О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 111 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 2017 года № 412. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 895.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.12.2018 № 895.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 111 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 26, ст. 363) следующие изменения:

      в Типовых правилах приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 33 изложить в следующей редакции:

      "33. Лица, получившие по творческому экзамену менее 5 баллов (лица, имеющие документы об общем среднем (среднем общем) или техническом и профессиональном, послесреднем образовании) или менее 5 баллов (лица, поступающие на родственные специальности по сокращенным образовательным программам с ускоренным сроком обучения), или не явившиеся на него, к КТ для поступления и участия в конкурсе на присуждение образовательного заказа (образовательного гранта) по данной специальности не допускаются.";

      пункт 43 изложить в следующей редакции:

      "43. В национальные высшие учебные заведения на платное обучение зачисляются выпускники организаций образования, реализующих образовательные программы общего среднего (среднего общего) образования или технического и профессионального (начального и среднего профессионального), послесреднего образования, прошедшие ЕНТ или КТ, набравшие по результатам тестирования не менее 65 баллов, а по группам специальностей "Образование", "Сельскохозяйственные науки" и "Ветеринария" - не менее 60 баллов, в другие высшие учебные заведения – не менее 50 баллов, а по специальности "Общая медицина" – не менее 65 баллов, в том числе не менее 5-ти баллов - по истории Казахстана, математической грамотности, грамотности чтения – язык обучения, и не менее 5-ти баллов по каждому профильному предмету, за исключением поступающих на специальности, требующие сдачи творческих экзаменов.

      В высшие учебные заведения на платное обучение зачисляются выпускники организаций образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования, поступающие на родственные специальности по сокращенным образовательным программам с ускоренным сроком обучения, прошедшие КТ, набравшие по результатам тестирования не менее 35 баллов, в том числе не менее 5-ти баллов по общепрофильной дисциплине и не менее 5-ти баллов по профилирующей дисциплине, за исключением поступающих на специальности, требующие сдачи творческих экзаменов.

      В национальные высшие учебные заведения на платное обучение по специальностям, требующим сдачи творческих экзаменов, зачисляются выпускники организаций общего среднего (среднего общего) образования или выпускники организаций образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального (начального и среднего профессионального), послесреднего образования, прошедшие ЕНТ или КТ, набравшие по результатам тестирования и творческого экзамена не менее 65 баллов, а по группе специальностей "Образование" не менее – 60 баллов, в другие высшие учебные заведения – не менее 50 баллов, в том числе не менее 5-ти баллов – по истории Казахстана, грамотности чтения – язык обучения, и не менее 5-ти баллов по каждому творческому экзамену (для поступающих на родственные специальности по сокращенным образовательным программам с ускоренным сроком обучения – не менее 35 баллов, в том числе не менее 5-ти баллов по творческому экзамену и не менее – 5-ти баллов по профилирующей дисциплине).

      Лица, набравшие пороговый балл, установленный в настоящем пункте по результатам ЕНТ или КТ, предусмотренных пунктом 8 настоящих Типовых правил, подают заявление на имя руководителя высшего учебного заведения о зачислении в высшее учебное заведение на платной основе.

      К заявлению прилагаются сертификат ЕНТ или КТ, копия транскрипта, подписанного уполномоченным лицом и скрепленного печатью.";

      в приложении 2:

      в форме проведения специальных и (или) творческих экзаменов:

      в разделе: "Специальности, требующие сдачи творческих экзаменов":

      строку:

      "

1

2

3

4

      "

      изложить в следующей редакции:

      "

1

2

3*

4

      ".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования. 

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 412 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 363-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Шығармашылық емтихан бойынша 5-тен төмен балл (жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттары бар адамдар) немесе 5-тен төмен балл алған (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар) немесе емтиханға келмеген адамдарға осы мамандыққа түсу үшін КТ-ге және білім тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына қатысуға рұқсат етілмейді.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал "Білім беру", "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" және "Ветеринария" мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал "Жалпы медицина" мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

      Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

      Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілер ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал "Білім беру" мамандықтары тобы бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін – кемінде 35 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған) бітірушілері қабылданады.

      Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы тармақта белгіленген шекті балды жинаған адамдар жоғары оқу орны басшысының атына ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді.

      Өтінішке ҰБТ немесе КТ сертификаты, уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.";

      2-қосымшада:

      арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысанында:

      "Шығармашылық емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар" деген бөлімде:

      мына:

      "

1

2

3

4

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

2

3*

4

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев