О создании некоммерческого акционерного общества "Центр Н. Назарбаева по развитию межконфессионального и межцивилизационного диалога" и реорганизации отдельных подведомственных организаций Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2019 года № 226.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать некоммерческое акционерное общество "Центр Н. Назарбаева по развитию межконфессионального и межцивилизационного диалога" (далее – общество) со стопроцентным участием государства в его уставном капитале.

      2. Определить основным предметом деятельности общества продвижение на международном уровне инициатив Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы по сохранению и обеспечению межконфессионального и межцивилизационного диалога, изучение ситуации в религиозной сфере, обеспечение организации комплексной экспертизы объектов религиоведческой экспертизы, а также популяризации идей Съезда лидеров мировых и традиционных религий.

      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правительства РК от 29.04.2020 № 253.

      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством информации и общественного развития Республики Казахстан (далее – Министерство) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) формирование уставного капитала общества в размере 126 250 000 (сто двадцать шесть миллионов двести пятьдесят тысяч) тенге за счет средств республиканского бюджета.

      2) утверждение устава общества;

      3) государственную регистрацию общества в органах юстиции;

      4) передачу Министерству права владения и пользования государственным пакетом акций общества;

      5) принятие иных мер, вытекающих из настоящего пункта.

      4. Реорганизовать республиканское государственное учреждение "Международный центр культур и религий" Комитета по делам религий Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан путем присоединения к нему республиканского государственного учреждения "Научно-исследовательский и аналитический центр по вопросам религии" Комитета по делам религий Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.

      5. Переименовать республиканское государственное учреждение "Международный центр культур и религий" Комитета по делам религий Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан в республиканское государственное учреждение "Центр религиоведческой экспертизы" Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан (далее – учреждение), после исполнения мероприятия, предусмотренного пунктом 4 настоящего постановления.

      6. Определить:

      1) уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления в отношении учреждения Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан;

      2) основным предметом деятельности учреждения обеспечение организации комплексной экспертизы объектов религиоведческой экспертизы, в том числе распространяемых в средствах массовой информации.

      7. Министерству в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить принятие мер, вытекающих из настоящего постановления.

      8. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      9. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 25 апреля 2019 года № 226

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "г. Нур-Султан" дополнить строкой, порядковый номер 21-192, следующего содержания:

      "21-192. Некоммерческое акционерное общество "Центр Н. Назарбаева по развитию межконфессионального и межцивилизационного диалога".".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и государственным органам, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "Министерству информации и общественного развития Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 375-9-2, следующего содержания:

      "375-9-2. Некоммерческое акционерное общество "Центр Н. Назарбаева по развитию межконфессионального и межцивилизационного диалога".".

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 27.12.2023 № 1195.

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений":

      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:

      в разделе 13:

      строки:

      "

13

Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан с учетом подведомственных ему государственных учреждений, в том числе:

407


государственные учреждения, подведомственные Министерству общественного развития, в том числе:

93

1)

"Международный центр культур и религий" РГУ

30

2)

"Научно-исследовательский и аналитический центр по вопросам религии" РГУ

30

3)

"Служба центральных коммуникаций" РГУ

33

  "

      изложить в следующей редакции:

      "

13

Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан с учетом подведомственных ему государственных учреждений, в том числе:

377


государственные учреждения, подведомственные Министерству информации и общественного развития, в том числе:

63

1)

РГУ "Центр религиоведческой экспертизы"

30

2)

"Служба центральных коммуникаций" РГУ

33

  ".

      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 04.10.2023 № 866.

"Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 226 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілету, дін саласындағы ахуалды зерделеу, дінтану сараптамасы объектілеріне кешенді сараптаманы ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын танымал ету қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 253 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiмен (бұдан әрі – Министрлік) бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) республикалық бюджет қаражаты есебінен 126 250 000 (бір жүз жиырма алты миллион екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;

      2) қоғамның жарғысын бекітуді;

      3) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      4) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Министрлікке беруді;

      5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің "Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      5. Осы қаулының 4-тармағындағы іс-шара орындалғаннан кейін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің "Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Дінтану сараптамасы орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып қайта аталсын.

      6. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      2) дінтану сараптамасы объектілеріне, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында таратылатын кешенді сараптаманы ұйымдастыруды қамтамасыз ету мекеме қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

      7. Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      8. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 25 сәуірдегі
№ 226 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-192-жолмен толықтырылсын:

      "21-192. "Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 375-9-2-жолмен толықтырылсын:

      "375-9-2. "Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.

      4. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      13-бөлімде:

      мына:

      "

13

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

407


Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

93

1)

"Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" РММ

30

2)

"Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" РММ

30

3)

"Орталық коммуникациялар қызметі" РММ

33

  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

377


Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

63

1)

"Дінтану сараптамасы орталығы" РММ

30

2)

"Орталық коммуникациялар қызметі" РММ

33

  ".

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.