Об утверждении основных условий бюджетного кредитования акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2019 года № 564

      В соответствии с пунктом 2 статьи 180 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и Законом Республики Казахстан от 30 ноября 2018 года "О республиканском бюджете на 2019 - 2021 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые основные условия бюджетного кредитования акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" с последующим кредитованием акционерного общества "Банк Развития Казахстана" для финансирования проектов Государственной программы индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015 - 2019 годы.

      2. Министерствам индустрии и инфраструктурного развития, финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) заключение кредитных договоров с акционерным обществом "Национальный управляющий холдинг "Байтерек";

      2) контроль за выполнением основных и дополнительных условий кредитования;

      3) контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, своевременного погашения и обслуживания бюджетных кредитов.

      3. Акционерному обществу "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (по согласованию) ежеквартально, не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным периодом, представлять информацию об освоении кредитов в министерства финансов, индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 31 июля 2019 года № 564

Основные условия бюджетного кредитования акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" с последующим кредитованием акционерного общества "Банк Развития Казахстана" для финансирования проектов Государственной программы индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015 - 2019 годы

      1. Для предоставления кредита акционерному обществу "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (далее – заемщик) устанавливаются следующие основные условия:

      1) кредит предоставляется в сумме 11 000 000 000 (одиннадцать миллиардов) тенге, предусмотренной Законом Республики Казахстан от 30 ноября 2018 года "О республиканском бюджете на 2019 - 2021 годы", по бюджетной программе 217 "Кредитование АО "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" с последующим кредитованием АО "Банк Развития Казахстана" для финансирования проектов Государственной программы индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015 - 2019 годы" (далее - кредит);

      2) кредит предоставляется заемщику в тенге на условиях срочности, платности и возвратности сроком до 19 (девятнадцать) лет включительно по ставке вознаграждения, равной 0,1 % годовых;

      3) выделение из республиканского бюджета кредита осуществляется путем единовременного перечисления всей суммы кредита на счет заемщика;

      4) период освоения до 31 декабря 2019 года со дня перечисления кредита на счет заемщика;

      5) выплата начисленного вознаграждения по кредиту осуществляется 2 (два) раза в год полугодовыми платежами;

      6) погашение основного долга по кредиту осуществляется заемщиком равными долями с 2025 года по истечении льготного периода со сроком до 6 (шести) лет включительно;

      7) целью предоставления бюджетного кредита является последующее кредитование акционерного общества "Банк Развития Казахстана" со ставкой вознаграждения 0,15 % годовых со сроком до 19 (девятнадцать) лет для финансирования инвестиционных проектов в рамках реализации Государственной программы индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015 – 2019 годы. При этом конечная ставка вознаграждения для конечного заемщика не должна превышать 9% годовых.

      2. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредитов устанавливаются в кредитных договорах в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамын бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 564 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына және "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыру үшін кейіннен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын кредиттей отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамын бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қаржы министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен кредиттік шарттар жасасуды;

      2) кредиттеудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;

      3) бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, уақтылы өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз етсін.

      3. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 564 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыру үшін кейіннен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын кредиттей отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамын бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттары

      1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамын (бұдан әрі – қарыз алушы) кредиттеу үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

      1) кредит "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында 217 "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыру үшін кейіннен "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ны кредиттей отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ны кредиттеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 11 000 000 000 (оң бір миллиард) теңге сомасында (бұдан әрі – кредит) беріледі;

      2) кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 19 (он тоғыз) жылды қоса алғандағы мерзімге дейін жылдық 0,1%-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен беріледі;

      3) республикалық бюджеттен кредитті бөлу қарыз алушының шотына кредиттің барлық сомасын бір уақытта аудару жолымен жүзеге асырылады;

      4) игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күннен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

      5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жарты жылдық төлеммен жылына 2 (екі) рет жүзеге асырылады;

      6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 6 жылды қоса алғандағы мерзімге дейін жеңілдік кезеңі өткен соң 2025 жылдан бастап тең үлестермен жүзеге асырады;

      7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін 19 (он тоғыз) жылға дейінгі мерзіммен жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын кейіннен кредиттеу болып табылады. Бұл ретте түпкі қарыз алушы үшін сыйақының соңғы мөлшерлемесі жылдық 9 %-дан жоғары болмауы тиіс.

      2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.