Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 966 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.09.2022 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары және мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Peспубликасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 966 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары және мөлшері (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 29-1-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және мөлшерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланады:

      1) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері - (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет ардагері) - бұрын Қазақстан Республикасы дипломатиялык қызметі персоналының лауазымын атқарған, жалпы еңбек өтілі кемінде жиырма бес жыл, оның он жылын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында жұмыс істеген және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адам;

      2) ақшалай төлем - осы Қағидаларға сәйкес тағайындалатын және жүзеге асырылатын, ақшалай төлем алушыларға берілетін ай сайынғы ақшалай қаражат;

      3) ақшалай төлемді алушы - Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар дипломатиялық қызметтің ақшалай төлем тағайындалған ардагері.

2-тарау. Ақшалай төлемді тағайындау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің ардагерлері (бұдан әрі - өтініш беруші) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Персоналды басқару қызметіне осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол не пошта (хабарламасы бар хат) арқылы мынадай кұжаттармен қоса өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді:

      1) дипломатиялық қызмет ардагерінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) кемінде жиырма бес жыл жалпы еңбек өтілін, оның ішінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында он жыл жұмысын растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) теңгедей банктік шотының нөмірі туралы мәлімет.

      4. Өтінішті Министрліктің Персоналды басқару қызметі келіп түскен күні тіркейді.

      5. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес өтінішті қараудың жалпы мерзімі өтініш тіркелген кезден бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі (бұдан әрі - Министр) шешім қабылдағанға дейін жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.

      6. Министрліктің Персоналды басқару қызметі өтініш тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі - құзыретті органдар) өтініш бсрушінің азаматтығын және тұрақты тұрғылықты жерін анықтау туралы сұрау жібереді. Өтініш берушінің азаматтығын және тұрақты тұратын жерін анықтау туралы сұрау жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.

      7. Министрліктің Персоналды басқару қызметі құзыретті органдардан жауап алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларының 3-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, әрбір өтініш берушіге жеке іс қалыптастырады.

      Құзыретті органдардың жауабы өтініш берушінің жеке іс құрамына да енгізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.09.2022 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.09.2022 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Министрліктің Персоналды басқару қызметі өтініш берушілерге қатысты құжаттардың мынадай талаптарға сәйкестігін тексереді:

      1) өтініш берушінің өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;

      2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрғылықты жерінің болмауы;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін лауазымынан босату фактісінің болмауы;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінен теріс себептер бойынша жұмыстан босатылу жағдайларының болмауы;

      5) өтініш беруші ұсынған құжаттардың дұрыстығы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.09.2022 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесі бойынша Министрліктің Персоналды басқару қызметі еркін нысанда:

      1) ақшалай төлемді тағайындау туралы;

      2) өтініш беруші осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушінің құжаттарын қарамай қалдыру туралы қорытынды дайындайды.

      Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өтініш берушінің құжаттарын қарамай қалдыру үшін негіздер анықталған жағдайда Персоналды басқару қызметі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушінің құжаттарын қарамай қалдыру туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарламаны өтініш берушінің алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі болуы үшін өтініш берушіге жібереді.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.09.2022 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.09.2022 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Министрліктің Персоналды басқару қызметінің қорытындысы Министрліктің қаржы және заң қызметтерімен келісу бойынша құжаттардың толық топтамасы қаралған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, шешім қабылдау үшін Министрдің не оның міндетін атқарушы адамның қарауына жіберіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.09.2022 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Министр не оның міндетін атқарушы адам Министрліктің Персоналды басқару қызметі ұсынған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша үш жұмыс күні ішінде ақшалай төлем тағайындау туралы шешім қабылдайды не өтініш берушінің құжаттарын қараусыз қалдыру туралы хатқа қол қояды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.09.2022 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Министрліктің Персоналды басқару қызметі үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні Министрдің ақшалай төлемді тағайындау туралы қабылданған шешімі туралы хабардар етеді не өтініш берушінің құжаттарын қарамай калдыру туралы хат жібереді.

      15. Ақшалай төлемді алушы тегі, аты немесе әкесінің аты, банктік шот нөмірі, азаматтығы, тұрақты тұрғылықты жері өзгерген жағдайда осы өзгерістер болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Министрліктің Персоналды басқару қызметіне бұл фактілер туралы хабарлайды.

      16. Ақшалай төлем алушыға Министрдің не оның міндетін атқарушы адамның ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім қабылдаған күнінен бастап есептеледі.

      17. Ақшалай төлемдер:

      1) ақшалай төлем алушының Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

      2) ақшалай төлем алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) ақшалай төлем алушы қайтыс болған;

      4) ақшалай төлем алушы Казақстан Республикасының дипломатиялық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес дипломаттық дәрежеден айырылған жағдайларда тоқтатылады.

      Ақшалай төлемді тоқтату Министрдің не оның міндетін атқаратын адамның шешімімен ресімделеді.

      18. Министрліктің Персоналды басқару қызметі ақшалай төлем алушыларға осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындауы тұрғысынан мониторинг жүргізеді.

      19. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде ақшалай төлем тиісті жағдайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.

3-тарау. Ақшалай төлемді жүзеге асыру мөлшері

      20. Алушыларға ақшалай төлем Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын барлық органдар үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі - Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі) сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі орынбасарының лауазымдық жалақысының жиырма пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Еңбекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі орынбасарының лауазымдық жалақысының мөлшері өзгерген кезде Министрлік ақшалай төлемді алушыны хабардар ете отырып, қайта ссептеуді жүргізеді.


  Қазақстан Республикасының
Төтенше және Өкілетті Елшісі,
Қазақстан Республикасының
халықаралық ұйым жанындағы
Тұрақты (Өкілетті) өкілі
лауазымын атқарған немесе
дипломаттық дәрежесі бар
Қазақстан Республикасының
дипломатиялық қызметінің
ардагерлеріне ақшалай
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына және мөлшеріне
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
  _______________________
  кімнен ________________
  тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса)
  Тұрғылықты мекенжайы:
  ______________________
  нысан

Өтініш

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.09.2022 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің ардагеріне берілетін ақшалай төлем тағайындауыңызды сұраймын.

      Өтінішке мыналар қоса беріледі:

      1. _____________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      3. _____________________________________________________________

      4. _____________________________________________________________

      Тегім, атым, әкемнің аты, банк шотымның нөмірі, азаматтығым, тұрақты тұрғылықты жерім өзгерген жағдайда мен бұл факт туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Персоналды басқару қызметіне он жұмыс күні ішінде хабарлаймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өтінішті қарау үшін талап етілетін қол жеткізілуі шектеулі дербес деректеріме қол жеткізуге келісімімді беремін.

      Өтініш берушінің қолы 20_жылғы "_" _____________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады