О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ответственного обращения с животными"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2021 года № 672

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ответственного обращения с животными".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Проект

ЗАКОН
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ответственного обращения с животными

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Уголовный кодекс Республики Казахстан от 3 июля 2014 года:

      1) статью 316 изложить в следующей редакции:

      "Статья 316. Жестокое обращение с животным

      1. Жестокое обращение с животным, повлекшее его увечье, –

      наказывается штрафом в размере до ста двадцати месячных расчетных показателей либо исправительными работами в том же размере, либо привлечением к общественным работам на срок до ста двадцати часов, либо арестом на срок до тридцати суток.

      2. Жестокое обращение с животным, повлекшее его гибель, –

      наказывается штрафом в размере до двухсот месячных расчетных показателей либо исправительными работами в том же размере, либо привлечением к общественным работам на срок до двухсот часов, либо арестом на срок до пятидесяти суток с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до 1 года или без такового.

      3. Деяния, предусмотренные частями первой или второй настоящей статьи, совершенные:

      а) в отношении двух и более животных;

      б) группой лиц, группой лиц по предварительному сговору;

      в) неоднократно;

      г) в присутствии малолетнего;

      д) публично или с публичной демонстрацией этого деяния в средствах массовой информации или с использованием сетей телекоммуникаций, –

      наказываются штрафом в размере до одной тысячи месячных расчетных показателей либо исправительными работами в том же размере, либо привлечением к общественным работам на срок до четырехсот часов, либо ограничением свободы на срок до одного года, либо лишением свободы на тот же срок с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до двух лет или без такового.".

      2. В Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан":

      пункт 2-2 статьи 6 изложить в следующей редакции:

      "2-2. К компетенции маслихатов областей, городов республиканского значения, столицы относится утверждение правил содержания животных, правил учета домашних животных, правил содержания сельскохозяйственных животных в населенных пунктах, правил выпаса сельскохозяйственных животных, правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и умерщвления животных, перечня животных, подлежащих отлову и умерщвлению, а также иных правил, за нарушение которых установлена административная ответственность.".

      3. В Закон Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии":

      1) в статье 10:

      пункте 1:

      в подпункте 4-3) слова "уничтожения бродячих собак и кошек;" заменить словами "умерщвления животных, перечня животных, подлежащих отлову и умерщвлению;";

      в подпункте 4-9) слова "уничтожения бродячих собак и кошек;" заменить словами "умерщвления животных;";

      в пункте 1-1:

      в подпункте 23) слова "уничтожения бродячих собак и кошек" заменить словами "умерщвления животных;";

      в подпункте 27) слова "уничтожения бродячих собак и кошек" заменить словами "умерщвления животных, перечня животных, подлежащих отлову и умерщвлению;";

      4) в пункте 4 статьи 11 слова "уничтожения бродячих собак и кошек;" заменить словами "умерщвления животных;".

      4. В Закон Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира":

      1) подпункт 35) статьи 1 изложить в следующей редакции:

      "35) животные – дикие животные (млекопитающие, птицы, пресмыкающиеся, земноводные, рыбы, моллюски, насекомые и другие), находящиеся в состоянии естественной свободы на суше, в воде, атмосфере и почве, а также домашние животные вне зависимости от вида, в том числе собаки и кошки, традиционно содержатся и разводятся человеком для удовлетворения эстетических потребностей и потребностей в общении
(за исключением животных, включенных в перечень животных, запрещенных к содержанию);";

      2) в статье 49:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Государственный контроль и надзор в области охраны, воспроизводства и использования животного мира осуществляются в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан в форме внеплановой проверки и профилактического контроля с посещением на предмет соблюдения требований законодательства в области охраны, воспроизводства и использования животного мира.";

      пункт 2 исключить.

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 672 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ З А Ң Ы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексіне:

      1) 316-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "316-бап. Жануарларға қатыгездiкпен қарау

      1. Жануарға оның мертігуіне әкеп соққан қатыгездікпен қарау –

      бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады

      2. Жануарға оның өліміне әкеп соққан қатыгездікпен қарау –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 1 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

      а) екі және одан да көп жануарларға қатысты;

      б) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен;

      в) бірнеше рет;

      г) жас баланың қатысуымен;

      д) осы іс-әрекетті бұқаралық ақпарат құралдарында жария түрде немесе жария түрде көрсете отырып немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған іс-әрекеттер –

      бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жазаланады.".

      2. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      6-баптың 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне жануарларды асырау қағидаларын, үй жануарларын есепке алу қағидаларын, ауыл шаруашылығы жануарларын елді мекендерде асырау қағидаларын, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау және өлтіру қағидаларын, аулауға және өлтіруге жататын жануарлар тізбесін бекіту, сондай-ақ бұзылғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленген өзге де қағидаларды бекіту жатады.".

      3. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 10-бапта:

      1-тармақта:

      4-3) тармақшадағы "қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын" деген сөздер "жануарларды аулау және өлтіру қағидаларын, аулауға және өлтіруге жататын жануарлар тізбесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-9) тармақшадағы "қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды" деген сөздер "жануарларды аулауды және өлтіруді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-1-тармақта:

      23) тармақшадағы "қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды" деген сөздер "жануарларды аулауды және өлтіруді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) тармақшадағы "қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын" деген сөздер "жануарларды аулау және өлтіру қағидаларын, аулауға және өлтіруге жататын жануарлар тізбесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-баптың 4-тармағындағы "қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды" деген сөздер "жануарларды аулауды және өлтіруді" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) жануарлар – құрлықта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркіндік жағдайында жүрген жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскілер, жәндіктер және басқалары), сондай-ақ адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін кез келген түрдегі үй жануарлары, оның ішінде иттер мен мысықтар (асырауға тыйым салынған жануарлар тізбесіне енгізілген жануарларды қоспағанда);";

      2) 49-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының сақталуы тұрғысынан бару арқылы жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      2-тармақ алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті