О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2016 года № 802 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан и ее распределение между регионами Республики Казахстан, определении перечней отраслей экономики, в рамках которых осуществляется внутрикорпоративный перевод, и лиц, для осуществления трудовой деятельности которых не требуется разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 апреля 2018 года № 189. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2023 года № 1041.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.11.2023 № 1041 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2016 года № 802 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан и ее распределение между регионами Республики Казахстан, определении перечней отраслей экономики, в рамках которых осуществляется внутрикорпоративный перевод, и лиц, для осуществления трудовой деятельности которых не требуется разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 63, ст. 416) следующие изменение и дополнения:

      в приложении 2 к указанному постановлению:

      в перечне лиц, для осуществления трудовой деятельности которых не требуется разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы:

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Работающие первыми руководителями филиалов или представительств иностранных юридических лиц, а также первыми руководителями казахстанских юридических лиц и их заместителями со стопроцентной долей иностранного участия в их уставном капитале.";

      дополнить пунктами 19 и 20 следующего содержания:

      "19. Работающие в национальном управляющем холдинге на должностях не ниже руководителей структурных подразделений с высшим образованием с подтвержденными документами в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      20. Привлекаемые для работы в качестве членов совета директоров национального управляющего холдинга.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 189 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2023 № 1041 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 416-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесінде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдік жүз пайыз қатысу үлесі бар қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары мен оның орынбасарлары болып жұмыс істейтіндер.";

      мынадай мазмұндағы 19 және 20-тармақтармен толықтырылсын:

      "19. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқарушы холдингте құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтіндер.

      20. Ұлттық басқарушы холдингтің директорлар кеңесінің мүшелері ретінде жұмысқа тартылатындар.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев