Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение о порядке транзита через территории государств – участников Содружества Независимых Государств от 4 июня 1999 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2020 года № 52

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 15 Закона Республики Казахстан от 30 мая 2005 года "О международных договорах Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый Протокол о внесении изменений в Соглашение о порядке транзита через территории государств - участников Содружества Независимых Государств от 4 июня 1999 года, совершенный в Ашхабаде 31 мая 2019 года.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 12 февраля 2020 года № 52

Протокол о внесении изменений в Соглашение о порядке транзита через территории государств - участников Содружества Независимых Государств от 4 июня 1999 года

      Правительства государств-участников Соглашения о порядке транзита через территории государств-участников Содружества Независимых Государств от 4 июня 1999 года (далее - Соглашение), именуемые в дальнейшем Сторонами, в соответствии со статьей 10 Соглашения

      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Внести в Соглашение следующие изменения:

      1. Абзац второй преамбулы изложить в следующей редакции: "принимая во внимание положения Договора о создании Экономического союза от 24 сентября 1993 года, Основ таможенных законодательств государств - участников Содружества Независимых Государств, принятых Решением Совета глав государств Содружества от 10 февраля 1995 года, Соглашения о создании зоны свободной торговли от 15 апреля 1994 года, Протокола об изменениях и дополнениях к нему от 2 апреля 1999 года, Соглашения о сотрудничестве и взаимной помощи в таможенных делах от 15 апреля 1994 года и Договора о зоне свободной торговли от 18 октября 2011 года".

      2. Абзац пятый статьи 3 дополнить словами ", за исключением случаев, установленных статьей 4 настоящего Соглашения".

      3. Пункт "в" статьи 7 исключить.

Статья 2

      Настоящий Протокол вступает в силу с даты получения депозитарием третьего уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

      Для Сторон, выполнивших внутригосударственные процедуры позднее, настоящий Протокол вступает в силу с даты сдачи соответствующих документов депозитарию.

      Совершено в городе Ашхабад 31 мая 2019 года в одном подлинном экземпляре на русском языке. Подлинный экземпляр хранится в Исполнительном комитете Содружества Независимых Государств, который направит каждому государству, подписавшему настоящий Протокол, его заверенную копию.

За Правительство
Азербайджанской Республики

За Правительство
Российской Федерации

За Правительство
Республики Армения

За Правительство
Республики Таджикистан

За Правительство
Республики Беларусь

За Правительство
Туркменистана

За Правительство
Республики Казахстан

За Правительство
Республики Узбекистан

За Правительство
Кыргызской Республики

За Правительство
Украины

За Правительство
Республики Молдова



1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін транзиттің тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 52 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін транзиттің тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 31 мамырда Ашғабадта жасалған хаттама бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 12 ақпандағы
№ 52 қаулысымен
бекітілген

1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтететін транзиттің тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері Келісімнің 10-бабына сәйкес

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. Кіріспенің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "1993 жылғы 24 қыркүйектегi Экономикалық одақ құру туралы шарттың, 1995 жылғы 10 ақпандағы Достастық мемлекеттері Басшылары кеңесінің шешiмiмен қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден заңнамалары негiздерiнің, 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмнің және оған өзгерiстер мен толықтырулар туралы 1999 жылғы 2 сәуiрдегi хаттаманың, 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Кеден iстерiндегi ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiмнің және 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып".

      2. 3-баптың бесінші абзацындағы "Аталған" деген сөз "Осы Келісімнің 4-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, аталған" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 7-баптың "б" тармағындағы "хабарлауды" деген сөз "хабарлауды тапсырады." деген сөздермен ауыстырылып, "в" тармағы алып тасталсын.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама тиісті құжаттар депозитарийге тапсырылған күннен бастап күшіне енеді.

      2019 жылғы 31 мамырда Ашғабад қаласында бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.


Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының Үкіметі үшін

Армения Республикасының
Үкіметі үшін

Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін

Түрікменстан Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін

Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін

Украина Үкіметі үшін