О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2021 года № 174.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 87-88, ст. 631) следующие изменения:

      подпункт 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "2) ДО (тарифные ставки) работников организаций определяются путем умножения соответствующих коэффициентов, утвержденных для исчисления их ДО (тарифной ставки) в зависимости от отнесения занимаемых должностей к функциональным блокам и стажа работы по специальности, присвоенных квалификационных разрядов (для рабочих), на размер БДО, установленного подпунктом 1) части первой пункта 1 настоящего постановления.

      ДО (тарифные ставки) для отдельных категорий педагогов определяются исходя из установленной учебной нагрузки в неделю.

      ДО (тарифные ставки) специалистов и служащих государственных высших учебных заведений, которым согласно законодательству предоставлен особый статус, определяются с применением повышающего коэффициента к установленным размерам ДО.

      ДО (тарифные ставки) педагогов организаций образования, за исключением организаций высшего и (или) послевузовского образования, определяются с применением поправочного коэффициента к установленным размерам ДО:

      с 1 января 2020 года в размере 1,25;

      с 1 января 2021 года в размере 1,5;

      с 1 января 2022 года в размере 1,75;

      с 1 января 2023 года в размере 2,0;

      ДО (тарифные ставки) работников управленческого, основного персоналов государственных организаций: медико-социальных учреждений стационарного и полустационарного типов, организаций надомного обслуживания, временного пребывания, центров занятости, за исключением медицинских и фармацевтических работников, определяются с применением поправочного коэффициента к установленным размерам ДО:

      с 1 января 2021 года в размере 1,5;

      с 1 января 2022 года в размере 1,75;

      с 1 января 2023 года в размере 2,0;

      ДО (тарифные ставки) медицинских и фармацевтических работников определяются с применением поправочного коэффициента к установленным размерам ДО:

      специалисты высшего уровня квалификации (управленческий персонал блок А, основной персонал блок В1, В2):

      с 1 января 2021 года в размере 2,02;

      с 1 января 2022 года в размере 2,63;

      с 1 января 2023 года в размере 2,73;

      специалисты высшего и среднего уровня квалификации (основной персонал блок В3, В4):

      с 1 января 2021 года в размере 1,63;

      с 1 января 2022 года в размере 1,95;

      с 1 января 2023 года в размере 2,05.";

      в приложении 5 к указанному постановлению:

      в строке, порядковый номер 3:

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "

4)

Специалистам за работу в домах ребенка, детских домах и школах-интернатах для детей сирот и детей, оставшихся без попечения родителей:





врачи, средний медицинский персонал


30% от БДО



педагогический персонал


120% от БДО



санитарка, няня


50% от БДО


      ";

      подпункт 12) исключить;

      подпункты 7), 8) строки, порядковый номер 5, исключить;

      в приложении 21 к указанному постановлению:

      строки, порядковые номера 9 и 10, исключить.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2021 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 174 қаулысы.

      30.03.2021 редакциясында

      Жарияланған: ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 01.04.2021 ж.


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 174 қаулысы



      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631 - құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұйымдар қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай олардың ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

      Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады.

      Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілеріне ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдану арқылы айқындалады.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтеріне ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалады;

      медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлеріне ЛА (тарифтік мөлшерлеме) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалады;

      медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блоктарының негізгі персоналы):

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,02 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде;

      біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блоктарының негізгі персоналы):

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,63 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,95 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,05 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады";

      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

      реттік нөмірі 3-жолда:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4)

Мамандарға сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат-үйлерінде жұмыс істегені үшін:





дәрігерлер, орта медицина персоналы


БЛА-дан 30 %



педагогика персоналы


БЛА-дан 120 %



санитар, күтуші


БЛА-дан 50 %


      ";

      12) тармақша алып тасталсын;

      реттік нөмірі 5-жолдағы 7), 8) тармақшалар алып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 21-қосымшада:

      реттік нөмірлері 9 және 10-жолдар алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі       А. Мамин