"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 141 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімді іске асыру жөніндегі жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) мақұлдансын.
2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдық негізде есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Р/с №
|
Іс-шараның атауы
|
Жауапты орындаушылар
|
Аяқталу нысаны
|
Орындалу мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1. Теңестірілген фискалдық саясат
|
1.1
|
Салық салу базасын одан әрі кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу
|
ҰЭМ, Қаржымині, ҰКП (келісу бойынша)
|
салық заңнамасына түзетулер
|
2019 жылғы қыркүйек
|
1.2
|
Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, салықтық және кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру
|
Қаржымині, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
2019 жылғы қыркүйек
|
1.3
|
Қолданыстағы фискалдық қағидаларды, Ұлттық қордан аударылатын трансферттердің оңтайлы көлемін талдау, фискалдық қағидалардың контрциклдігі мен икемділігін арттыру жолдарын қарау
|
Қаржымині, ҰЭМ,
ҰБ (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
2019 жылғы желтоқсан
|
2. Тиімді ақша-кредит саясаты және инфляцияны бақылау шаралары
|
2.1
|
Тарифтік саясатты жетілдіру бойынша талдау жүргізу және табиғи монополияларды реттеу саласындағы алдағы тәсілдер бойынша ұсыныстар енгізу
|
ҰЭМ
|
Үкіметке ақпарат
|
қаулыда көрсетілген мерзімге сәйкес
|
2.2
|
Импорт алмастыру әлеуеті бар тауарлардың отандық өндірісінің өсу нүктелерін құру бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
ИИДМ, ҰЭМ
|
ҰЭМ-ге
|
2019 жылғы 3-тоқсан
|
2.3
|
Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңесте мақұлданған инфляциялық дәліз шеңберінде реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2019 жылға арналған инфляция дәлізін сақтау
|
ҰЭМ
|
Үкіметке ақпарат
|
қаулыда көрсетілген мерзімге сәйкес
|
2.4
|
2020 – 2021 жылдарға арналған инфляция бойынша нысаналы бағдарды түзетуді ескере отырып, экономикалық дамудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына өзгерістер енгізу
|
ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ, ЦДҚАӨМ, АШМ, ИИДМ, Еңбекмині, СІМ
|
Үкімет қаулысы
|
2019 жылғы 4-тоқсан
|
2.5
|
Уақытша бос банк өтімділігін экономиканы кредиттеуге бағыттауды ынталандыру бойынша шаралар қабылдау
|
ҰБ (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ұсыныс
|
2019 жыл бойы
|
2.6
|
Базалық мөлшерлемені инфляцияның орташа мерзімді болжамынан 3-3,5% жоғары деңгейде басқару
|
ҰБ (келісу бойынша)
|
ҰБ Директорлар кеңесінің қаулысы
|
базалық мөлшерлемені белгілеу графигіне сәйкес
|
3. Валюта нарығының орнықтылығын қамтамасыз ету
|
3.1
|
Қолда бар есептер мен мерзімдерді ескере отырып, құпиялылық талаптарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі болып табылатын Директорлар кеңесінің уәкілетті мүшесі – акционер өкіліне қосымша ақпарат беру
|
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), басқа да КМС субъектілері
|
ақпарат
|
тоқсан сайын
|
3.2
|
Нарықтық тетіктер негізінде валюталық тәуекелдерді хеджирлеу үшін туынды қаржы құралдары нарығын дамыту
|
ҰБ (келісу бойынша), "ҚҚБ" АҚ (келісу бойынша)
|
ҚҚБ-да операциялар жүргізу
|
2019 жыл бойы
|
3.3
|
Инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға және сыртқы борышқа қызмет көрсетуге қажетті көлемді ескере отырып, валюталық активтерді конвертациялаудың болжамдық жоспарын әзірлеу
|
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге конвертациялау жоспарын ұсыну
|
2019 жыл бойы
|
3.4
|
Сыртқы борышты өтеу, таяудағы 1 жыл ішінде қаржы ковенанттарын орындау және инвестициялық қызметті жүзеге асыру мақсатында шоғырландырылатын қаражатты қоспағанда, Ұлттық Банктегі банк шоттарына 1 жылға дейінгі мерзіммен шетел валютасындағы міндеттемелерден мерзімі 1 жылдан артық уақытша бос ақша қаражатын аудару
|
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), басқа да КМС субъектілері, ҰБ (келісу бойынша)
|
шот ашу, активтерді ҰБ-ге беру
|
2019 жыл бойы
|
4. Инвестициялар тарту және экономиканы қорландырудың қолжетімділігі
|
4.1
|
Валюталық реттеу туралы заңнамаға шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің "резидент" мәртебесі бөлігінде қабылданған өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ, СІМ
|
интернет- ресурстарда жариялау
|
2019 жылғы сәуір-мамыр
|
4.2
|
Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шекті мөлшерлемелерді белгілеу тетігін жетілдіру
|
ҰБ (келісу бойынша), "ҚДКҚ" АҚ (келісу бойынша)
|
"ҚДКҚ" АҚ директорлар кеңесінің шешімі
|
2019 жыл бойы
|
4.3
|
Банкаралық кредиттеу нарығын дамытуға кедергі болатын тосқауылдарды жою
|
ҰБ (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ұсыныс
|
2019 жыл бойы
|
5. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту
|
5.1
|
Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын шығарудың алдағы жылға арналған графигін жариялау
|
Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша)
|
Қаржымині, ҰБ интернет-ресурстарында жариялау
|
2019 жылғы желтоқсан
|
5.2
|
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына олар бойынша міндеттемелерді мемлекет орындайтын талап ету құқығын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша МӘСҚ активтері есебінен сатып алу құқығын МӘСҚ-ға беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар
|
Еңбекмині, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
2019 жылғы
шілде
|
5.3
|
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарын теңге номиналындағы облигацияларға қайта қаржыландыру бойынша ұсыныстар
|
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге, ҰБ-ге ақпарат
|
2019 жылғы маусым
|
5.4
|
МБҚ орналастыру бойынша қайталама аукциондар өткізу, айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылымдарын ірілендіру және олардың санын орта және ұзақ мерзімді перспективада 30-40-қа дейін қысқарту
|
Қаржымині
|
ҰЭМ-ге, ҰБ-ге ақпарат
|
жартыжылдық-тың қорытындысы бойынша
|
5.5
|
Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес тәуекелсіз кірістілік қисық сызығын құру әдістемесін әзірлеу және қабылдау
|
"ҚҚБ" АҚ (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша)
|
"ҚҚБ" АҚ директорлар кеңесінің шешімі
|
2019 жылғы
тамыз
|
5.6
|
Мiндеттемелерін мемлекет орындайтын талап ету құқығын (вексельдерді) МӘСҚ-ның сатып алуы үшiн оның сенімгерлік басқаруындағы МӘСҚ-ның инвестициялық қоржынынан қаражат алу үшiн өтiмдiлiктi қамтамасыз ету
|
ҰБ (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
2019 жылғы қыркүйек
|
5.7
|
Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын дамушы елдердің халықаралық жаһандық индекстеріне енгізу бойынша жұмыстар жүргізу (2019 – 2022 жылдар ішінде)
|
ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
2019 жылғы желтоқсан
|
6. Экономиканы дамытуды қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру
|
6.1
|
Екінші деңгейдегі банктерді жеке тұлғаларға кредит беру үшін негізделген қаржыландыру арқылы отандық автомобиль өндірушілерді қаржыландыру бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға 5 жыл ішінде 100 млрд. теңге беру мәселесін пысықтау
|
ҰБ (келісу бойынша), ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
2019 жылғы 2-тоқсан
|
6.2
|
"7-20-25" бағдарламасына қарыз алушыға бастапқы жарнаны ұлғайту, қатысушы банктерге қойылатын талаптарды төмендету құқығын беру бөлігінде өзгерістер енгізу
|
ҰБ (келісу бойынша)
|
ҰБ Басқармасының қаулысы
|
2019 жылғы 2-тоқсан
|
6.3
|
Басым жобаларды кредиттеу тетігінің шеңберінде Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің тізбесін импорт алмастыратын тауарларды өндіру бойынша қызметпен кеңейту мәселесін қарау
|
ҰЭМ, ИИДМ, АШМ, Қаржымині
|
Үкімет қаулысы
|
2019 жылғы қыркүйек
|
6.4
|
Қаржылық тиімділігі және қамтамасыз етілуі тұрғысынан және нақты секторды мемлекеттік қолдау тетіктерінің бірыңғай қағидаттарын одан әрі қалыптастыру үшін мынадай мемлекеттік бағдарламаларға тексеру жүргізу:
Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы;
2018 – 2022 жылдарға арналған "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасын индустриялық - инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы;
2017 – 2021 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасы;
"Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестиция тарту жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған бағдарлама;
2018 – 2022 жылдарға арналған "Ұлттық экспорттық стратегия" бағдарламасы.
|
ҰЭМ
ҰЭМ, ИИДМ, Қаржымині, БҒМ, Еңбекмині, МСМ, ЭМ, ІІМ, ЦДҚАӨМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)
ЦДҚАӨМ, АҚДМ, АШМ, БҒМ, ДСМ, ҰЭМ, ИИДМ, Қаржымині, "Зерде" ҰИКХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Қазпошта" АҚ (келісу бойынша)
АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "ҚазАгро" ҰБХ АҚ (келісу бойынша)
ИИДМ, АШМ, ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, "ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша)
ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
Еңбекмині, ҰЭМ, АШМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Бәйтерек ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)
ҰЭМ, ИИДМ, СІМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Kazakh Invest" АҚ (келісу бойынша)
СІМ, ИИДМ, ҰЭМ, АШМ, ЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор (келісу бойынша)
|
Үкіметке ақпарат
|
қаулыда көрсетілген мерзімге сәйкес
|
6.5
|
600 млрд. теңге сомасында ұзақ мерзімді қорландыруды ұсыну шеңберінде банктер бойынша лимиттерді жедел қайта бөлуді қамтамасыз ету
|
ҰБ (келісу бойынша)
|
ҰБ Басқармасының қаулысы
|
қажеттілігіне қарай
|
7. Нақты сектор кәсіпорындарын сауықтыру
|
7.1
|
Екінші деңгейдегі банктерді пруденциялық реттеу шеңберінде сенімді контрәріптестердің және off-take келісімшарттарының дебиторлық берешегінің қатты кепілі деп тану
|
ҰБ (келісу бойынша)
|
ҰБ Басқармасының қаулысы
|
2019 жылғы мамыр
|
7.2
|
Банкроттық рәсімдерді оңайлату тұрғысынан заңнаманы жетілдіру
|
Қаржымині, ҰЭМ, Еңбекмині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
2019 жылғы желтоқсан
|
7.3
|
Қаржы нарығында және қаржы ұйымдарының қызметінде құқық қолдану практикасы мәселелері бойынша Жоғарғы Сотпен консультациялар өткізу
|
ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
қажеттілігіне қарай
|
8. Қаржы жүйесінің орнықтылығы
|
8.1
|
Тәуекелге бағдарланған қадағалауды іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру
|
ҰБ (келісу бойынша)
|
ҰБ Басқармасының қаулысы
|
қажеттілігіне қарай
|
8.2
|
Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалауды жүргізу
|
ҰБ (келісу бойынша)
|
бағалау нәтижелерін жариялау
|
2019 жылғы желтоқсан
|
8.3
|
Бағалы қағаздар нарығының бірыңғай кастодиандық және есеп айырысу инфрақұрылымын пайдалана отырып, Қазақстан Қор Биржасының (ҚҚБ) және "Астана" халықаралық қаржы орталығы (AIX) биржасының жұмыс істеуін дамыту және қамтамасыз ету
|
ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині, АХҚО (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
2019 жылғы желтоқсан
|
9. Көлеңкелі экономиканы төмендету және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту
|
9.1
|
Салық заңнамасына қолма-қол есеп айырысу үшін ақы төлеу 1000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын сатып алынған тауарлар, өндірілген жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар КТС, ЖТС бойынша шегерімдерге жатқызуды шектеу бөлігінде ұсыныстар әзірлеу
|
Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша),
ҰКП (келісу бойынша)
|
салық заңнамасына түзетулер
|
2019 жылғы желтоқсан
|
9.2
|
Заңды тұлғалардың банктердегі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруы кезінде шектеу белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині,
ҰКП (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
2019 жылғы қыркүйек
|
9.3
|
Биометриялық технологиялар негізінде қаржы нарығында азаматтарды қашықтықтан сәйкестендіруді енгізу
|
ҰБ (келісу бойынша), ҚҚҚ
(келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
2019 жылғы 3-тоқсан
|
9.4
|
ҚҚС бойынша бақылау шотын ерікті қолданудың нәтижелері бойынша барлық ҚҚС төлеушілердің ҚҚС бақылау шотын міндетті қолдануға ауыстыру мәселесін қарау
|
Қаржымині, ҰЭМ
|
НҚА өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
2019 жылғы 4-тоқсан
|
9.5
|
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау бойынша ШОБ субъектілерінің құралдарын кеңейту мүмкіндігі үшін төлем инфрақұрылымын дамыту
|
ҰБ (келісу бойынша), ҚҚҚ (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
2019 жылғы 4-тоқсан
|
9.6
|
Қаржылық және мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ЕДБ ақпараттық жүйелерімен электронды өзара іс-қимылын ұйымдастыру және қызмет алушылардан қағаз анықтамалар талап етуді жою
|
ЦДҚАӨМ, ҰБ (келісу бойынша), "МКБ" АҚ (келісу бойынша), ҚҚҚ (келісу бойынша)
|
жол карталары
|
2019 жылғы 4-тоқсан
|
9.7
|
Операциялардың / мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша қолма-қол ақшалай есеп айырысуға шектеулер енгізу мәселесін пысықтау
|
Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), ҚҚҚ (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
2019 жылғы 4-тоқсан
|
10. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық сауаттылықты арттыру
|
10.1
|
Қарыз алушылардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, қарыз беру кезеңінде олардың борыштық жүктемесін шектеу жөнінде шаралар қабылдау
|
ҰБ (келісу бойынша)
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
2019 жылғы маусым
|
10.2
|
Барлық кредит беру субъектілеріне (онлайн-кредиторлар, ломбардтар, кредиттік серіктестіктер және халыққа қарыз беретін басқа да заңды тұлғалар) қатысты барабар реттеуді енгізу мәселелері бойынша заңнамаға және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде:
барлық кредит беру субъектілерін ҚРҰБ-да есептік тіркеу;
кредит беру субъектілерін кредиттік бюроға ақпарат берушілердің тануы;
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін қаржылық мониторинг субъектілерінің кредит беру субъектілерін тану;
ҰБ-да есептік тіркеуден өтпеген тұлғалардың қарыз беру жөніндегі қызметтерін жарнамалауға тыйым салуды енгізу
|
ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, ІІМ
|
ҰЭМ-ге ұсыныстар
|
2019 жылғы 4-тоқсан
|
"Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
"Зерде" ҰИКХ" АҚ – "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы;
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ – "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы;
"ҚДКҚ" АҚ – "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы;
"ҚИЭО" АҚ – "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы;
ҚҚҚ – "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі;
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы;
ЦДҚАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
"Kazakh Invest" ҰК" АҚ – "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.