О некоторых вопросах государственной собственности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июня 2020 года № 372.

      В соответствии со статьей 45 Гражданского кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать товарищество с ограниченной ответственностью "Республиканский учебно-методический центр гражданской защиты" путем преобразования в акционерное общество "Республиканский учебно-методический центр гражданской защиты" (далее – общество) со стопроцентным участием государства в его уставном капитале.

      2. Определить основным видом деятельности общества организацию краткосрочных курсов повышения квалификации, подготовки и переподготовки руководящего состава и специалистов в сфере гражданской защиты.

      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) формирование уставного капитала общества за счет стоимости имущества реорганизуемого товарищества;

      2) утверждение устава общества и его государственную регистрацию в органах юстиции Республики Казахстан;

      3) передачу прав владения и пользования государственным пакетом акций общества Комитету по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      4. После завершения мероприятий, указанных в пунктах 1-3 настоящего постановления, реорганизовать акционерное общество "Научно-исследовательский институт пожарной безопасности и гражданской обороны" Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан и акционерное общество "Республиканский учебно-методический центр гражданской защиты" путем слияния в установленном законодательством порядке в акционерное общество "Национальный центр научных исследований, подготовки и обучения в сфере гражданской защиты" Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее – центр).

      5. Определить основными видами деятельности центра подготовку специалистов объектовых лабораторий, входящих в сеть наблюдения и лабораторного контроля к действиям на особый период, обучение рабочих и служащих объектов независимо от форм собственности мерам пожарной, радиационной и химической безопасности, подготовку химиков-разведчиков и химиков-дозиметристов гражданской обороны, организацию краткосрочных курсов повышения квалификации, подготовки и переподготовки руководящего состава и специалистов в сфере гражданской защиты, обучение специалистов складов и хранилищ специального имущества гражданской обороны, проведение научно-исследовательских и проектно-конструкторских работ по вопросам утилизации специального имущества гражданской обороны и осуществление научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ в области пожарной безопасности и гражданской обороны.

      6. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Комитетом по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      7. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан обеспечить передачу прав владения и пользования государственным пакетом акций центра Комитету по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      8. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      9. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 16 июня 2020 года № 372

Изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "г. Алматы":

      строку, порядковый номер 123-133, изложить в следующей редакции:

      "АО "Национальный центр научных исследований, подготовки и обучения в сфере гражданской защиты";

      строку, порядковый номер 123-134, исключить.

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Комитету по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан":

      строку, порядковый номер 266-9, изложить в следующей редакции:

      "АО "Национальный центр научных исследований, подготовки и обучения в сфере гражданской защиты";

      строку, порядковый номер 266-10, исключить.

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 "Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 25, ст. 311):

      в Положении о Министерстве внутренних дел Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства:

      в разделе "3. Комитет по чрезвычайным ситуациям":

      в подразделе "Акционерные общества":

      строку, порядковый номер 4, изложить в следующей редакции:

      "Акционерное общество "Национальный центр научных исследований, подготовки и обучения в сфере гражданской защиты".";

      в подразделе "Товарищества с ограниченной ответственностью":

      строку "1. Товарищество с ограниченной ответственностью "Республиканский учебно-методический центр гражданской защиты" исключить.

Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 маусымдағы № 372 қаулысы.

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын "Республикалық оқу-әдістемелік азаматтық қорғау орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметінің негізгі түрі азаматтық қорғау саласында қысқа мерзімді біліктілікті арттыру, басшы құрам мен мамандарды даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) қайта ұйымдастырылатын серіктестік мүлкінің құны есебінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;

      2) қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының 1-3-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы және "Республикалық оқу-әдістемелік азаматтық қорғау орталығы" акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен біріктіру жолымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің "Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – орталық) болып қайта ұйымдастырылсын.

      5. Орталық қызметінің негізгі түрлері байқау және зертханалық бақылау желісіне кіретін объектілік зертханалардың мамандарын ерекше кезеңдегі іс-қимылдарға даярлау, меншік нысанына қарамастан объектілердің жұмысшылары мен қызметшілерін өрт, радиациялық және химиялық қауіпсіздік шараларына оқыту, азаматтық қорғаныстың химик-барлаушылары мен химик-дозиметршілерін даярлау, азаматтық қорғау саласында қысқа мерзімді біліктілікті арттыру, басшы құрам мен мамандарды даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру, азаматтық қорғаныстың арнайы мүлкін сақтау орындары мен қоймаларының мамандарын оқыту, азаматтық қорғаныстың арнайы мүлкін кәдеге жарату мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру болып айқындалсын.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті орталықтың акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

      8. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 16 маусымдағы
№ 372 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 123-133-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы" АҚ";

      реттік нөмірі 123-134-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 266-9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы" АҚ";

      реттік нөмірі 266-10-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" 2005 жылғы 22 маусымындағы № 607 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:

      "3. Төтенше жағдайлар комитеті" деген бөлімде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы" акционерлік қоғамы.";

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген кіші бөлімде:

      "1. Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген жол алып тасталсын.