О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729 "Об утверждении Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2017 года № 829. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2021 года № 375,

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.06.2021 № 375.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729 "Об утверждении Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 47-48, ст. 444) следующие изменение и дополнение:

      в Правилах организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 314 изложить в следующей редакции:

      "314. Закуп способом из одного источника осуществляется единым дистрибьютором в следующих случаях:

      1) при признании двухэтапного тендера в целом или по какому-либо его лоту несостоявшимся;

      2) при поступлении дополнительной заявки от заказчиков в сторону увеличения объема лекарственных средств, изделий медицинского назначения, а также при закупе для формирования или пополнения неснижаемого запаса в том же финансовом году;

      3) когда победитель двухэтапного тендера и потенциальный поставщик, занявший второе место, (при наличии) не подписали в установленные сроки договор поставки;

      4) при расторжении договора поставки ввиду неисполнения, ненадлежащего исполнения поставщиком своих обязательств по договору поставки или долгосрочного договора поставки;

      5) при закупе у потенциального поставщика - иностранного производителя (завода-изготовителя) или отечественного товаропроизводителя лекарственных средств, изделий медицинского назначения, не имеющих зарегистрированных в Республике Казахстан аналогов по международному непатентованному наименованию (составу) и (или) характеристике (далее – товары, не имеющие аналогов);

      6) при закупе через международные организации, учрежденные Генеральной ассамблеей Организации Объединенных Наций, по согласованию с уполномоченным органом в области здравоохранения, на основании международных договоров (соглашений), ратифицированных Республикой Казахстан, а также международных договоров, подписанных в их реализацию;

      7) при закупе лекарственных средств и изделий медицинского назначения и (или) фармацевтических услуг до девяностодневной потребности от их общего годового объема, в случае, когда подведение итогов двухэтапного тендера переходит на 2018 год.";

      главу 16 дополнить параграфом 8-1 следующего содержания:

      "Параграф 8-1. Порядок закупа способом из одного источника лекарственных средств и изделий медицинского назначения и (или) фармацевтических услуг до девяностодневной потребности от их общего годового объема, в случае, когда подведение итогов двухэтапного тендера переходит на 2018 год

      340-1. В случае, когда в соответствии с установленным настоящими Правилами порядком подведение итогов двухэтапного тендера переходит на 2018 год, единый дистрибьютор вправе закупить лекарственные средства и изделия медицинского назначения и (или) фармацевтические услуги до девяностодневной потребности от их общего годового объема способом из одного источника.

      340-2. Общий годовой объем лекарственных средств и изделий медицинского назначения и (или) фармацевтических услуг объявляемого двухэтапного тендера уменьшается на соответствующий объем лекарственных средств и изделий медицинского назначения и (или) фармацевтических услуг, закупаемых способом из одного источника.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 829 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.06.2020 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:

      314-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "314. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды бірыңғай дистрибьютор мынадай жағдайларда:

      1) екі кезеңдік тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты бойынша өткізілмеді деп танылған кезде;

      2) тапсырыс берушілерден дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін ұлғайту жағына қарай қосымша өтінім келіп түскен кезде, сондай-ақ сол қаржы жылы төмендемейтін қорды қалыптастыру және толықтыру үшін сатып алу кезінде;

      3) екі кезеңдік тендердің жеңімпазы және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (бар болса) белгіленген мерзімде өнім беру шартына қол қоймағанда;

      4) өнім беру шарты немесе берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша өнім берушінің өз міндеттемелерін орындамауына, тиісінше орындамауына байланысты өнім беру шарты бұзылған кезде;

      5) халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және (немесе) сипаттамасы бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды (бұдан әрі – аналогтары жоқ тауарлар) әлеуетті өнім беруші – шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) немесе отандық тауар өндірушіден сатып алу кезінде;

      6) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алу кезінде;

      7) екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін сатып алу кезінде жүзеге асырады.";

      16-тарау мынадай мазмұндағы 8-1-параграфпен толықтырылсын:

      "8-1-параграф. Екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін бір көзден сатып алу тәсілінің тәртібі.

      340-1. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайда бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін бір көзден сатып алу тәртібімен сатып алуға құқылы.

      340-2. Хабарландыру берілетін екі кезеңдік тендердің дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық қызметтердің жалпы жылдық көлемі бір көзден сатып алу тәртібімен сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің тиісті көлеміне азаяды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев