Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 731 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 23.11.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне, "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-2-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 453 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.

      2. "Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 17 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулы 2024 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады