"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 225 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Аризона Университетінің "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – "М. Қозыбаев атындағы СҚУ" КеАҚ)  шетелдік аккредиттеу агенттіктері аккредиттеген қос дипломды бағдарламалар негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында консультациялық және білім беру қызметтерін көрсетуін қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1134 қаулысымен.
      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1134 қаулысымен.

      3. Білім беру процесі мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде ұйымдастырылып, "М. Қозыбаев атындағы СҚУ" КеАҚ профессорлық-оқытушылық құрамының жалпы санының кемінде 30 %-дық үлесін құрайтын Аризона университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы тартылсын.

      3-1. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген консультациялық және білім беру қызметтерін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде көзделген қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландыру көзделсін.

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі нормативтік құқықтық актілерге заңнамада белгіленген тәртіппен шетелдік әріптес университеттермен әзірленген және іске асырылатын қос дипломды білім беру бағдарламалары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеудің жеке алгоритмін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізсін.

      Ескерту. Қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1134 қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1134 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады