"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің (кетуінің) және олардың Қазақстан Республикасында болуының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 220 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 286 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.  "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің (кетуінің) және олардың Қазақстан Республикасында болуының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 220 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 17-тармағының қолданылуы 2021 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 23:59 дейін тоқтатыла тұрсын.".

      2.  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында көрсетілген мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жіберсін.

      3.  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      4.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады