О некоторых вопросах въезда (выезда) в Республике Казахстан и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2020 года № 220.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Приостановить до 23:59 часов 31 декабря 2021 года действие пункта 17 Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 30.04.2021 № 286.

      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 января 2020 года № 10 "О приостановлении действия пункта 26-1 Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148" ("Казахстанская правда" от 28.01.2020 г., № 18 (29145)) следующее изменение:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Приостановить до 1 ноября 2020 года действие пункта 26-1 Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 29, ст. 388), в части действия семидесяти двухчасового безвизового режима въезда, пребывания и выезда из Республики Казахстан.".

      3. Министерству иностранных дел Республики Казахстан по дипломатическим каналам направить уведомление государствам, указанным в Правилах въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148.

      4. Министерствам иностранных дел и внутренних дел Республики Казахстан, Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять соответствующие меры, вытекающие из настоящего постановления.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің (кетуінің) және олардың Қазақстан Республикасында болуының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 220 қаулысы.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 17-тармағының қолданылуы 2021 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 23:59 дейін тоқтатыла тұрсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2021 № 286 қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына ("Егемен Қазақстан", 2020 ж. 28.01., № 18 (29747)) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.".

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында көрсетілген мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин