Об утверждении основных условий бюджетного кредитования акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2023 года № 314

      В соответствии с пунктом 2 статьи 180 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2023 – 2025 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые основные условия бюджетного кредитования акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына".

      2. Министерствам финансов, национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) заключение кредитного договора с акционерным обществом "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына";

      2) контроль за выполнением основных и дополнительных условий бюджетного кредитования;

      3) контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, своевременного погашения и обслуживания бюджетного кредита.

      3. Акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" (по согласованию) ежеквартально, не позднее десятого числа месяца, следующего за отчетным периодом, представлять информацию об освоении бюджетного кредита в министерства финансов, национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство национальной экономики Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 20 апреля 2023 года № 314

Основные условия бюджетного кредитования акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына"

      1. Для предоставления кредита акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" (далее – заемщик) устанавливаются следующие основные условия:

      1) бюджетный кредит предоставляется в сумме 162600000000 (сто шестьдесят два миллиарда шестьсот миллионов) тенге, предусмотренный Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2023 – 2025 годы" по бюджетной программе 050 "Кредитование АО "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" для обеспечения конкурентоспособности и устойчивости национальной экономики";

      2) бюджетный кредит предоставляется заемщику в тенге на условиях срочности, платности и возвратности сроком на 30 (тридцать) лет по ставке вознаграждения, равной 0,05 % годовых;

      3) выделение бюджетного кредита из республиканского бюджета осуществляется путем единовременного перечисления всей суммы бюджетного кредита на счет заемщика;

      4) период освоения составляет 1 (один) год со дня перечисления бюджетного кредита на счет заемщика;

      5) выплата начисленного вознаграждения по бюджетному кредиту осуществляется 1 (один) раз в год;

      6) погашение основного долга по бюджетному кредиту осуществляется заемщиком равными долями по истечении льготного периода, который составляет 10 (десять) лет.

      2. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию бюджетного кредита устанавливаются в кредитных договорах в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 314 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;

      2) бюджеттік кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;

      3) бюджеттік кредитті мақсатты және тиімді пайдалануды, уақтылы өтеуді және оған қызмет көрсетуді бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

      3. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне бюджеттік кредитті игеруі туралы ақпаратты ұсынсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 20 сәуірдегі
№ 314 қаулысымен
бекітілген

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

      1) бюджеттік кредит "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 050 "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша 162 600 000 000 (жүз алпыс екі миллиард алты жүз миллион) теңге сомасында беріледі;

      2) бюджеттік кредит қарыз алушыға жылдық 0,05 %-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30 (отыз) жыл мерзімге мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында теңгемен беріледі;

      3) республикалық бюджеттен бюджеттік кредитті бөлу бюджеттік кредиттің барлық сомасын қарыз алушының шотына біржолғы аудару арқылы жүзеге асырылады;

      4) игеру кезеңі бюджеттік кредит қарыз алушының шотына аударылған күннен бастап 1 (бір) жылды құрайды;

      5) бюджеттік кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 1 (бір) рет жүзеге асырылады;

      6) бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 10 (он) жылды құрайтын жеңілдікті кезең өткеннен кейін тең үлестермен жүзеге асырады.

      2. Бюджеттік кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шарттарда белгіленеді.