"Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
№
р/н
|
Іс-шараның атауы
|
Аяқтау нысаны
|
Жауапты орындаушылар
|
Орындау
мерзімі
|
---|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
---|
I. Пандемиядан кейінгі кезендегі экономикалық даму
|
1.
|
"Қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы" бағдарламаларын 2022 жылы кемінде 1 трлн теңге сомасында қаржыландыруды қамтамасыз ету
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет,
ҰБ
|
2021 жылғы желтоқсан
|
2.
|
Бюджет кірістерін ұлғайту бойынша шаралар әзірлеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет
|
2021 жылғы қараша
|
3.
|
Мемлекеттік шығыстардың тиімділігіне және Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттерге бақылауды күшейту
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет, ҰБ, ЕК, ҚМА, СЖҚА
|
2021 жылғы қазан
|
4.
|
2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде қолдану үшін контрциклдық бюджеттік қағиданы енгізуге бағытталған заңнамалық түзетулерді қабылдау
|
Қазақстан
Республикасының
Заңы
|
Үкімет,
ҰБ
|
2021 жылғы желтоқсан
|
5.
|
Мемлекеттік борышты, Ұлттық қорды, бюджет саясатын басқару жөніндегі қағидалар жинағын көздейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқару тұжырымдамасын әзірлеу
|
Қазақстан Республикасын ың Президенті Жарлығының жобасы
|
Үкімет,
ҰБ, СЖРА, ЕК, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2021 жылғы желтоқсан
|
6.
|
2022 жылы инфляцияның 4-6% нысаналы дәлізіне қол жеткізе отырып, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
ҰБ, Үкімет
|
2022 жылғы шілде, желтоқсан
|
7.
|
Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарлары (аралықты қоса алғанда) бағасының қолжетімділігін және олардың көлемінің жеткілікті болуын қамтамасыз ету бойынша шешімдер әзірлеу
|
Президент Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2021 жылғы қыркүйек
|
8.
|
Уәкілетті мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ("Қазгеоақпарат" РГАО" ЖШС және "Қазгеология" ҰКГ" АҚ) базасында геологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізу, Минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкін пайдалану арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету бойынша, геология саласындағы Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелерімен бірлесіп геологиялық ақпаратты қорыту, жүйелеу және талдау бойынша функциялары бар Ұлттық геологиялық қызметті құру
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы
|
Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2021 жылғы желтоқсан
|
9.
|
Инвесторлардың ашық қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық бастапқы және қайталама құжаттардың жүйеленген электрондық көшірмелері негізінде (бастапқы кезеңде) геологиялық ақпараттың ашық цифрлық дерекқорын құру (Минералдык ресурстардың ұлттық деректер банкін енгізу)
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2022 жылғы шілде
|
10.
|
Committee for Mineral Reserves International Reporting Standards (CRIRSCO) шаблоны бойынша пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорлары бойынша есептілік стандарттарының халықаралык жүйесін және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша жер қойнауын пайдалануға лицензиялар беру бойынша бірінші өтінім қағидатын енгізу
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет
|
2022 жылғы шілде
|
11.
|
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге, оның ішінде рәсімдерді цифрландыру және минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі шеңберінде өтінімдердің келіп түекен уақыты, оларды қарау, бас тарту туралы мәліметтерге және Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңнамасында көзделген басқа да ақпаратқа ашық қол жеткізуді ұсыну арқылы бақылауды күшейту
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет,
БП, СЖҚА, ҚМА
|
2022 жылғы шілде
|
12.
|
Шығынданған ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігіне олардың басшыларының жауапкершілігін қарастырып, себептеріне түсінік берумен және жалпы қағидаларды қабылдаумен талдау жүргізу
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет,
ЕК, "Самұрық- Қазына" ҮӘҚ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
|
2022 жылғы қаңтар
|
13.
|
Микро- және шағын бизнесті, әсіресе ауылда кредиттеу үшін микроқаржы ұйымдарының әлеуетін кеңейту мәселесі бойынша шешімдер топтамасын дайындау
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
ҚНРДА, ҮБ, АШМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2022 жылғы акпан
|
14.
|
Стресстік активтер нарығын дамытуды ынталандыратын, оның ішінде бұғатталып тұрған кепіл активтерді тек қана нарықтық негізде экономикалық айналымға қайтаруды жандандыруға бағытталған заңнамалық шаралар қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
ҚНРДА, Үкімет, ҰБ, АХҚО (келісім бойынша)
|
2021 жылғы желтоқсан
|
15.
|
Көтерме-тарату орталықтарының құрылып жатқан желісіне ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда) қолжетімді болуын қамтамасыз ететін, оның ішінде делдалдарды болдырмауды көздейтін тетікті әзірлеу
|
Президент Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет
|
2021 жылғы қараша
|
16.
|
Мына мәселелерге:
"өндірушіден тұтынушыға дейін" тізбегі бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бірыңғай мониторингі және бақылауды қамтамасыз етуге;
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұруға жауапты мемлекеттік органды (оның басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл регламентін бекіте отырып) айқындау
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, БҚДА, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2021 жылғы 1 қазан
|
17.
|
Мал шаруашылығындағы жағдайды жақсарту жөнінде жүйелі шараларды көздейтін жол картасын әзірлеу және қабылдау, оның ішінде:
жем-шөп дақылдарын өсіру алаңын кеңейту; ауыспалы егістің сақталуын бақылауды күшейту; ғарыштық мониторингтеу мен жерді қашықтықтан зондтау мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану;
жайылымдарды пайдаланудың тиімділігін арттыру; жеке қосалқы шаруашылықтардың малдарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
18.
|
Жеке қосалқы шаруашылықтардың мәртебесі мен оларды қолдау кұралдарын да регламенттейтін "Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
19.
|
Ветеринария жүйесін реформалау бойынша нақты шаралар қабылдау, оның ішінде мыналарды қамтитын:
орталық пен өңірлер арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің аражігін айқын ажырату;
процестерді цифрландыру, деректерді жинау мен беруді автоматтандыруды, сондай-ақ кадрларды даярлау және мал дәрігерлерінің жалақысын арттыру
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
20.
|
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту тұжырымдамасы шенберінде ауыл шаруашылығында субсидиялау тетіктерін қайта қарау және ұзақ мерзімді негізде бекіту, оның ішінде:
мемлекеттің өнеркәсіптік саясатымен өзара байланыстыруды;
субсидиялау тәртібі мен тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ету, оларды шағын және орта шаруашылықтарга қолжетімділігі тұрғысынан өзгертуді;
нормативтік базаны нығайтуды, тиімді жоспарлау және мониторингтеу жұйесін енгізуді;
ауыл шаруашылығын технологиялық қайта жабдықтауды ынталандыру құралдарын қамту
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы
|
Үкімет, СЖРА, БП, ҚМА, СЖҚА, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
|
2021 жылғы желтоқсан
|
21.
|
Цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маманды даярлау, сондай-ақ 2025 жылға қарай цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлар экспортын 500 млн АҚШ долларына дейін ұлғайту
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы
|
Үкімет,
СЖРА
|
2021 жылғы желтоқсан
|
22.
|
Тек қана қазақстандық "мемтех"-тың (G-Tech) жаңа платформасы базасында "Цифрлық үкіметтің" қағидатты түрде жаңа архитектурасын құру, ол мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың ақпараттық жүйелерін толық интеграциялауды және олардың қайталануын, тиімсіз шығындар мен бюрократияны азайтуды, мемлекет ұсынатын барлық сервистерді көшіруді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің смартфондардан 100% қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейді
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, СЖРА, МҚІА, ҰҚК
|
2022 жылғы қаңтар, желтоқсан
|
23.
|
Отандық бағдарламалық қамтылым әзірлемелері мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін барынша пайдалану үшін ұлттық компаниялардың ІТ-қоғамдастықпен жүйелі өзара іс-қимыл тетігін құру
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
|
2022 жылғы мамыр
|
24.
|
Барлық мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін реинжинирингтеу бойынша өкілеттіктер бере отырып, Цифрлық трансформация орталығын толыққанды іске қосу
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
25.
|
Қазақстан Республикасының Еуразия өңірінің елеулі бөлігінде өңірлік цифрлық хаб ретінде қалыптасуы жөніндегі жол картасын әзірлеу, онда:
халықаралық дәліздермен және трансшекаралық ағындармен ұштастыра отырып, деректер беру арналарын кезең-кезеңімен кеңейтуді;
көрші мемлекеттерге қызмет көрсету мақсатында деректерді өңдеу орталығының әлеуетін ескеру
|
Жол картасы
|
Үкімет, ҮҚК
|
2021 жылғы желтоқсан
|
26.
|
Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын және мемлекеттік органдардың оны іске асырудағы іс-қимыл жоспарларын нақтылауды сыртқы тәуекелдерді модельдеу, стресс-тест өткізу, сыртқы
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, СЖРА, ҰҚК
|
2022 жылғы шілде, желтоқсан
|
|
агрессияға тойтарыс беру жөніндегі іс-қимылдардың әртүрлі сценарийлерін мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен ойнату нәтижелері негізінде жыл сайын жүргізу
|
|
|
|
27.
|
Әскери басқару жүйесіне автоматтандыру құралдарын енгізу және басқа мемлекеттік органдардың байланыс және басқару жүйелерімен интеграциялау есебінен қауіп-қатерлерге ден қоюдың жеделдігін арттыру
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет,
¥ҚК
|
2022 жылғы шілде, желтоқсан
|
28.
|
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының құрылысы мен дамуының жаңа тұжырымдамасында айқындалған нақтыланған басымдықтарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қайта қаруландырудың және қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын жаңартып іске қосу бойынша ұсыныстар енгізу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет,
СЖРА,ҰҚК
|
2021 жылғы қараша
|
II. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру
|
---|
29.
|
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды сатып алуды жеделдету (оның ішінде бустерлік вакциналауға арналган вакциналарды сатып алу мәселесін пысықтау)
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
30.
|
Денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты вакциналауға әзірлігін қамтамасыз ету (вакциналардың дұрыс сақталуын және тасымалдануын бақылау мәселелерін қоса алғанда) және Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесін орындау
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
|
|
31.
|
Елдің биоқауіпсіздігін болжаудың ұлттық жүйесін құру да көзделген "Биологиялық қауіпсіздік туралы" Заңның қабылдануын қамтамасыз ету
|
Қазақстан
Республикасының
Заңы
|
Үкімет
|
2022 жылғы маусым
|
32.
|
"Дені сау ұлт" ұлттық жобасы шеңберінде кемінде 12 санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханасын жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандыруды, бұл зертханалардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін 90 %-ға дейін арттыруды, сондай-ақ 2025 жылы дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың отандық өндірісінің үлесін 17%-дан 50 %-ға дейін арттыруды қамтамасыз ету
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
Үкімет,
СЖРА
|
2021 жылғы желтоқсан
|
33.
|
Медициналық бұйымдарды зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін, халықаралық стандарттар бойынша аккредиттелген орталықты Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының базасында құру
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Ү кімет
|
2022 жылғы шілде, 2023 жылғы желтоқсан
|
34.
|
Технологиялар трансфертін және жаңа әзірлемелерді қамтамасыз ету үшін инвестициялар тарту мақсатында жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандыру
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет,
СЖРА
|
2021-2022
жылдар
желтоқсан
|
35.
|
Отандық тауар өндірушілермен жасалатын офтейк-келісімшарттарының көлемі мен өнім түрін көбейту
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет
|
2022-2023
жылдар
қаңтар
|
36.
|
Қолданыстағы спорттық инфрақұрылымды және оған қосымша қажеттіліктерді талдау негізінде жаңа объектілер салуды, жұмыс істеп тұрған (оның ішінде білім беру орындарының базасындағы) объектілерді реконструкциялауды, жаңғыртуды және жете жарақтандыруды қамтитын спорттық инфрақұрылымды дамытудың график-жоспарын бекіту
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың
әкімдері
|
2022 жылғы қаңтар
|
|
37.
|
Кәсіпқой спортты басқару жүйесін қайта қарау жөнінде ұсыныстар тұжырымдау
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет,
СЖРА
|
2021 жылғы қазан
|
III. Сапалы білім беру
|
38.
|
Кадрлар даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларын жаңа жағдайларға бейімдеу:
жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру багдарламаларын жаңарту;
"Білім туралы" Заңға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларын алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізу
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
Үкімет
|
2022 жылғы қаңтар, қыркүйек
2021 жылғы желтоқсан
|
|
39.
|
Қашықтан оқыту форматтары үшін ақпараттық жүйелердің сапасын жақсарту
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2022 жылғы наурыз, қыркүйек
|
40.
|
Балаларға бағдарламалау дағдыларын үйрену үшін ваучерлер бөлу
|
Президент Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2022 жылғы қыркүйек
|
41.
|
Заңнамалық өзгерістер енгізу, олар мыналарға бағытталады:
дарынды балаларға (жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне) конкурсқа қатыспай жоғары оқу орнына түсу үшін гранттар беру;
халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бір реттік ақшалай сыйлықақы беру (1500 АЕК);
дарынды балаларды тәрбиелеген педагогтерді, жаттықтырушыларды моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандыру;
ұстаздардың курстардан өту үшін өз қалтасынан ақша төлеуіне жол бермей, педагогтерді үш жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуді ұйымдастыру
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан
Республикасының
Заңы
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
2022 жылғы маусым
|
42.
|
Тұрмысы төмен отбасындағы балаларға арналған "Цифрлық ұстаз" жобасын іске асыру
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет
|
2022 жылғы сәуір, желтоқсан
|
43.
|
2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу, оның ішінде құрылысты ғана емес, сапалы оқу процесін тікелей ұйымдастыруды да көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы салу
|
Жол картасы
|
Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардыц әкімдері
|
2021 жылғы желтоқсан
|
44.
|
Толық жинақты ауыл мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшу
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2025
жылдар
қаңтар
|
45.
|
Болашақ кәсібін саналы түрде таңдауы үшін балаларды ерте жастан мамандықда бейімдеу жүйесін енгізу
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2022 жылғы наурыз
|
46.
|
Сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім берумен жүз пайыз қамту
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2022-2025
жылдар
қаңтар
|
47.
|
Экономиканың нақты секторы үшін даярлау мақсатында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың азаматтық мамандықтарға ұқсас әскери-есептік мамандықтары бойынша ұсыныстар енгізу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет, ҰҚК
|
2021 жылғы қараша
|
48.
|
Заңнамалык актілерге:
жоғарғы оқу орындары үшін лицензиялардың қолданылу мерзімін енгізу;
лицензияларды автоматты түрде қайта ресімдеудің күшін жою (біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру);
жоғарғы оқу орындарын лицензиядан айыру функциясын уәкілетті органға беру;
жоғарғы оқу орны жабылған жағдайда, білім алушыларды ауыстыру жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін құрылтайшылардың әкімшілік
жауапкершілігін белгілеу көзделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жоғары оқу орындарының білім беру сапасы үшін жауапкершілігін күшейту
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының
Заңы
|
Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2021 жылғы желтоқсан 2022 жылғы маусым
|
|
|
49.
|
Кейбір заңнамалық актілерге ғылым мәселелері бойынша:
жетекші ғалымдардың жалақысын базалық қаржыландыруға қосуды (оларды анықтаудың айқын тетігін әзірлеп);
іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыруды енгізуді (осындай ғылыми ұйымдарды іріктеу мен қаржыландырудың айқын қағидаларын әзірлей отырып);
гранттық қаржыландыру мерзімін 5 жылға дейін ұлғайтуды;
Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерін апелляцияға беру институтын енгізуді кездейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының
Заңы
|
Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2021 жылғы 7 қазан
2021 жылғы желтоқсан
|
IV. Өңірлік саясатты жетілдіру
|
50.
|
Билік органдары жұмысының сапасына тұрғындардың көзқарасы туралы шынайы мәлімет алу үшін тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жүргізуді көздейтін, барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысын бағалау тәсілін оңтайландыру бойынша ұсыныстар топтамасын әзірлеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
ЕК, Үкімет, МҚІА, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2022 жылғы қаңтар
|
51.
|
Бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарына және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет,
СЖРА,
Нұр-Сұлтан,
|
2022 жылғы қаңтар
|
|
Ұлттық даму жоспарына сәйкес облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының даму жоспарларын жаңарту, сондай-ақ әрбір өңір үшін инфрақұрылымдық даму жоспарларын бекіту
|
|
Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
|
52.
|
Бюджет заңнамасына "бөлшектенген" бюджетті енгізуге бағытталган түзетулер топтамасын әзірлеу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет, ЕК, СЖРА
|
2022 жылғы маусым
|
|
Заңға тәуелді актілерге бюджеттік процестерді жеңілдетуге, бюрократияны барынша азайтуға, бюджетті жоспарлау мен атқарудың цифрлық құралдарын қолдануды кеңейтуге, жан басына шаққанда қаржыландыру тетігін кеңінен қолдануға, бюджет лимиттерін бөлудің объективті әдістемесін енгізуге бағытталған түзетулер топтамасын әзірлеу
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, мүдделі мемлекеттік органдардың бұйрықтары
|
Үкімет, ЕК, СЖРА
|
2021 жылғы желтоқсан
|
|
Заңнамаға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған түзетулер топтамасын әзірлеу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
53.
|
Құрылыс объектілерінің сметалық құнын үнемі артық көрсетуге жол бермеу мақсатында Қолданыстағы нормативтік база мен тәжірибені түбегейлі қайта қарау жөніндегі жол картасының жобасын әзірлеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет,
ЕК, ҚМА, СЖҚА, "Атамекен" ҮКП (келісім бойынша)
|
2021 жылғы қараша
|
54.
|
Өңірлердің қаржылық дербестігін арттыру бойынша ұсыныстар топтамасын дайындау
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет,
СЖРА
|
2021 жылғы желтоқсан
|
55.
|
Агломерацияларды дамыту туралы заңның жобасын әзірлеу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет, СЖРА, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2022 жылғы қыркүйек
|
56.
|
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, халықтың жайлы тұруы үшін қалалардың кешенді құрылысының жаңа стандарттарын әзірлеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2022 жылғы мамыр, желтоқсан
|
57.
|
Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес болашағы бар ауылдарды дамытуды көздейтін "адамдар - инфрақұрылымға" қағидатын бекіте отырып, Қазақстан Республикасының Аумақтық даму жоспарын қабылдау
|
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Жарлығы
|
Үкімет,
СЖРА
|
2021 жылғы желтоқсан
|
58.
|
Моноқалалардағы тыныс-тіршілікті одан әрі жандандыру жөнінде ұсыныстар енгізу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет, облыстардың әкімдері
|
2021 жылғы қыркүйек
|
59.
|
Жергілікті бюджеттердің абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағдарламаларына "халық қатысатын" бюджетті 10 есе ұлғайту (5 %-дан кем болмайтын деңгейге дейін жеткізе отырып)
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2021 жылғы қараша
|
60.
|
Жергілікті бюджеттердің абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағдарламаларында "халық катысатын" бюджетті бекіту процесінің ашықтығын арттырып, сондай-ақ әкімшілік- аумақтық бірліктердің басқа деңгейлеріне тарата отырып оңтайландыру
|
Президент
Әкімшілігіне
|
Үкімет,
Нұр-Сұлтан,
|
2022 жылғы наурыз
|
ақпарат
|
Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
|
61.
|
Мына ауқымды жобаларды іске асыру бойынша жол карталарын қабылдау:
Алматыдағы ЖЭО-2 алаңында булы газ кондырғысын салу;
ЖЭО-3 жаңғырту және ЖЭО-1 кеңейту;
Түркістан облысында қуаты 1000 МВт және оңтүстік өңірде (оның ішінде Талдықорған және Қызылорда қалаларында) өзге қуатты булы газ қондырғысын салу;
Алматы қаласы мен Алматы облысында кәбіл желілерін реконструкциялау
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҮӘҚ" АҚ
|
2021 жылғы қараша
|
62.
|
Стратегиялық инвесторлармен бірлесіп кемінде 2400 МВт жаңартылатын қуат көздерін елдің түрлі өңірлерінде іске қосу
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
|
2021-2025
жылдар
желтоқсан
|
63.
|
Мейлінше ластанған 10 қаланы газға және баламалы қуат көздеріне көшіру
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет
|
2021-2025
жылдар
желтоқсан
|
64.
|
Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҮӘҚ" АҚ
|
2021-2023
жылдар
желтоқсан
|
65.
|
"Мақат - Солтүстік Кавказ" магистралды газ құбырының лупингін салу
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҮӘҚ" АҚ
|
2021-2026
жылдар
желтоқсан
|
66.
|
"Бейнеу - Жаңаөзен" магистралды газ құбырын жаңғырту
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет,
"Самұрық-Қазына"
ҰӘҚ" АҚ
|
2021-2025
жылдар
желтоқсан
|
67.
|
Маңғыстау облысы Кендірлі кентінде су тұщытатын зауыт салу
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет
|
2021-2024
жылдар
желтоқсан
|
68.
|
Су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру және цифрландыру негізінде су түтынуды тиімді реттеу бойынша нақты шаралар әзірлеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет
|
2021 жылғы қараша
|
69.
|
"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында 120 каналды реконструкциялауды, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында 9 су қоймасын салуды қамтамасыз ету
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
70.
|
Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы ("Қуатты өңірлер - елдің драйвері") шеңберінде, оның ішінде "Астрахань - Маңғыстау" магистралды су құбырын жаңғырту арқылы 5 жыл ішінде барлық қалалар мен ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
71.
|
Инженерлік саланы дамытуды және отандық білікті кадрларды, оның ішінде атом саласындағы инженерлерді даярлауды ескере отырып, Қазақстанда қауіпсіз атом мен сутегі энергетикасын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
|
2022 жылғы маусым
|
V. Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру
|
72.
|
Біліктілікті тану, жүмыскерлерді қүзыретін жетілдіруге ынталандыру мәселелерін реттеуге бағытталған "Кәсіби біліктіліктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет, СЖРА, МҚІА
|
2022 жылғы тамыз
|
73.
|
Жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын (әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру, салық салу), оның ішінде интернет- платформалар негізінде жүзеге асырылатындарын реттеудің тетігін әзірлеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет,
СЖРА
|
2022 жылғы ақпан
|
|
|
74.
|
Қазақстан Республикасының шетелде жүмыс істейтін азаматтарының құқықтарын қорғау тетіктерін де көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
Үкімет, СЖРА, ҰҚК
|
2022 жылғы наурыз
|
75.
|
Шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде:
елдің оңтүстігінен солтүстігіне қоныс аударатын азаматтарға жәрдемақылар бөлудің қолданыстағы тетігін қайта форматтауды, жәрдемақыларды тек әкімдіктер арқылы ғана емес, сол сияқты оңтүстік өңірлерден жұмыскерлерді өз бетінше жалдайтын жұмыс берушілердің шығыстарын өтеу жолымен де беруді;
өзінің жеке бизнесімен айналысқысы келетін қоныс аударушыларга үй салу үшін ғана емес, сол сияқты мемлекеттік қолдау шараларына неғұрлым кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығы қызметін жүргізу үшін де жер учаскелерін беру мүмкіндігін көздеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет
|
2022 жылғы ақпан
|
76.
|
Халық арасында патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдықты төмендетуге бағытталған ақпараттық жұмысты күшейту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу
|
медиажоспар
|
Үкімет
|
2021 жылғы қараша
|
77.
|
Әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекске патерналистік және масылдық ұстанымдарды әлеуметтік саясатта қолдануды азайтуға бағытталған тетіктерді енгізу
|
Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы
|
Үкімет
|
2022 жылғы желтоқсан
|
|
VI. Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау
|
|
78.
|
Гранттық қаржыландыру жүйесін бейімдеу және оларды алудың оңайлатылган режимін енгізу арқылы ауылдық үкіметтік емес үйымдардың сұраныстарын ескеру және ауылда әлеуметтік белсенділікке серпін беру үшін ауылдық жерлерде азаматтык бастамаларды қолдаудың тиімді тетігін әзірлеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
79.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасына аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын, оның ішінде пилоттық режимде өткізу үшін қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан
Республикасының
Заңы
|
Үкімет,
ОСК
|
2022 жылғы желтоқсан
2023 жылғы маусым
|
80.
|
Депутаттық мандаттарды бөлу кезінде квотаны міндетті есепке алу туралы норманы бекіту, сондай-ақ әйелдер мен жастардан басқа, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін де квота белгілеп, квота берілетін азаматтар санаттарының тізбесін кеңейту мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
81.
|
Қылмыстық кодекстің нормаларын Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативтік Хаттамасының ережелерімен үйлестіру
|
Қазақстан
Республикасының
Заңы
|
БП, Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
82.
|
Әйелдердің қоғамдағы құқықтарын және мүмкіндіктерін қолдау мен ілгерілету бөлігінде Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізу
|
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Жарлығы
|
Үкімет
|
2022 жылғы наурыз
|
83.
|
Қылмыстық істер бойынша прокурорлардың айыптау актілерін дайындау жөніндегі құзыретін кезең-кезеңімен кеңейту
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан
Республикасының
Заңы
|
БП, Үкімет
|
2021 жылғы 7 қазан
2021 жылғы желтоқсан
|
84.
|
Полицияның сервистік моделінің ауқымын кеңейтуге жергілікті мемлекеттік басқару органдарын тарту
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2022 жылғы шілде, желтоқсан
|
85.
|
Алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
БП, ІІМ, ҰҚК, СЖҚА, ҚНРДА, ҚМА, ҰБ, АҚДМ, ЦДИАӨМ
|
2021 жылғы қараша
|
86.
|
Кәмелетке толмагандардың, әсіресе ата-анасының қамқорлыгынсыз қалғандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды болғызбау және жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейту
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
БП, Үкімет, Бала құқықтары женіндегі уэкіл
|
2021 жылғы желтоқсан,
2022 жылғы шілде, желтоқсан
|
87.
|
Есірткіні, оның ішінде синтетикалық есірткіні, әсіресе жастар арасында жеткізу, өндіру және өткізу арналарын уақтылы анықтауга және жолын кесуге күш-жігерді жұмылдыра отырып, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ұйымдастыру-практикалық шаралар кешенін қабылдау
|
Президент
Әкімшілігіне
акпарат
|
Үкімет, БП, ҰҚК
|
2022 жылғы қаңтар
|
88.
|
"Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты" қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес бойынша
орта мерзімді кезеңге арналған іс-қимыл бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге енгізу
|
Қазақстан
Республикасының
Президенті Жарлығының жобасы
|
СЖҚА, БП, СЖРА, Қаржымині
|
2021 жылғы 15 желтоқсанға
дейін
|
89.
|
Құқық қорғаушылар, оның ішінде адвокаттар қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жұмысына кедергі келтіретін заңсыз әрекеттердің жолын кесу жөнінде шаралар әзірлеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет,
БП
|
2021 жылғы желтоқсан
|
VII. Ұлттың ұйысуы - одан әрі дамудын басты факторы
|
90.
|
Жаңа мәдениетті және оның талантты өкілдерін ілгерілетуге бағытталған іс жүзіндегі шаралар жоспарын әзірлеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
91.
|
Креативті индустрияны қолдау қорын құруды пысықтау
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
92.
|
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаттарының шеңберінде отаншылдықты, білімге құштарлықты, еңбексүйгіштікті, бірлік пен жауапкершілікті дәріптейтін шараларды тұжырымдау
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет
|
2021 жылғы қазан
|
93.
|
Тіл, ұлттық немесе нәсілдік белгілері бойынша радикализмнің, кемсітушіліктің, ар-намысы мен абыройын қорлаудың кез келген нысандарының алдын алу мен жолын кесу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет,
БП, ҰҚК
|
2022 жылғы қаңтар, шілде
|
94.
|
Қоғамда өркениетті диалог пен өзара құрмет, азаматтық қатысу мәдениетін, сондай-ақ ішкі ынтымақ пен бірліктің негізінде жатқан прогрессивті құндылықтарды нығайтуға зиялы қауымды тарту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2022 жылғы қаңтар, шілде
|
Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар
|
95.
|
Заңнамаға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін ұлғайтуды көздейтін өзгерістер енгізу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Заңы
|
Үкімет
|
2021 жылғы 7 қазан
2021 жылғы желтоқсан
|
96.
|
Заңнамаға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны салық, әлеуметтік және басқа да салалардың есептік көрсеткіші ретінде пайдалануды болдырмауды көздейтін өзгерістер енгізу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан
Республикасының
Заңы
|
Үкімет
|
2021 жылғы 7 қазан
2021 жылғы желтоқсан
|
97.
|
Жұмыскерлерінің жалақысын ұлғайтуға бизнесті ынталандырудың қосымша "жұмсақ" шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде реттелетін сатып алу шеңберінде жеңілдіктерді, сондай-ақ жалақыны көбейтетін кәсіпорындардың мемлекеттік қолдауға басым қол жеткізуін көздеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет
|
2021 жылғы қараша
|
98.
|
Микро- және шағын кәсіпкерлік үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді жинау және аудару тетігін әзірлеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар
|
Үкімет,
ҰБ
|
2021 жылғы желтоқсан
|
99.
|
Микро- және шағын кәсіпкерлік үшін жиынтық жүктемені 34%-дан 25%-ға дейін төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізуді көздейтін заңнамалық түзетулерді қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2022 жылғы маусым
|
100.
|
Микро- және шағын кәсіпкерлік үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізу шеңберінде төлемдерді қабылдау және өңдеу үшін қаржы және өзге де ұйымдардың төлем және ақпараттық жүйелерін пысықтау
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
ҰБ, Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2022 жылғы мамыр, желтоқсан
|
101.
|
Азаматтық қызметшілердің (мәдениет, архив ісі ұйымдары жұмыскерлері, оның ішінде техникалық персонал және басқалары) жекелеген санаттарына 2022-2025 жылдар аралығында орташа есеппен жыл сайын 20%-ға жалақыны арттыру
|
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
102.
|
"Отбасы банк" АҚ-ны бағдарламаның әкімшісі ретінде айқындай отырып ("бір терезе" қағидаты бойынша), оның ішінде тұрғын үйді есепке алу және азаматтар арасында бөлу жөніндегі ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндей біртұтас тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет
|
2021 жылғы желтоқсан
|
103.
|
Азаматтарға зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегінен асатын бөлігін "Отбасы банк" АҚ-дағы шоттарға кейін тұрғын үй сатып алу мақсатында жинау үшін аударуға құқық беру
|
Президент
Әкімшілігіне
ақпарат
|
Үкімет
|
2022 жылғы қаңтар
|
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы
БҚДА - Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
СЖҚА - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
ҚНРДА - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
СЖРА - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
АХҚО - "Астана" халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі" акционерлік қоғамы
ЦДИАӨМ - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ҰКП "Атамекен" - "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл - Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл