О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 "О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2018 года № 155

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 "О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 "О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 24, ст. 173) следующие изменения:

      в Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы, утвержденной вышеназванным Указом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Оценка эффективности проводится уполномоченными на проведение оценки органами (далее - уполномоченные на оценку органы), определенными пунктом 10 настоящей Системы.";

      в пункте 10:

      подпункт 7) изложить в следующей редакции:

      "7) уполномоченный орган в сфере информатизации.";

      подпункт 8) исключить;

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Оценка эффективности по данному блоку осуществляется уполномоченным органом по делам государственной службы, уполномоченным органом по государственной правовой статистике и ведению специальных учетов и уполномоченным органом в сфере информатизации.

      Сопровождение проведения оценки качества оказания государственных услуг в электронном формате осуществляется юридическим лицом, определяемым Правительством Республики Казахстан, на которое возложены функции по методологическому обеспечению развития архитектуры "электронного правительства" и типовой архитектуры "электронного акимата" (далее - сервисный интегратор "электронного правительства").";

      пункт 35 изложить в следующей редакции:

      "35. Оценка эффективности по данному блоку осуществляется уполномоченным органом по делам государственной службы и уполномоченным органом в сфере информатизации.

      Сопровождение проведения оценки эффективности деятельности государственных органов по применению информационных технологий осуществляется сервисным интегратором "электронного правительства".";

      пункт 38 изложить в следующей редакции:

      "38. Заключение о результатах оценки управления персоналом вносится в уполномоченный орган в сфере информатизации.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
Н. Назарбаев

"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 155 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тиімділікті бағалауды осы Жүйенің 10-тармағында айқындалған бағалау жүргізуге уәкілеттік берілген органдар (бұдан әрі - бағалауға уәкілетті органдар) жүргізеді.";

      10-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган.";

      8) тармақша алып тасталсын;

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Осы блок бойынша тиімділікті бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізуді сүйемелдеуді "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға (бұдан әрі - "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы) жүзеге асырады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Осы блок бойынша тиімділікті бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді сүйемелдеуді "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы жүзеге асырады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Персоналды басқаруды бағалау нәтижелері туралы қорытынды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға енгізіледі.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев