О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 126 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 "О дальнейших мерах по стабилизации экономики"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 2020 года № 235.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 126 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 "О дальнейших мерах по стабилизации экономики" следующее изменение и дополнение:

      в особом порядке формирования, уточнения и исполнения республиканского бюджета, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 11 дополнить частями третьей и четвертой следующего содержания:

      "Расходы, предусмотренные в республиканском бюджете в рамках настоящего Особого порядка, финансируемые способом бюджетных инвестиций и бюджетных кредитов, в том числе субъектов квазигосударственного сектора, предусматриваются в планах финансирования администраторов бюджетных программ и выделяются без проведения соответствующих экспертиз.

      Платежи по данным расходам проводятся центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета без представления финансово-экономического обоснования и государственного инвестиционного предложения на основе бюджетных заявок администраторов бюджетных программ и соответствующих корпоративных решений субъектов квазигосударственного сектора.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Для финансирования строительства кредитного жилья по пилотному проекту "Шанырақ" в период действия чрезвычайного положения в рамках реализации Государственной программы жилищно-коммунального развития "Нұрлы жер" на 2020 – 2025 годы, мероприятий Дорожной карты занятости, определенных в период действия чрезвычайного положения, заимствование местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы осуществляется в виде получения бюджетных кредитов из республиканского бюджета и выпуска государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке без определения лимита долга местных исполнительных органов.

      Для финансирования строительства кредитного жилья по пилотному проекту "Шанырақ" в период действия чрезвычайного положения в рамках реализации Государственной программы жилищно-коммунального развития "Нұрлы жер" на 2020 – 2025 годы, мероприятий Дорожной карты занятости, определенных в период действия чрезвычайного положения, условия, объем и целевое назначение выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы определяются местными исполнительными органами самостоятельно.

      При этом условия, объем и целевое назначение выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами, предусмотренных в рамках утвержденного лимита на 2020 год, определяются центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 235 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібінде:

      11-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттер тәсілімен қаржыландырылатын, осы Ерекше тәртіп шеңберінде республикалық бюджетте көзделген шығыстар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстары бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларында көзделеді және тиісті сараптамалар жүргізілмей бөлінеді.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы шығыстар бойынша төлемдерді бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті корпоративтік шешімдері негізінде қаржы-экономикалық негіздемені және мемлекеттік инвестициялық ұсынысты ұсынбай жүргізеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын, Жұмыспен қамту жол картасының жағдайдың қолданылуы кезеңінде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитін белгілемей, ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару түрінде жүзеге асырылады.

      Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын, Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын жергілікті атқарушы органдар дербес айқындайды.

      Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылға бекітілген лимит шеңберінде көзделген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин