Об определении национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 января 2023 года № 17.

      Примечание ИЗПИ!
      Постановление предусмотрено отменить постановлением Правительства РК от 10.09.2024 № 731 (вводится в действие с 23.11.2024).

      В соответствии с частью второй пункта 3 статьи 193 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан, пунктом 1 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте" и пунктом 6 Правил определения государственного предприятия, акционерного общества, товарищества с ограниченной ответственностью субъектом специального права, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2022 года № 453, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить национальным оператором информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок дочернее товарищество с ограниченной ответственностью "Институт космической техники и технологий" акционерного общества "Национальный центр космических исследований и технологий".

      2. Отменить постановление Правительства Республики Казахстан от 3 декабря 2020 года № 819 "Об определении национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок".

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 17 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Үкіметінің 10.09.2024 № 731 (23.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне, "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 453 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамының "Ғарыштық техника және технологиялар институты" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.

      2. "Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 819 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов