О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2022 года № 225 "О некоторых вопросах некоммерческого акционерного общества "Северо-Казахстанский университет имени Манаша Козыбаева"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2022 года № 1134

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2022 года № 225 "О некоторых вопросах некоммерческого акционерного общества "Северо-Казахстанский университет имени Манаша Козыбаева" следующие изменения и дополнение:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Министерству науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить оказание Университетом Аризона консультационных и образовательных услуг в сфере высшего и (или) послевузовского образования некоммерческому акционерному обществу "Северо-Казахстанский университет имени Манаша Козыбаева" (далее – НАО "СКУ имени М. Козыбаева") на основе образовательных программ двойного диплома, аккредитованных зарубежными аккредитационными агентствами.";

      пункт 2 исключить;

      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Предусмотреть финансирование консультационных и образовательных услуг, указанных в пункте 1 настоящего постановления, за счет средств, предусмотренных в рамках государственного образовательного заказа, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      Министерству науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством порядке внести изменения в нормативные правовые акты в части определения отдельного алгоритма расчета объема подушевого нормативного финансирования для образовательных программ двойного диплома, разработанных и реализуемых с зарубежными университетами - партнерами.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Министерству науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 225 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1134 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 225 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Аризона Университетінің "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – "М. Қозыбаев атындағы СҚУ" КеАҚ)  шетелдік аккредиттеу агенттіктері аккредиттеген қос дипломды бағдарламалар негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында консультациялық және білім беру қызметтерін көрсетуін қамтамасыз етсін.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген консультациялық және білім беру қызметтерін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде көзделген қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландыру көзделсін.

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі нормативтік құқықтық актілерге заңнамада белгіленген тәртіппен шетелдік әріптес университеттермен әзірленген және іске асырылатын қос дипломды білім беру бағдарламалары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеудің жеке алгоритмін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізсін.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов