О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325 "Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2022 года № 95.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325 "Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" следующие изменения:

      в Правилах использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов, утвержденных указанным постановлением:

      часть вторую пункта 37 изложить в следующей редакции:

      "Обязательными условиями при выделении денег для кредитования из резерва Правительства Республики Казахстан на покрытие дефицита наличности областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы в случае его прогноза являются:

      1) наличие сумм, предусмотренных в республиканском бюджете на текущий финансовый год для кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы;

      2) направление выделяемых денег на финансирование расходов областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы, утвержденных решениями маслихатов и не обеспеченных текущими поступлениями в областной бюджет, бюджеты городов республиканского значения, столицы и финансированием дефицита областного бюджета, бюджетов городов республиканского значения, столицы за определенный отчетный период;

      3) отсутствие задолженности местных исполнительных органов по ранее выданным кредитам из республиканского бюджета;

      4) сумма выделяемого кредита не приводит к превышению лимита долга местного исполнительного органа, установленного на соответствующий финансовый год центральным уполномоченным органом по государственному планированию по согласованию с уполномоченным органом по исполнению бюджета.";

      пункт 38 изложить в следующей редакции:

      "38. При прогнозе в очередном финансовом году дефицита наличности заимствование местными исполнительными органами осуществляется на срок до шести месяцев в пределах финансового года и не требует уточнения республиканского или местных бюджетов.";

      часть вторую пункта 39 изложить в следующей редакции:

      "При выделении денег из резерва Правительства Республики Казахстан в решении Правительства Республики Казахстан указываются конкретный срок кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на покрытие дефицита наличности и график погашения кредита.";

      часть вторую пункта 41 изложить в следующей редакции:

      "Обязательными условиями для выделения денег из резерва исполнительных органов областей или районов (городов областного значения) для кредитования на покрытие дефицита наличности районных (городов областного значения) бюджетов или бюджетов города районного значения, села, поселка, сельского округа, соответственно, в случае его прогноза являются:

      1) наличие сумм, предусмотренных в областном или районном (городов областного значения) бюджете на текущий финансовый год для кредитования районных (городов областного значения) бюджетов или бюджетов города районного значения, села, поселка, сельского округа соответственно;

      2) направление выделяемых денег на финансирование расходов районных (городов областного значения) бюджетов или бюджетов города районного значения, села, поселка, сельского округа, утвержденных решениями маслихатов и не обеспеченных текущими поступлениями в районные (городов областного значения) бюджеты или бюджеты города районного значения, села, поселка, сельского округа и финансированием дефицита районных (городов областного значения) бюджетов или бюджетов города районного значения, села, поселка, сельского округа соответственно за определенный отчетный период;

      3) отсутствие задолженности местных исполнительных органов районов (городов областного значения) по ранее выданным кредитам из областного бюджета;

      4) отсутствие задолженности аппаратов акима города районного значения, села, поселка, сельского округа по ранее выданным кредитам из районного (городов областного значения) бюджета.";

      пункт 42 изложить в следующей редакции:

      "42. Бюджетное кредитование из резерва исполнительных органов областей или районов (городов областного значения) на покрытие дефицита наличности районных (городов областного значения) бюджетов или бюджетов города районного значения, села, поселка, сельского округа осуществляется в очередном финансовом году при прогнозе дефицита наличности на срок до шести месяцев в пределах финансового года и без уточнения республиканского или местных бюджетов.";

      часть вторую пункта 43 изложить в следующей редакции:

      "При выделении денег из резерва исполнительных органов областей или районов (городов областного значения) в решении исполнительных органов областей или районов (городов областного значения) указываются конкретный срок кредитования районных (городов областного значения) бюджетов или бюджетов города районного значения, села, поселка, сельского округа соответственно на покрытие дефицита наличности и график погашения кредита.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 95 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      37-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамданған жағдайда, оны жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен кредит беру үшін ақша бөлген кезде мыналар міндетті шарттар болып табылады:

      1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген соманың болуы;

      2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есепті кезең үшін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі;

      3) жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы;

      4) бөлінетін кредит сомасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылына белгілеген жергілікті атқарушы орган борышының лимитінен асып түсуге әкеп соқтырмайды.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған кезде жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергілікті бюджеттерді нақтылауды талап етпейді.";

      39-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлінген кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне кредит берудің нақты мерзімі және кредитті өтеудің кестесі көрсетіледі.";

      41-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамданған жағдайда, оны жабуға кредит беру үшін облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:

      1) тиісінше аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетте көзделген соманың болуы;

      2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне ағымдағы түсімдермен және тиісінше белгілі бір есепті кезең үшін аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі;

      3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы;

      4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервінен бюджеттік кредит беру қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге қолма-қол ақша тапшылығы болжанған кезде және республикалық немесе жергілікті бюджеттер нақтыланбай, кезекті қаржы жылында жүзеге асырылады.";

      43-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервінен ақша бөлінетін кезде облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының шешімінде тиісінше аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне қолма-қол ақша тапшылығын жабуға кредит берудің нақты мерзімі және кредитті өтеудің кестесі көрсетіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов