О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 "О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 августа 2021 года № 514.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 "О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы" следующие изменения:

      в Правилах прикомандирования государственных служащих из иных государственных органов к загранучреждениям Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) направляющий государственный орган – государственный орган Республики Казахстан, направляющий государственного служащего в порядке прикомандирования на работу в загранучреждение Республики Казахстан;

      2) уполномоченный орган – уполномоченный государственный орган Республики Казахстан в сфере внешней политики;

      3) прикомандированный государственный служащий – государственный служащий, направленный на работу в порядке прикомандирования в загранучреждение Республики Казахстан.";

      пункт 11 исключить;

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Порядок деятельности прикомандированных государственных служащих в загранучреждениях Республики Казахстан, анализа результатов их деятельности, рассчитываемых на основании ключевых показателей эффективности, а также представления ими отчетности определяется приказами направляющих государственных органов по согласованию с уполномоченным органом.

      Ключевые показатели эффективности должны содержать индикаторы достижения целей и подлежат утверждению не позднее одного месяца со дня направления прикомандированного государственного служащего в загранучреждение Республики Казахстан.";

      пункт 12-1 исключить;

      в пункте 13:

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "13. Направляющий государственный орган представляет в уполномоченный орган обоснованное письмо с предложением о прикомандировании к загранучреждению Республики Казахстан государственного служащего, соответствующего требованиям, установленным пунктом 10 настоящих Правил, а также следующие документы в отношении кандидата, рекомендуемого к прикомандированию к загранучреждению Республики Казахстан:";

      подпункт 5) исключить;

      часть первую пункта 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Уполномоченный орган в срок не более пятнадцати рабочих дней проводит проверку документов и собеседование с кандидатом к прикомандированию для определения уровня подготовки и соответствия требованиям, предусмотренным пунктом 10 настоящих Правил.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 514 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жіберуші мемлекеттік орган – мемлекеттік қызметшіні Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жұмысқа іссапарға бару тәртібімен жіберетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

      2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыртқы саясат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы;

      3) іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметші – Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға бару тәртібімен жұмысқа жіберілген мемлекеттік қызметші.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелеріне іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілер қызметінің, олардың тиімділіктің негізгі көрсеткіштері негізінде есептелетін қызмет нәтижелерін талдау, сондай-ақ олардың есеп беру тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша жіберуші мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен айқындалады.

      Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінде мақсаттарға қол жеткізу индикаторы қамтылуға тиіс және олар іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшіні Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жіберген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей бекітілуге жатады.";

      12-1-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жіберуші мемлекеттік орган уәкілетті органға осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік қызметшіні Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға жіберу туралы ұсыныспен негізделген хатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға жіберу ұсынылатын кандидатқа қатысты мынадай құжаттарды ұсынады:";

      5) тармақша алып тасталсын;

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті орган он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде құжаттарды тексеруді және дайындық деңгейі мен осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін іссапарға жіберілетін кандидатпен әңгімелесу жүргізеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин