О некоторых вопросах акционерного общества "Национальный инфокоммуникационный холдинг "Зерде"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2022 года № 540.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.5

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 и пунктом 1 статьи 181 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Ликвидировать акционерное общество "Национальный инфокоммуникационный холдинг "Зерде".

      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан:

      1) в установленном законодательством порядке обеспечить передачу Министерству цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан прав владения и пользования пакетами акций акционерных обществ "Национальные информационные технологии" и "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations" (далее – акционерные общества);

      2) совместно с Министерством цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 03.11.2022 № 865.

      3. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан (далее – изменения и дополнения).

      4. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2021 года № 881 "Об утверждении Стратегии развития акционерного общества "Национальный инфокоммуникационный холдинг "Зерде" на 2021 – 2030 годы".

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением подпункта 1) пункта 2 настоящего постановления, а также абзацев пятого, шестого, седьмого пунктов 1 и 2, абзацев седьмого, восьмого, девятого пункта 5 изменений и дополнений, которые вводятся в действие после передачи ликвидационной комиссией акций акционерных обществ.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции постановления Правительства РК от 03.11.2022 № 865.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 5 августа 2022 года № 540

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях":

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "г. Нур-Султан":

      строку, порядковый номер 21-108, исключить;

      дополнить строками, порядковые номера 21-205 и 21-206, следующего содержания:

      "21-205. Акционерное общество "Национальные информационные технологии"

      21-206. Акционерное общество "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      в разделе "Министерству цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан":

      строку, порядковый номер 376-3, исключить;

      дополнить строками, порядковые номера 376-4 и 376-5, следующего содержания:

      "376-4. Акционерное общество "Национальные информационные технологии".

      376-5. Акционерное общество "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations".".

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 27.12.2023 № 1195.

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2011 года № 376 "Об утверждении перечня национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний":

      в перечне национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Национальные холдинги":

      строку, порядковый номер 3, исключить.

      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 24 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан":

      в Положении о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан и его ведомств:

      в пункте 1:

      в разделе "Акционерные общества":

      подпункт 1) исключить;

      дополнить подпунктами 3) и 4) следующего содержания:

      "3) акционерное общество "Национальные информационные технологии";

      4) акционерное общество "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations".".

      _______________________________

"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 540 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 181-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне "Ұлттық ақпараттық технологиялар" және "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамдары (бұдан әрі – акционерлік қоғамдар) акцияларының пакеттерін иелену және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.11.2022 № 865 қаулысымен.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      4. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 881 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасын, сондай-ақ тарату комиссиясы акционерлік қоғамдардың акцияларын бергеннен кейін қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 2-тармақтарының бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын, 5-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.11.2022 № 865 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 5 тамыздағы
№ 540 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-108-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-205 және 21-206-жолдармен толықтырылсын:

      "21-205. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы

      21-206. "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 376-3-жол алып тасталсын.

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 376-4 және 376-5-жолдармен толықтырылсын:

      "376-4. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы.

      376-5. "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы.".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.

      4. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық холдингтер" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      1-тармақта:

      "Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:

      1) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы;

      4) "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы.".