О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 "Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на территорию Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2018 года № 175.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 "Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на территорию Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 29, ст. 388) следующее изменение:

      в Правилах въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 26-1 изложить в следующей редакции:

      "26-1. Для граждан Китайской Народной Республики (далее – КНР) и Республики Индия (далее – РИ), следующих транзитом через международные аэропорты городов Астаны и Алматы, действует семидесяти двухчасовой безвизовый режим въезда, пребывания и выезда из Республики Казахстан до 23.59 часов 31 декабря 2018 года.

      Семидесяти двухчасовой безвизовый режим, предусмотренный настоящим пунктом, действует для граждан КНР и РИ, следующих транзитом казахстанскими авиакомпаниями в третьи страны через международные аэропорты городов Астаны и Алматы, при наличии действующих авиабилетов казахстанских авиакомпаний.

      Граждане КНР и РИ, использующие семидесяти двухчасовой безвизовый режим, регистрируются Пограничной службой Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в пунктах пропуска через Государственную границу Республики Казахстан, которым выдаются миграционные карточки с указанием времени пересечения Государственной границы Республики Казахстан.

      Казахстанские авиакомпании представляют список граждан КНР и РИ, следующих транзитом и использующих семидесяти двухчасовой безвизовый режим, в Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и Министерство внутренних дел Республики Казахстан до прибытия рейса в международные аэропорты городов Астаны и Алматы.

      В случаях нарушения гражданами КНР и РИ семидесяти двухчасового безвизового режима, предусмотренного настоящим пунктом, расходы по выезду несут выдворяемые иммигранты. При отсутствии либо недостаточности средств у названных лиц казахстанские авиакомпании, доставившие указанных лиц, организуют выезд за собственные средства.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 175 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:

      26-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-1. Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) және Үндістан Республикасының (бұдан әрі – ҮР) азаматтары үшін 2018 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 23.59 дейін Қазақстан Республикасына кірудің, онда болудың, одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимі қолданылады.

      Осы тармақта көзделген жетпіс екі сағаттық визасыз режим қазақстандық авиакомпаниялармен Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы үшінші елдерге транзитпен өтетін ҚХР және ҮР азаматтарына оларда қазақстандық авиакомпаниялардың жарамды авиабилеттері болған жағдайда қолданылады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және ҮР азаматтарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде тіркейді, оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты көрсетілген көші-қон карточкасы беріледі.

      Қазақстандық авиакомпаниялар транзитпен өтетін және жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және ҮР азаматтарының тізімін рейс Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларына келгенге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне береді.

      ҚХР және ҮР азаматтары осы тармақта көзделген жетпіс екі сағаттық визасыз режимді бұзған жағдайда, кету бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін иммигранттар төлейді. Аталған адамдардың қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған кезде көрсетілген адамдарды жеткізген қазақстандық авиакомпаниялар кетуді өз қаражат есебінен ұйымдастырады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев