О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 126 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 "О дальнейших мерах по стабилизации экономики"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 мая 2020 года № 278.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 126 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 "О дальнейших мерах по стабилизации экономики" (опубликован в газете "Казахстанская правда" от 21 марта 2020 г. № 56) следующее изменение:

      в особом порядке формирования, уточнения и исполнения республиканского бюджета, утвержденном указанным постановлением:

      части первую и вторую пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Формирование, уточнение, корректировка и исполнение уточненного (скорректированного) республиканского бюджета на текущий финансовый год с применением положений настоящего Особого порядка осуществляются в период кризисных ситуаций.

      При формировании, уточнении, корректировке республиканского бюджета по проектам, финансируемым способом бюджетных инвестиций и бюджетных кредитов, в том числе субъектов квазигосударственного сектора, соответствующие экспертизы не проводятся и включаются в проект уточненного (скорректированного) республиканского бюджета на основании бюджетных заявок администраторов бюджетных программ.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 278 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына (2020 жылғы 21 наурыздағы № 56 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібінде:

      4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Ерекше тәртіптің ережелерін қолдану арқылы ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған (түзетілген) республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету және атқару дағдарысты жағдайлар кезеңінде жүзеге асырылады.

      Бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттер тәсілімен қаржыландырылатын жобалар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобалары бойынша республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету кезінде тиісті сараптамалар жүргізілмейді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері негізінде нақтыланған (түзетілген) республикалық бюджет жобасына енгізіледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин