверки, и направляет их в органы национальной безопасности Республики Казахстан.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Ответственный секретарь центрального исполнительного органа или должностное лицо, на которого в установленном порядке возложены соответствующие полномочия, а в случаях отсутствия ответственного секретаря или указанного должностного лица, – руководитель государственного органа назначает иностранного работника на должность, установленную государственным органом по согласованию с уполномоченной комиссией, и заключает с иностранным работником трудовой договор на срок не более одного года, содержащий поставленные перед ним задачи.";

      дополнить пунктами 15, 16 и 17 следующего содержания:

      "15. Государственные органы Республики Казахстан не позднее двух месяцев до истечения срока трудового договора, заключенного с иностранным работником, направляют в уполномоченные государственные органы информацию о результатах деятельности иностранных работников.

      В случае заключения трудового договора на срок менее одного года, информация о результатах деятельности иностранных работников направляется в уполномоченные государственные органы в течение десяти рабочих дней со дня окончания трудового договора, заключенного с иностранным работником.

      16. Уполномоченные государственные органы в течение десяти рабочих дней со дня получения информации о результатах деятельности иностранного работника, направленной государственными органами Республики Казахстан, рассматривают ее, по результатам которой дают заключения о деятельности иностранного работника в соответствии с показателями, предусмотренными приложением 2 к настоящим Правилам, и направляют их в уполномоченный орган по делам государственной службы.

      17. Уполномоченный орган по делам государственной службы обобщает заключения уполномоченных государственных органов о деятельности иностранных работников и направляет итоговое заключение на рассмотрение в уполномоченную комиссию в течение пяти рабочих дней.

      По итогам рассмотрения информации о результатах деятельности иностранных работников и положительного решения уполномоченной комиссии трудовой договор может быть продлен на срок не более одного года.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Приложение 1
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 30 июня 2017 года № 405
  Приложение 1
к Правилам привлечения
иностранных работников в
государственные органы
Республики Казахстан
  Форма

Должности и квалификационные требования, предъявляемые к иностранным работникам

      ___________________________________________________________________

      (наименование государственного органа Республики Казахстан)

№ п/п

Наименование должности

Квалификационные требования*

Обоснование

1




      _______________________________________________________________________

      (руководитель государственного органа Республики Казахстан)

      * квалификационные требования к должностям иностранных работников конкретизируют требования к квалификации и опыту работы в областях, соответствующих функциональным направлениям конкретной должности.

  Приложение 2
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 30 июня 2017 года № 405
  Приложение 2
к Правилам привлечения
иностранных работников в
государственные органы
Республики Казахстан
  Форма

Согласование должностей иностранных работников

№ п/п

Наименование должности и квалификационные требования

Показатели

Соответствует/не соответствует

Обоснование

1

2

3

4

5

1


актуальность и приоритетность направления развития страны или отдельных регионов



отсутствие в стране соответствующих кадров по необходимым отраслям и сферам либо недостаточная квалификация имеющихся кадров



обеспечение доступа к передовым мировым технологиям либо передача современных специальных знаний





повышение эффективности организации и культуры труда государственного аппарата



повышение конкурентоспособности конкретной отрасли страны или отдельных регионов



очевидность и предсказуемость возврата от средств, затраченных на оплату труда иностранных работников



      ____________________________________________________________

      (руководитель уполномоченного государственного органа Республики Казахстан)

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1198 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 405 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 89-90, 635-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) уәкілетті мемлекеттік органдар – мемлекеттік жоспарлау, еңбек, инвестициялар және даму саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;";

      5-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, 5-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шетелдік жұмыскерлердің лауазымдарын және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді және оларды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.

      5-2. Уәкілетті мемлекеттік органдар он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ұсынған шетелдік жұмыскерлердің лауазымдарын қарайды және келіседі не осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған көрсеткіштерге сай келмеген кезде оларды келісуден бас тартады.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары келісу нәтижелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға уәкілетті мемлекеттік органдардың келісуін қоса бере отырып, шетелдік жұмыскерлердің лауазымдарын белгілеу туралы ұсыныстар енгізеді.

      5-3. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыскерлердің лауазымдарын белгілеу туралы ұсыныстарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде белгіленген тәртіппен оларды жинақтап, кейіннен уәкілетті комиссияның қарауына жібереді.

      Уәкілетті комиссияның оң шешімін алған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бес жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыскерлердің лауазымдарын және шетелдік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) ұсынылған құжаттарды шетелдік жұмыскердің тиісті лауазымға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар сәйкес келген жағдайда Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарды қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына жібереді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәртіппен тиісті өкілеттіктер жүктелген лауазымды адамы, ал жауапты хатшы немесе көрсетілген лауазымды адам болмаған жағдайларда – мемлекеттік органның басшысы шетелдік жұмыскерді мемлекеттік орган уәкілетті комиссиямен келісу бойынша белгілеген лауазымға тағайындайды және шетелдік жұмыскермен бір жылдан аспайтын мерзімге, оның алдына қойылған міндеттерді қамтитын еңбек шартын жасасады.";

      мынадай мазмұндағы 15, 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:

      "15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шетелдік жұмыскермен жасалған еңбек шартының мерзімі өткенге дейін екі айдан кешіктірмей уәкілетті мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлер қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты жібереді.

      Еңбек шарты бір жылдан аз мерзімге жасалған жағдайда шетелдік жұмыскерлер қызметінің нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскермен жасалған еңбек шарты аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      16. Уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген шетелдік жұмыскер қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарап, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген көрсеткіштерге сәйкес шетелдік жұмыскерлердің қызметі туралы қорытындыны береді және оны мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      17. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлердің қызметі туралы қорытындыларын жинақтайды және соңғы қорытындыны бес жұмыс күні ішінде уәкілетті комиссияның қарауына жібереді.

      Шетелдік жұмыскерлер қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты қарау және уәкілетті комиссияның оң шешімінің қорытындылары бойынша еңбек шарты бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 405 қаулысына
1-қосымша
 
  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту
қағидаларына
1-қосымша
 
  Нысан

Лауазымдар мен шетелдік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары

      _________________________________________

      (Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының атауы)

Р/с №

Лауазымның атауы

Біліктілік талаптары*

Негіздеме

1





      ___________________________

      (Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының басшысы)

      * шетелдік жұмыскерлердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда біліктілікке және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарды нақтылайды.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 405 қаулысына
2-қосымша
 
  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту
қағидаларына
2-қосымша
 
  Нысан

Шетелдік жұмыскерлердің лауазымдарын келісу


Р/с №

Лауазымның атауы және біліктілік талаптары

Көрсеткіштер

Сәйкес келеді/сәйкес келмейді
 

Негіздеме

1

2

3

4

5

1


елдің немесе жекелеген өңірлердің даму бағытының өзектілігі мен басымдығы



елде қажетті салалар және қызмет салалары бойынша тиісті кадрлардың болмауы не бар кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіздігі



озық әлемдік технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету не заманауи арнайы білім беру



мемлекеттік аппараттың еңбекті ұйымдастыру тиімділігін және мәдениетін арттыру



елдің немесе жекелеген өңірлердің нақты салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру





шетелдік жұмыскерлерге еңбекақы төлеуге жұмсалған қаражатты қайтару анықтығы мен болжамдылығы



      ___________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының басшысы)