Об утверждении Правил согласования объемов внешних займов квазигосударственного сектора

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 601. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2023 года № 492.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.06.2023 № 492 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 17.04.2018 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 199 Бюджетного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула – в редакции постановления Правительства РК от 06.12.2022 № 983 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила согласования объемов внешних займов квазигосударственного сектора.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 17.04.2018 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 28 сентября 2017 года № 601

Правила согласования объемов внешних займов квазигосударственного сектора

      Сноска. Правила в редакции постановления Правительства РК от 17.04.2018 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила согласования объемов внешних займов квазигосударственного сектора разработаны в соответствии со статьей 199 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок согласования объемов внешних займов квазигосударственного сектора в рамках ограничений, установленных Концепцией управления государственными финансами Республики Казахстан до 2030 года, за исключением сделок по внутригрупповому финансированию и негосударственных займов, обеспеченных государственной гарантией.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления Правительства РК от 06.12.2022 № 983 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Согласование объемов внешних займов квазигосударственного сектора осуществляется посредством определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора в порядке, установленном центральным уполномоченным органом по государственному планированию по согласованию с центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета, с учетом рекомендаций Комиссии по вопросам определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора при уполномоченном органе по государственному планированию (далее – Комиссия), создаваемой уполномоченным органом по государственному планированию.

      Предложения об объемах внешних займов квазигосударственного сектора на планируемый период направляются в Аппарат Правительства Республики Казахстан центральным уполномоченным органом по государственному планированию после получения рекомендаций Комиссии в течение пяти рабочих дней.

      Предложения об объемах внешнего заимствования квазигосударственного сектора выносятся на заседание Правительства Республики Казахстан в порядке, установленном Регламентом Правительства Республики Казахстан, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 355.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции постановления Правительства РК от 06.12.2022 № 983 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 17.03.2023 № 236 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Перечень субъектов квазигосударственного сектора, в отношении которых определяется предельный объем внешнего долга, утверждается центральным уполномоченным органом по государственному планированию

      4. Центральный уполномоченный орган по государственному планированию утверждает согласованный с Правительством Республики Казахстан предельный объем внешнего долга квазигосударственного сектора на планируемый финансовый год.

      Сноска. Пункт 4 – в редакции постановления Правительства РК от 06.12.2022 № 983 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Допускается корректировка утвержденного предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора в случае изменения бюджетных параметров или на основании скорректированных планов заимствования квазигосударственного сектора.

      6. Субъекты квазигосударственного сектора обеспечивают исполнение своих обязательств в рамках внешнего заимствования самостоятельно.

Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 492 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.06.2023 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.12.2022 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 601 қаулысымен
бекітілген

Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1. Осы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес әзірленді және топішілік қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді және мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында белгіленген шектеулер шеңберінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.12.2022 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган құратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жанындағы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдарын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау арқылы жүзеге асырылады.

      Квазимемлекеттік сектордың жоспарланатын кезеңге арналған сыртқы қарыздарының көлемі туралы ұсыныстарды Комиссияның ұсынымдарын алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жібереді.

      Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыз алу көлемі туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына шығарылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.12.2022 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісілген квазимемлекеттік сектордың жоспарланатын қаржы жылына арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекітеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.12.2022 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Бюджет параметрлері өзгерген жағдайда немесе квазимемлекеттік сектордың түзетілген қарыз алу жоспарлары негізінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының бекітілген шекті көлемін түзетуге жол беріледі.

      6. Квазимемлекеттік сектор субъектілері өз міндеттемелерін орындауды сыртқы қарыз алу шеңберінде дербес қамтамасыз етеді.