О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 860 "Об утверждении Правил оперирования материальными ценностями государственного материального резерва"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 мая 2022 года № 288.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 860 "Об утверждении Правил оперирования материальными ценностями государственного материального резерва" следующее изменение:

      в Правилах оперирования материальными ценностями государственного материального резерва, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 74 изложить в следующей редакции:

      "74. Выпуск материальных ценностей из государственного материального резерва в порядке разбронирования для принятия мер по предупреждению и ликвидации чрезвычайной ситуации социального характера и ее последствий осуществляется по решению государственного органа по предупреждению и ликвидации чрезвычайной ситуации социального характера и согласованию с уполномоченным органом в срок не более 1 (один) календарного дня с момента поступления от государственных органов потребности, наименований и количества материальных ценностей.

      При необходимости выпуска материальных ценностей государственного материального резерва для принятия мер по предупреждению и ликвидации чрезвычайной ситуации социального характера и ее последствий государственный орган по предупреждению и ликвидации чрезвычайной ситуации социального характера направляет на согласование в уполномоченный орган проект решения с приложением копии решения о введении правового режима чрезвычайной ситуации социального характера.

      В проекте решения о выпуске материальных ценностей государственного материального резерва в порядке разбронирования для принятия мер по предупреждению и ликвидации чрезвычайной ситуации социального характера и ее последствий указываются наименование, количество, единица измерения выпускаемых материальных ценностей, получатель материальных ценностей.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

"Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 288 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында:

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның шешімі және уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардан материалдық құндылықтарға қажеттілік, олардың атауы және саны келіп түскен кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару қажет болған кезде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган уәкілетті органға әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай құқықтық режимін енгізу туралы шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, шешімнің жобасын келісуге жолдайды.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім жобасында шығарылатын материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, материалдық құндылықтарды алушы көрсетіледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов