Об утверждении порядка установления предельных цен на продовольственные и другие товары, необходимые для бесперебойного жизнеобеспечения населения и экономики Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 марта 2020 года № 133.

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 2 Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 "О дальнейших мерах по стабилизации экономики" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый порядок установления предельных цен на продовольственные и другие товары, необходимые для бесперебойного жизнеобеспечения населения и экономики Республики Казахстан.

      2. Центральным и местным исполнительным органам Республики Казахстан, а также государственным органам, непосредственно подчиненным и подотчетным Президенту Республики Казахстан (по согласованию), принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 21 марта 2020 года № 133

Порядок установления предельных цен на продовольственные и другие товары, необходимые для бесперебойного жизнеобеспечения населения и экономики Республики Казахстан

      1. Настоящий Порядок установления предельных цен на продовольственные и другие товары, необходимые для бесперебойного жизнеобеспечения населения и экономики Республики Казахстан, разработан в соответствии с подпунктом 1) пункта 2 Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 "О дальнейших мерах по стабилизации экономики" и определяет предельные розничные цены на продовольственные и другие товары, необходимые для бесперебойного жизнеобеспечения населения и экономики Республики Казахстан (далее – товары).

      Предельные розничные цены определяются по каждому наименованию товара на территории столицы, городов республиканского значения и областей.

      2. Центральные и местные исполнительные органы Республики Казахстан вносят в уполномоченный орган в области регулирования торговой деятельности предложения по формированию перечня товаров и предельной розничной цены на них.

      3. Перечень товаров формируется с учетом высокой социальной значимости на данный товар в текущий период и высоких рисков роста цен на него в период действия режима чрезвычайного положения.

      4. Предельные розничные цены на товары определяются с учетом следующих критериев:

      1) общий прогнозируемый рост цен на товары за 2020 год не должен превышать 10 %;

      2) рост цен на товар за период предшествующий введению чрезвычайного положения с начала текущего года;

      3) цены казахстанских производителей товара.

      5. Уполномоченный орган в области государственной статистики осуществляет еженедельный мониторинг цен на товары.

      6. Уполномоченный государственный орган в области регулирования торговой деятельности рассматривает предложения центральных и местных исполнительных органов по включению в перечень товаров и по установлению предельных розничных цен на них в течение 3 рабочих дней.

      7. Уполномоченный государственный орган в области регулирования торговой деятельности вносит на рассмотрение Государственной комиссии по обеспечению режима чрезвычайного положения при Президенте Республики Казахстан (далее – Государственная комиссия) предложения центральных государственных органов по установлению размера предельной розничной цены на товар с приложением заключения Министерства национальной экономики Республики Казахстан и центральных исполнительных органов, ответственных за соответствующую сферу экономики, на целесообразность установления предельной розничной цены на товар.

      8. Государственная комиссия рассматривает предложения и принимает одно из следующих решений:

      об одобрении установления предельной розничной цены;

      отправляет на доработку.

      9. Государственная комиссия при принятии решении об одобрении установления предельной розничной цены или отправке на доработку руководствуется Указами Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 286 "О мерах по обеспечению социально-экономической стабильности" и от 16 марта 2020 года № 287 "О дальнейших мерах по стабилизации экономики".

      10. Срок введения предельной розничной цены на товар определяется Государственной комиссией по обеспечению режима чрезвычайного положения при Президенте Республики Казахстан.

      11. При наличии соответствующего одобрения Государственной комиссии уполномоченными органами принимаются совместные приказы на введение предельной розничной цены на товар.

      12. Министерство юстиции Республики Казахстан в течение одного рабочего дня осуществляет государственную регистрацию приказов о введении предельных розничных цен на товар.

      13. Предельные розничные цены вводятся с момента их государственной регистрации и подлежат обязательной публикации в республиканских и региональных средствах массовой информации.

      14. Центральные государственные и местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы, района, города областного значения осуществляют контроль за превышением предельных розничных цен.

      15. Субъекты торговой деятельности несут ответственность, предусмотренную административным законодательством.

Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға шекті бағаларды белгілеу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 133 қаулысы.

      "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға шекті бағаларды белгілеу тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 21 наурыздағы
№ 133 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға шекті бағаларды белгілеу тәртібі

      1. Осы Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға шекті бағаларды белгілеу тәртібі "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарлардың (бұдан әрі – тауарлар) шекті бөлшек бағаларын айқындайды.

      Шекті бөлшек бағалар тауардың әрбір атауы бойынша астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың аумағында айқындалады.

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға тауарлардың тізбесін және олардың шекті бөлшек бағасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

      3. Тауарлар тізбесі ағымдағы кезеңде осы тауардың жоғары әлеуметтік маңыздылығы және төтенше жағдай режимі қолданылатын кезеңде оның бағасының өсуінің жоғары тәуекелі ескеріле отырып қалыптастырылады.

      4. Тауарлардың шекті бөлшек бағалары мына өлшемшарттар ескеріле отырып айқындалады:

      1) тауарлар бағасының 2020 жылы жалпы болжамды өсуі 10 %-тен аспауға тиіс;

      2) ағымдағы жылдың басынан бері төтенше жағдай енгізілген кезеңнің алдындағы кезеңдегі тауарлар бағасының өсуі;

      3) қазақстандық тауар өндірушілердің бағалары.

      5. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган тауарлар бағасының мониторингін апта сайын жүзеге асырады.

      6. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың тауарлар тізбесіне енгізу жөніндегі және оларға шекті бөлшек бағаларды белгілеу жөніндегі ұсыныстарын 3 жұмыс күні ішінде қарайды.

      7. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган орталық мемлекеттік органдардың тауарға шекті бөлшек бағаның мөлшерін белгілеу жөніндегі ұсыныстарын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және экономиканың тиісті саласына жауапты орталық мемлекеттік органдардың тауарға шекті бөлшек бағаны белгілеудің орындылығына арналған қорытындысымен қоса Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) қарауына енгізеді.

      8. Мемлекеттік комиссия ұсыныстарды қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      шекті бөлшек бағаны белгілеуді мақұлдау туралы;

      пысықтауға жібереді.

      9. Мемлекеттік комиссия шекті бөлшек бағаны белгілеуді мақұлдау немесе пысықтауға жіберу туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 және "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 жарлықтарын басшылыққа алады.

      10. Тауардың шекті бөлшек бағасын енгізу мерзімін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия айқындайды.

      11. Мемлекеттік комиссияның тиісті мақұлдауы болған кезде уәкілетті органдар тауарға шекті бөлшек бағаны енгізуге бірлескен бұйрықтар қабылдайды.

      12. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тауарға шекті бөлшек бағаларды енгізу туралы бұйрықтарды мемлекеттік тіркеуді бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      13. Шекті бөлшек бағалар мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап енгізіледі және республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға жатады.

      14. Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары шекті бөлшек бағалардың жоғарыламауына бақылау жүргізеді.

      15. Сауда қызметінің субъектілеріне әкімшілік заңнамада көзделген жауапкершілік жүктеледі.