О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2012 года № 264 "Об утверждении размеров квоты приема при поступлении на учебу в организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального, послесреднего и высшего образования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июля 2022 года № 475. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 сентября 2023 года № 770.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 06.09.2023 № 770 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2012 года № 264 "Об утверждении размеров квоты приема при поступлении на учебу в организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального, послесреднего и высшего образования" следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В целях реализации подпункта 24-1) статьи 4 и пункта 8 статьи 26 Закона Республики Казахстан "Об образовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в пункте 1:

      подпункты 1), 2) и 3) изложить в следующей редакции:

      "1) граждан из числа лиц с инвалидностью первой или второй группы, лиц с инвалидностью с детства, детей с инвалидностью – 1 процент;

      2) ветеранов боевых действий на территории других государств, ветеранов, приравненных по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, – 0,5 процента;

      3) граждан из числа сельской молодежи на обучение по образовательным программам, определяющим социально-экономическое развитие села, – 35 процентов;";

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) граждан Республики Казахстан из числа сельской молодежи, переселяющихся в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан, – 5 процентов;";

      подпункт 9) изложить в следующей редакции:

      "9) детей из семей, воспитывающих детей с инвалидностью с детства, лиц с инвалидностью первой или второй группы, – 1 процент.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 шiлдедегi № 475 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 770 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.09.2023 № 770 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 24-1) тармақшасын және 26-бабының 8-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақта:

      1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,5 пайыз;

      3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35 пайыз;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 5 пайыз;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов