О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2021 года № 966 "Об утверждении Правил и размера осуществления денежной выплаты ветеранам дипломатической службы Республики Казахстан, занимавшим должность Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан, Постоянного (Полномочного) представителя Республики Казахстан при международной организации или имеющим дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посла"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 сентября 2022 года № 648.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2021 года № 966 "Об утверждении Правил и размера осуществления денежной выплаты ветеранам дипломатической службы Республики Казахстан, занимавшим должность Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан, Постоянного (Полномочного) представителя Республики Казахстан при международной организации или имеющим дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посла" следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии со статьей 29-1 Закона Республики Казахстан "О дипломатической службе Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Правилах и размерах осуществления денежной выплаты ветеранам дипломатической службы Республики Казахстан, занимавшим должность Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан, Постоянного (Полномочного) представителя Республики Казахстан при международной организации или имеющим дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посла, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Служба управления персоналом Министерства в течение трех рабочих дней после получения ответов от компетентных органов формирует личное дело на каждого заявителя с приложением документов, предусмотренных в пункте 3 настоящих Правил.

      Ответы компетентных органов также включаются в состав личного дела заявителя.";

      пункт 8 исключить;

      пункты 9 и 10 изложить в следующей редакции:

      "9. Служба управления персоналом Министерства проверяет документы в отношении заявителей на соответствие следующим требованиям:

      1) наличие у заявителя гражданства Республики Казахстан на момент подачи заявления;

      2) отсутствие у заявителя постоянного места жительства за пределами Республики Казахстан;

      3) отсутствие фактов освобождения от должности за дисциплинарный проступок, дискредитирующий государственную службу Республики Казахстан;

      4) отсутствие случаев увольнения с государственной службы Республики Казахстан по отрицательным мотивам;

      5) достоверность представленных заявителем документов.

      10. По результатам рассмотрения поступивших заявлений Служба управления персоналом Министерства подготавливает заключение в произвольной форме:

      1) о назначении денежной выплаты;

      2) об оставлении документов заявителя без рассмотрения в случае несоответствия заявителя требованиям, указанным в пункте 9 настоящих Правил.

      В случае выявления оснований для оставления документов заявителя без рассмотрения по основаниям, указанным в пункте 9 настоящих Правил, Служба управления персоналом не позднее чем за три рабочих дня до завершения срока рассмотрения заявления, согласно статье 73 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан, направляет заявителю уведомление о предварительном решении об оставлении документов заявителя без рассмотрения, а также времени и месте проведения заслушивания для возможности выразить заявителю позицию по предварительному решению.

      Процедура заслушивания проводится в соответствии со статьями 73 и 74 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.";

      пункт 11 исключить;

      пункты 12 и 13 изложить в следующей редакции:

      "12. Заключение Службы управления персоналом Министерства по согласованию с финансовой и юридической службами Министерства не позднее одного рабочего дня со дня рассмотрения полного пакета документов направляется на рассмотрение Министра либо лица, исполняющего его обязанности, для принятия решения.

      13. Министр либо лицо, исполняющее его обязанности, по итогам рассмотрения документов, представленных Службой управления персоналом Министерства, в течение трех рабочих дней принимают решение о назначении денежной выплаты либо подписывает письмо об оставлении документов заявителя без рассмотрения.".

      приложение к указанным Правилам, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 6 сентября 2022 года № 648
  Приложение
к Правилам и размерам
осуществления денежной
выплаты ветеранам
дипломатической службы
Республики Казахстан,
занимавшим должность
Чрезвычайного и
Полномочного Посла
Республики Казахстан,
Постоянного (Полномочного)
представителя
Республики Казахстан при
международной организации
или имеющим дипломатический
ранг Чрезвычайного и
Полномочного Посла

                                                      Министру иностранных дел
                                                      Республики Казахстан
                                                      ________________________
                                                      от _____________________
                                                      фамилия, имя, отчество
                                                      (при наличии)
                                                      Адрес проживания:
                                                      ______________________

  форма

Заявление

      Прошу назначить мне денежную выплату, осуществляемую ветерану дипломатической службы Республики Казахстан, занимавшему должность Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан, Постоянного (Полномочного) представителя Республики Казахстан при международной организации или имеющему дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посла.

      К заявлению прилагаю:

      1. ____________________________________________________

      2. ____________________________________________________

      3. ____________________________________________________

      4. ____________________________________________________

      В случае изменений в фамилии, имени, отчестве, номере банковского счета, гражданства, постоянного места жительства, о данном факте мною будет информирована Служба управления персоналом Министерства иностранных дел Республики Казахстан в течение десяти рабочих дней.

      Даю согласие на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для рассмотрения заявления в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите".

      Подпись заявителя "___" _____________ 20__ года.

      _________________________

"Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 966 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 648 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 966 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары және мөлшерінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Министрліктің Персоналды басқару қызметі құзыретті органдардан жауап алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларының 3-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, әрбір өтініш берушіге жеке іс қалыптастырады.

      Құзыретті органдардың жауабы өтініш берушінің жеке іс құрамына да енгізіледі.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Министрліктің Персоналды басқару қызметі өтініш берушілерге қатысты құжаттардың мынадай талаптарға сәйкестігін тексереді:

      1) өтініш берушінің өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;

      2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрғылықты жерінің болмауы;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін лауазымынан босату фактісінің болмауы;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінен теріс себептер бойынша жұмыстан босатылу жағдайларының болмауы;

      5) өтініш беруші ұсынған құжаттардың дұрыстығы.

      10. Келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесі бойынша Министрліктің Персоналды басқару қызметі еркін нысанда:

      1) ақшалай төлемді тағайындау туралы;

      2) өтініш беруші осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушінің құжаттарын қарамай қалдыру туралы қорытынды дайындайды.

      Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өтініш берушінің құжаттарын қарамай қалдыру үшін негіздер анықталған жағдайда Персоналды басқару қызметі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушінің құжаттарын қарамай қалдыру туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарламаны өтініш берушінің алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі болуы үшін өтініш берушіге жібереді.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес жүргізіледі.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Министрліктің Персоналды басқару қызметінің қорытындысы Министрліктің қаржы және заң қызметтерімен келісу бойынша құжаттардың толық топтамасы қаралған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, шешім қабылдау үшін Министрдің не оның міндетін атқарушы адамның қарауына жіберіледі.

      13. Министр не оның міндетін атқарушы адам Министрліктің Персоналды басқару қызметі ұсынған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша үш жұмыс күні ішінде ақшалай төлем тағайындау туралы шешім қабылдайды не өтініш берушінің құжаттарын қараусыз қалдыру туралы хатқа қол қояды.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 648 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Төтенше және Өкілетті Елшісі,
Қазақстан Республикасының
халықаралық ұйым жанындағы
Тұрақты (Өкілетті) өкілі
лауазымын атқарған немесе
дипломаттық дәрежесі бар
Қазақстан Республикасының
дипломатиялық қызметінің
ардагерлеріне ақшалай
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына және мөлшеріне
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
  _______________________
  кімнен ________________
  тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса)
  Тұрғылықты мекенжайы:
  ______________________
  нысан

Өтініш

      Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің ардагеріне берілетін ақшалай төлем тағайындауыңызды сұраймын.

      Өтінішке мыналар қоса беріледі:

      1. _____________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      3. _____________________________________________________________

      4. _____________________________________________________________

      Тегім, атым, әкемнің аты, банк шотымның нөмірі, азаматтығым, тұрақты тұрғылықты жерім өзгерген жағдайда мен бұл факт туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Персоналды басқару қызметіне он жұмыс күні ішінде хабарлаймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өтінішті қарау үшін талап етілетін қол жеткізілуі шектеулі дербес деректеріме қол жеткізуге келісімімді беремін.

      Өтініш берушінің қолы 20_жылғы "_" _____________