О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2014 года № 1291 "Об утверждении Правил изъятия, учета, хранения, передачи и уничтожения вещественных доказательств, изъятых документов, денег в национальной и иностранной валюте, наркотических средств, психотропных веществ по уголовным делам судом, органами прокуратуры, уголовного преследования и судебной экспертизы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 2022 года № 202.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2014 года № 1291 "Об утверждении Правил изъятия, учета, хранения, передачи и уничтожения вещественных доказательств, изъятых документов, денег в национальной и иностранной валюте, наркотических средств, психотропных веществ по уголовным делам судом, органами прокуратуры, уголовного преследования и судебной экспертизы" следующие изменения:

      в Правилах изъятия, учета, хранения, передачи и уничтожения вещественных доказательств, изъятых документов, денег в национальной и иностранной валюте, наркотических средств, психотропных веществ по уголовным делам судом, органами прокуратуры, уголовного преследования и судебной экспертизы, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок изъятия вещественных доказательств и документов по уголовным делам судом, органами прокуратуры, уголовного преследования и судебной экспертизы";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Факт изъятия предметов, ценностей и документов отражается в протоколе процессуальных действий либо протоколе, составленном в соответствии с требованиями, предусмотренными статьей 527 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан. Орган, ведущий уголовный процесс, допрашивает лицо, представившее предмет, ценности и документы, с отражением в протоколе их наименования, времени, места и других обстоятельств их обнаружения, приобретения, хранения, имеющих значение для установления истины. Фактические данные могут быть использованы только после их фиксации в протоколе процессуальных действий либо протоколе, составленном в соответствии с требованиями, предусмотренными статьей 527 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, в качестве доказательств.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. В протоколе процессуальных действий либо протоколе, составленном в соответствии с требованиями, предусмотренными статьей 527 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, перечисляются все изымаемые предметы и документы, а равно описываемое имущество. При изъятии большого числа предметов, ценностей и документов в обязательном порядке составляется опись, прилагаемая к протоколу и являющаяся его неотъемлемой частью, где отражаются точное наименование предмета, количество, мера, вес, серия, номер и другие отличительные признаки каждого изымаемого объекта, время и место их обнаружения.

      Исходя из обстоятельств дела, орган, ведущий уголовный процесс, изымает часть объекта, на котором находятся следы (микроследы), имеющие отношение к уголовному делу, если нет возможности изъять объект в целом. При этом органом, ведущим уголовный процесс, не допускается порча предметов, принадлежащих потерпевшим и иным лицам, а в случае неизбежной порчи делается об этом отметка в соответствующем протоколе и принимаются меры к возмещению причиненного гражданам ущерба.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Изъятые предметы, ценности и документы подлежат осмотру, в необходимых случаях с участием специалиста, подробно описываются в протоколе процессуальных действий либо протоколе, составленном в соответствии с требованиями, предусмотренными статьей 527 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, где указываются количественные и качественные характеристики предметов, ценностей и документов, все другие индивидуальные признаки, позволяющие выделить объект из числа подобных и обусловливающие его доказательственное значение.

      Привлечение специалиста обязательно, если имеется подозрение, что предметы представляют собой опасность (взрывчатые, токсичные и ядовитые вещества, радиоактивные материалы и другие опасные вещества). Производство каких-либо действий с такими объектами в отсутствие специалиста не допускается.

      При невозможности привлечения специалиста в процессуальном документе отражаются только индивидуальные признаки изымаемого предмета и ценностей.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. После осмотра изымаемые предметы, признанные вещественным доказательством, приобщаются к делу постановлением органа, ведущего уголовный процесс, либо протоколом, составленным в соответствии с требованиями, предусмотренными статьей 527 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, и находятся при нем до вступления в законную силу приговора или постановления о прекращении дела.

      Предметы, ценности и документы, изъятые в ходе досудебного производства, но не признанные вещественными доказательствами, подлежат возврату лицам, у которых они были изъяты.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Отобранные образцы упаковываются, опечатываются, заверяются подписями участников следственных действий, приобщаются к делу в качестве вещественных доказательств постановлением органа, ведущего уголовный процесс, либо протоколом, составленным в соответствии с требованиями, предусмотренными статьей 527 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан.";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Порядок учета вещественных доказательств по уголовным делам судом, органами прокуратуры, уголовного преследования и судебной экспертизы";

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Порядок хранения вещественных доказательств, изъятых документов, денег в национальной и иностранной валюте, наркотических средств, психотропных веществ по уголовным делам судом, органами прокуратуры, уголовного преследования и судебной экспертизы";

      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Порядок передачи вещественных доказательств";

      заголовок главы 6 изложить в следующей редакции:

      "Глава 6. Порядок уничтожения вещественных доказательств".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

"Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 сәуірдегі № 202 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді және құжаттарды алып қою тәртібі";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Нәрселерді, құндылықтар мен құжаттарды алып қою фактісі процестік әрекеттер хаттамасында не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 527-бабында көзделген талаптарға сәйкес жасалған хаттамада көрсетiледi. Қылмыстық процесті жүргізуші орган нәрсені, құндылықтар мен құжаттарды ұсынған адамнан жауап алып, хаттамада ақиқатты анықтау үшiн маңызы бар нәрсенің атауларын, оларды табудың, сатып алудың, сақтаудың уақытын, орнын және басқа да мән-жайларын көрсетеді. Нақты деректер процестік әрекеттер хаттамасында не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 527-бабында көзделген талаптарға сәйкес жасалған хаттамада тіркелгеннен кейiн ғана оларды дәлелдемелер ретiнде пайдалануға болады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Процестік әрекеттер хаттамасында не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 527-бабында көзделген талаптарға сәйкес жасалған хаттамада барлық алынатын нәрселер мен құжаттар, сол сияқты тізімделетін мүлiк көрсетіледі. Нәрселердің, құндылықтар мен құжаттардың ауқымды мөлшерi алынатын кезде хаттамаға қоса берiлетiн және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын тiзiмдеме мiндеттi түрде жасалады, онда нәрсенің нақты атауы, әрбiр алынатын объектiнiң саны, өлшемі, салмағы, сериясы, нөмiрi және басқа да айырым белгiлерi, олардың табылған жері мен уақыты көрсетiледi.

      Iстiң мән-жайларына қарай қылмыстық процесті жүргізетін орган, егер объектiнi бүтiндей алу мүмкiндiгi болмаса, қылмыстық iске қатысты iздерi (микро-iздер) бар объектiнiң бiр бөлiгiн алады. Бұл ретте, қылмыстық процесті жүргізетін орган жәбiрленушiлер мен өзге де адамдарға тиесiлi заттардың бүлiнуiне жол бермейді, ал мәжбүрлі бүлiнген жағдайда, бұл туралы тиісті хаттамада белгі жасайды және азаматтарға келтiрiлген зиянды өтеуге шаралар қолданады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Алынған нәрселер, құндылықтар мен құжаттар қарап-тексеруге, қажетті жағдайларда маманның қатысуымен қарап-тексеруге жатады, процестік әрекеттер хаттамасында не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 527-бабында көзделген талаптарға сәйкес жасалған хаттамада толық сипатталады, онда нәрселердің, құндылықтар мен құжаттардың сандық және сапалық сипаттамалары, объектiнi оған ұқсастардың арасынан ажыратуға мүмкiндiк беретiн және оның дәлелдемелiк маңызын негіздейтін басқа да барлық дара белгiлерi көрсетiледi.

      Егер нәрселер (жарылғыш, уытты және улы заттар, радиоактивті материалдар және басқа да қауіпті заттар) қауіп төндіреді деген күдік болса, маманды тарту міндетті болып табылады. Маман болмаған кезде, мұндай объектілермен қандай да бір әрекеттер жасауға жол берілмейді.

      Маманды тарту мүмкін болмаған кезде, процестік құжатта алынатын нәрсенің және құндылықтардың дара белгілері ғана көрсетіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қарап-тексергеннен кейін заттай дәлелдеме болып танылған алынатын нәрселер қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысымен не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 527-бабында көзделген талаптарға сәйкес жасалған хаттамамен іске қоса тіркеледі және үкім немесе істі тоқтату туралы қаулы заңды күшіне енгенге дейін сонда болады.

      Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында алынған, бірақ заттай дәлелдемелер деп танылмаған нәрселер, құндылықтар мен құжаттар өздері алынған адамға қайтарылуға жатады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Іріктеп алынған үлгілер қапталады, мөрленеді, тергеу әрекеттеріне қатысушылардың қолдарымен куәландырылады, қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысымен не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 527-бабында көзделген талаптарға сәйкес жасалған хаттамамен заттай дәлелдемелер ретінде іске қоса тіркеледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді есепке алу тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алынған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткі, психотроптық заттарды сақтау тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Заттай дәлелдемелерді беру тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Заттай дәлелдемелерді жою тәртібі".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов