Қарағанды облысының Балқаш қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының Балқаш қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар мен Қарағанды облысының әкімдігі Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласы (бұдан әрі – қала) Қарағанды облысының өнеркәсіптік қаласы. Қаланың өнеркәсіптік әлеуетін экономиканың өңдеу және өндіру секторларының ірі, орта және шағын кәсіпорындары айқындайды. Негізгі үлесі түсті және жерде сирек кездесетін металдар өндіруге шоғырланған.
Қарағанды облысында қала кен өндіруден бастап, дайын өнім өндіруге дейінгі өндірістің толық циклы бар ірі мыс өндіруші болып табылады, онда қала тұрғындарының үштен бір бөлігі жұмыс істейді.
2022 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 772,8 миллиард теңгені құрады. Өнеркәсіп көлеміндегі негізгі үлесі жүйе құраушы кәсіпорын – "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС бөлімшелеріне тиесілі.
Өнеркәсіп құрылымындағы ең үлкен үлес салмақ өңдеу секторына тиесілі (2022 жылы – 96,8 %), оның облыс көлеміндегі үлесі 28 %-ды құрайды.
Нақты сектордағы көрсеткіштердің өсуі белсенді инвестициялық қызмет есебінен қамтамасыз етілді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 58,3 миллиард теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың ең көп үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі (31 %).
Қала металлургия, химия, жеңіл өнеркәсібін және машина жасауды дамыту әлеуетіне ие. Қолда бар минералды базаны және кадрлық әлеуетті пайдалана отырып, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту ықтималдығы жоғары.
Жалпы алғанда қаланың инфрақұрылымды дамыту мен жол құрылысын ескере отырып, солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын Қазақстанның логистикалық орталығына айналу әлеуеті бар.
Халық саны 77,8 мың адамды құрайды, оның ішінде жұмыс күші – 39,8 мың адам. Оң сипаттағы демографиялық ілгерілеуді және жалпы қаланың дамуын ескере отырып, бірінші кезекте жергілікті халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік саланы, экологияны, тұрғын үйді, инфрақұрылымды және жол саласын дамыту жөніндегі тиісті шараларды қабылдау талап етіледі.
Жаңа жобаларды іске асыру 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді (оның ішінде тұрақты – 450), бұл жұмыссыздық деңгейін 4,7 %-дан 4 %-ға дейін, оның ішінде жастар арасында 4,6 %-дан 4 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Бес жыл ішінде қаланың кешенді индустриялық дамуын іске асыру жоспарлануда, металлургия өнеркәсібін, туризмді, әлеуметтік инфрақұрылымды қарқынды дамытуға және экологиялық проблемаларды шешуге ерекше назар аударылатын болады.
Балқаш курорттық аймағын дамытуға инвестициялар салу үшін жағдай жасау мақсатында әкімдіктің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 11/06 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облысы облыстық мәслихатының шешімімен қалаға Шұбартүбек ауылының жерлері және Ақтоғай ауданының Торанғалық ауылдық округінің босалқы жерлері (8744 гектар) қосылды. Елді мекен шекараларының өзгеруімен бас жоспар түзетіліп, қала құрылысын дамыту схемасы әзірленді.
Ішкі туризм облыстың экономикалық өсу драйверлерінің бірі бола алады, ол үшін жол инфрақұрылымын жақсарту, жол бойындағы сервисті дамыту және туристік ағымды ұлғайту жөніндегі шаралар кешенін қабылдау қажет.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда қалада тұруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді 42 орналастыру объектісі көрсетеді. Оларда 826 нөмір бар, біржолғы сыйымдылығы 2103 төсек-орынды құрайды (2021 жылы – 1963 төсек-орын).
Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер саны 2021 жылмен салыстырғанда 34,7 %-ға артып, 54,2 мың адамды құрады (Торанғалық ауылдық округі мен Шұбартөбек ауылдары бойынша деректерді есепке алмағанда).
2021 жылы Балқаш қаласы әкімдігінің қаулысымен (2021 жылғы 11 қарашадағы № 46/05) қаланың бір бөлігін (жағалаудағы курорттық аймақ) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілді, ол кәсіпкерлерге қазірдің өзінде құрылыс салудың сәулет-кеңістіктік және инженерлік-экономикалық шешімдері (бос алаң және инженерлік желілерді қосу мүмкіндігі бойынша) жөніндегі ақпаратты көруіне мүмкіндік береді.
Шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) белсенді дамып келеді, 2022 жылы ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 10845 адамды құрады, ШОБ субъектілері 63,8 миллиард теңге соманың өнімін шығарды.
Бүгінгі күні қаланың кәріз желілерінің тозуы және халықты сумен, жылумен жабдықтау мәселелері өткір болып отыр. Қаланың жылу желілерінің жалпы ұзындығы 191,4 километрді құрайды, оның ішінде 70 %-ы (134 километр) тозған. Коммуналдық меншіктегі қаланың су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы – 443,8 километр, су құбыры желілерінің тозуы 80 %-ды құрайды.
Сумен жабдықтау қаланың шығысына қарай 25-30 километр жерде орналасқан Төменгі Тоқырау жерасты сулары кен орны арқылы жүзеге асырылады. Кен орнының жалпы ауданы – 783 шаршы километр. Кен орнында 46 ұңғымасы бар 4 суқабылдағыш бар, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 17, консервациялауда – 20 және 9 ұңғыма жұмыс істемейді.
Жұмыс істеп тұрған 17 ұңғыманың 14-і қалаға және 3 ұңғыма Саяқ кентіне жұмыс істейді. Қаланың және оған іргелес кенттердің ауызсуды орташа тәуліктік тұтынуы 12,4 мың текше метрді құрайды. Қала бойынша кәсіпорындарға су беру – айына 163,4 мың текше метр, халыққа су беру – айына 209,2 мың текше метр. Сумен жабдықтау жүйесіндегі жалпы шығындар қала бойынша 10 %-ды құрайды.
Қаланың суару жүйесі ақаулы жағдайда (31,4 километр) және ол жұмыс істемейді (суаратын су құбырының "оң" бөлігі 1-ші кезектегі ЕЖЖ-ге сәйкес қаланың барлық аумағын қамтиды). Бұған қоса, жеке сектор жасыл желектерді суару үшін ауызсуды пайдаланады, тиісінше ауызсу көптеп тұтынылады.
Тұрмыс сапасы мен деңгейінің өсуін қамтамасыз ететін қалада болып жатқан өзгерістер демографиялық процестерге оң әсер етуде. Алайда адамдардың негізгі қажеттіліктерінің ішінде тұрғын үй негізгі элемент болып табылатындықтан, қаладағы проблемалардың бірі халыққа жайлы тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып отыр. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандардың саны 2063 адамды құрайды, оның ішінде жетімдер – 227, көпбалалы отбасылар – 201, халықтың әлеуметтік осал топтары – 886 және азаматтардың өзге де санаттары – 749 адам.
Қала бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 91 километрді құрайды, оның ішінде жақсы жағдайда – асфальтбетон жабыны бар 60 километр (66 %), қанағаттанарлықсыз жағдайда – 31 километр (34 %), бұл қара жолдар және 7 жылдан астам жөндеу жүргізілмеген жолдар. Сондай-ақ 12 мыңға жуық адам (халықтың жалпы санының 15 %-ы) тұратын, асфальт жабыны жоқ жеке сектор көшелері.
Мектепке дейінгі білім беру саласында жалпы саны 3033 баланы қамтитын 19 мекеме (оның ішінде 3 шағын орталық, 2 жекеменшік мекеме) жұмыс істейді, мектепке дейінгі орындардың тапшылығы 1-ден 6 жасқа дейінгі 660 баланы құрайды.
Кіші жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту мәселесі негізінен жалпы білім беретін мектептер базасында шағын орталықтар ашу есебінен шешілді. Мектептер факультативтік үйірме сабақтарын өткізу үшін оқу кабинеттері онсыз да жетіспей отырған шағын орталықтың топтары үшін кабинеттерді босатуға мәжбүр болғандықтан, бұл ата-аналар қауымының наразылығын тудырды. Осыған байланысты 2021 жылғы қыркүйектен бастап 3 шағын орталық жабылды.
2021 – 2022 жылдардағы демографиялық көрсеткіштерді ескере отырып, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар контингентін болжау кезінде бала туудың ұлғаюы, сондай-ақ қалада мектеп жасына дейінгі балалары бар халықтың өсімі байқалды.
2022 жылғы наурызда Қарағанды облысының әкімдігі мен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС 240 орындық "Гүлдер" балабақшасының (бұрынғы емхана) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі міндеттемелерді өзіне алатын болады.
Денсаулық сақтау саласындағы соңғы үш жылдағы серпін халықтың жалпы өлім-жітім деңгейінің 5 %-ға өскенін көрсетеді, оның ішінде қан айналымы жүйесі (ҚАЖ) ауруларынан болатын өлім-жітім жетекші орында. Бүгінгі күні қаладағы жұмыс істеп тұрған орталық аурухана базасында облыстық аурухананың баламасы ретінде және Балқаш, Приозерск, Ақтоғай және Шет аудандары өңірлерінің тұрғындарына қызмет көрсететін Көпсалалы орталық аудандық аурухана (КОАА) ашу мәселесі өткір болып отыр.
2020 – 2022 жылдар аралығында аналардың өлім-жітімі тек 2021 жылы тіркелген (1 жағдай).
2022 жылы сәбилердің өлім-жітім коэффициенті 8 %-ға артқан (2021 жылы – 10,35, 2022 жылы 1000 адамға шаққанда – 11,27), 17 жағдай тіркелді, оның ішінде перинаталдық себептер есебінен шартты түрде алдын алуға болатын шығындар – 14 жағдай, 2-і – алдын алуға болмайтын жазатайым оқиға, 1-і – туа біткен даму аномалиясы, оның ішінде 4 бала – басқа өңірлерден (Ақтоғай, Шет аудандары, Приозерск қаласы).
Экология саласында бірқатар проблемалық мәселелер бар. Жұмыс істеп тұрған коммуналдық қалдықтар полигоны 2015 жылы өзінің сыйымдылық қорын толығымен тауысты, оны одан әрі пайдалану мүмкін емес.
2022 жылғы статистикалық деректерге сәйкес қала бойынша ластаушы өзіндік ерекшелігі бар заттардың негізгі түрлері бойынша шығарындылардың ең көп көлемі күкіртті ангидридке тиесілі – 78,5 мың тонна (2021 жылы – 75,7 мың тонна).
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Күтілетін нәтижелер:
|
1.
|
Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексін 8,5 %-ға ұлғайту, өңдеу өнеркәсібінің үлесі кемінде 90 %-ды құрайтын болады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар сомасы 57 миллиард теңгені құрайды (өсу қарқыны 9,2 %).
|
2.
|
ШОБ өнімін шығару 112,7 миллиард теңгеге дейін өседі (2022 жылы – 63,8 миллиард теңге), жұмыспен қамтылғандар саны 10,8 мыңнан 11,8 мың адамға дейін (2022 жылы – 10,8 мың адам), ШОБ субъектілерінің саны 5,4 мыңнан 6,5 мыңға дейін артады (2022 жылы – 5,4 мың бірлік).
|
3.
|
Ақтоғай ауданының Торанғалық және Шұбартүбек кенттерінің қосылған аумағын (8744 гектар) ескере отырып, барлық сыныптағы ұшақтарды қабылдау және әуежайды халықаралық стандартқа келтіру үшін қала әуежайын реконструкциялау бойынша жұмыстарды жүргізу арқылы туристік ағын және іскерлік белсенділік 4 есеге ұлғаяды.
|
4.
|
4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру (2022 жылы – 745 адам).
|
5.
|
Қаланың 1 және 2-кезектердегі жылу желілерін және орамішілік желілерін (31,5 километр), 2 және 3-кезектердегі қалаішілік су құбыры желілерін реконструкциялау және Тоқырау-Саяқ су құбырын ағымдағы жөндеу есебінен жылумен және сумен жабдықтау жүйесін жақсарту.
|
6.
|
Су құбыры желілерінің тозуын 2023 жылы – 62,7 %-ға дейін (2022 жылы – 80 %), 2024 жылы – 40,3 %-ға дейін, 2025 жылы – 10 %-ға дейін төмендету.
|
7.
|
Халықтың ауызсуға қолжетімділікпен қамтылуы 2023 жылы – 97,8 %-ға дейін (2022 жылы – 97,6 %), 2024 жылы – 98,6 %-ға дейін, 2025 жылы – 100 %-ға дейін ұлғаяды.
|
8.
|
Халықты суару жүйесімен қамтамасыз ету бойынша қамтуды 83 %-ға дейін ұлғайту (2022 жылы – 20 %, 2023 жылы – 27 %, 2024 жылы – 42 %, 2025 жылы – 58 %, 2026 жылы – 75 %, 2027 жылы – 83 %).
|
9.
|
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 66 %-дан 90 %-ға дейін жеткізіледі, бұл жолдардағы қауіпсіздікті жақсартуға мүмкіндік береді.
|
10.
|
ЖАО кезегінде тұрған азаматтардың тұрғын үй кезегін (2023 жылғы 1 ақпанда есепте тұрғандар – 2063 адам) және барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 2028 жылға дейін 53 %-ға төмендету (969 пәтер), 2023 жылы – 185 пәтер (91 %), 2024 жылы – 203 пәтер (82 %), 2025 жылы – 193 пәтер (72 %), 2026 жылы – 194 пәтер (63 %), 2027 жылы – 194 пәтер (53 %).
|
11.
|
1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 80,3 %-дан 83,5 %-ға дейін ұлғайту.
|
12.
|
Халықтың өлім-жітім көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 10-нан 9,5-ке дейін төмендету.
|
13.
|
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындарды қамтуды 57,9 %-дан 62,5 %-ға дейін ұлғайту.
|
14.
|
2027 жылға дейін атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын 78,5 мың тоннадан 50,2 мың тоннаға дейін төмендету.
|
1. Өнеркәсіп
|
1
|
Металлургия өндірісінің кендері мен қалдықтарынан сирек, асыл және бағалы металдардың ілеспе компоненттерін алу дәрежесін арттыру мақсатында рений өндіру цехын салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2026 жылғы
IV тоқсан –
2027 жылғы
IІІ тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ
|
2026 жылы – 900
|
БК
|
2027 жылы – 1000
|
2
|
Бағалы металл қожын қайта өңдеу учаскесі бар цех салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ
|
2023 жылы – 900
|
БК
|
3
|
Селенді тазарту цехын салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ
|
2023 жылы – 600
|
БК
|
4
|
Кондициялық емес мыс концентраттарын қайта өңдеу үшін Балқаш мырыш зауытын реконструкциялау
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан –
2026 жылғы
II тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ
|
2024 жылы – 2000
|
БК
|
2025 жылы – 2000
|
2026 жылы – 1600
|
5
|
Қала ауданының Кеңқұдық учаскесінде жерде сирек кездесетін металдарды іздестіру жұмыстары
|
ИИДМ-ге ақпарат
|
2024 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ
|
2023 жылы – 210
|
РБ
|
2024 жылы – 80
|
Бөлім бойынша жиыны:
|
290
|
РБ
|
9000
|
БК
|
2. Туризм
|
6
|
Бертіс шығанағы ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу және абаттандыру
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан – 2025 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ҰЭМ
|
2024 жылы – 2000
|
РБ
|
2025 жылы – 557,2
|
ЖБ
|
7
|
Жағалау аймағын, қалалық жағажайды реконструкциялау (1-кезек)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан – 2025 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ҰЭМ
|
2023 жылы – 500
|
РБ
|
2024 жылы – 665,1
|
РБ
|
2024 жылы – 104,5
|
ЖБ
|
2025 жылы – 104,5
|
ЖБ
|
2026 жылы – 714,7
|
РБ
|
8
|
Жағалау аймағын, қалалық жағажайды реконструкциялау (2-кезек)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан – 2026 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ҰЭМ
|
2023 жылы – 500
|
РБ
|
2024 жылы – 534,5
|
РБ
|
2024 жылы –108,2
|
ЖБ
|
2025 жылы – 108,2
|
ЖБ
|
2026 жылы – 911,5
|
РБ
|
9
|
Қаладағы аумағы 835 гектар демалыс аймағының (саяжайының) аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу
|
мәслихат шешімі
|
2023 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 52,1
|
ЖБ
|
10
|
10 туризм объектісін (демалыс аймақтарын) салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан – 2024 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы
– 1060
|
БК
|
2024 жылы
– 1330
|
Бөлім бойынша жиыны:
|
5825,8
|
РБ
|
1034,7
|
ЖБ
|
2390
|
БК
|
3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
|
Жылумен жабдықтау
|
11
|
1 және 2-кезектердегі жылу желілерін реконструкциялау, диаметрі 630 миллиметр № 1 магистральдық жылу желісінің ұзындығы – 2074,10 метр, диаметрі 630 миллиметр № 2 магистральдық жылу желісінің ұзындығы – 3140,50 метр
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ҰЭМ
|
2023 жылы – 585,7
|
РБ
|
2023 жылы – 257,4
|
ЖБ
|
2024 жылы – 243,6
|
РБ
|
2024 жылы – 2673
|
ЖБ
|
12
|
Қоңырат шағын ауданының, Фин, Октябрьская көшелерінің орамішілік жылу желілерін салу (ұзындығы 8,3 километр)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі ҰЭМ
|
2023 жылы – 472,3
|
РБ
|
13
|
Магистральдық және орамішілік жылу желілерін реконструкциялау (Ағыбай батыр, Ленин, Сейфуллин, Амангелді көшелері және басқалары, ұзындығы 18 километр)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан – 2026 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ
|
2024 жылы – 3525,4
|
РБ
|
2024 жылы – 300
|
ЖБ
|
2025 жылы – 3525,4
|
РБ
|
2025 жылы – 425,1
|
ЖБ
|
2026 жылы – 3525,4
|
РБ
|
2026 жылы – 450
|
ЖБ
|
14
|
Балқаш жылу-электр орталығын жаңғырту, оның ішінде: № 5 қазандық агрегатын орнату; № 6 турбоагрегатын орнату
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан – 2024 жылғы IV тоқсан,
2025 жыл – 2027 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ЭМ
|
2023 жылы – 970
|
БК
|
2024 жылы – 6378
|
2025 жылы – 650
|
2026 жылы
– 3200
|
2027 жылы – 6221
|
Бөлім бойынша жиыны:
|
11877,8
|
РБ
|
4105,5
|
ЖБ
|
17419
|
БК
|
Сумен жабдықтау
|
15
|
2 және 3-кезектердегі қалаішілік су құбыры желілерін реконструкциялау
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан – 2024 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ
|
2023 жылы – 1562
|
РБ
|
2024 жылы
– 1562
|
РБ
|
2024 жылы
– 907,5
|
ЖБ
|
16
|
Төменгі Тоқырау жерасты сулары кен орнының су тарту құрылыстарын реконструкциялау
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан – 2027 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ЭТРМ,
|
2024 жылы
– 270
|
РБ
|
2024 жылы
– 30
|
ЖБ
|
2025 жылы
– 2430
|
РБ
|
2025 жылы
– 270
|
ЖБ
|
2026 жылы
– 2700
|
РБ
|
2026 жылы
– 300
|
ЖБ
|
2027 жылы
– 2250
|
РБ
|
2027 жылы
– 250
|
ЖБ
|
17
|
Суару жүйесін қалпына келтіру
|
орындалған жұмыстар актісі
|
2023 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 487,6
|
ЖБ
|
18
|
Тоқырау-Саяқ сутартқышын ағымдағы жөндеу
|
орындалған жұмыстар актісі
|
2023 жылғы IV тоқсан
– 2027 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 500
|
ЖБ
|
2024 жылы – 500
|
2025 жылы – 500
|
2026 жылы – 500
|
2027 жылы – 500
|
19
|
Тоқырау-Саяқ сутартқышын екінші көтергіш сорғы станциясынан төртінші көтергіш сорғы станциясына дейін реконструкциялау (диаметрі – 530 миллиметр, ұзындығы – 100 километр)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы IV тоқсан – 2026 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ЭТРМ
|
2023 жылы – 450
|
РБ
|
2023 жылы – 50
|
ЖБ
|
2024 жылы
– 4950
|
РБ
|
2024 жылы –550
|
ЖБ
|
2025 жылы – 4500
|
РБ
|
2025 жылы – 500
|
ЖБ
|
2026 жылы – 900
|
РБ
|
2026 жылы – 100
|
ЖБ
|
20
|
Тоқырау-Саяқ сутартқышын төртінші көтергіш сорғы станциясынан Саяқ кентіне дейін реконструкциялау (диаметрі – 530 миллиметр, ұзындығы – 60 километр)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы IV тоқсан – 2026 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ЭТРМ
|
2023 жылы
– 450
|
РБ
|
2023 жылы – 50
|
ЖБ
|
2024 жылы
– 4950
|
РБ
|
2024 жылы
– 550
|
ЖБ
|
2025 жылы
– 5400
|
РБ
|
2025 жылы
– 600
|
ЖБ
|
2026 жылы – 900
|
РБ
|
2026 жылы – 100
|
ЖБ
|
21
|
Тоқырау Саяқ сутартқышының сорғы станцияларын жаңғырту (II, IV, V көтергіштердің үш сорғы станциясы)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы IV тоқсан – 2027 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ЭТРМ
|
2024 жылы
– 450
|
РБ
|
2024 жылы
– 50
|
ЖБ
|
2025 жылы
– 1350
|
РБ
|
2025 жылы
– 150
|
ЖБ
|
2026 жылы
– 1350
|
РБ
|
2026 жылы
– 150
|
ЖБ
|
2027 жылы
– 1350
|
РБ
|
2027 жылы
– 150
|
ЖБ
|
22
|
Саяқ кентінің орамішілік су құбыры желілерін реконструкциялау (ұзындығы – 14,1 километр)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы IV тоқсан – 2024 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ
|
2023 жылы – 445
|
РБ
|
2024 жылы – 445
|
РБ
|
2024 жылы – 222,4
|
ЖБ
|
23
|
Балқаш қаласы – Торанғалық кентінің магистральдық сутартқышын салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы IV тоқсан – 2025 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ЭТРМ
|
2023 жылы – 100
|
ЖБ
|
2024 жылы
– 2310
|
РБ
|
2024 жылы – 256,7
|
ЖБ
|
2025 жылы
– 2310
|
РБ
|
2025 жылы – 156,7
|
ЖБ
|
24
|
Торанғалық кентінің су құбыры желілерін салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы IV тоқсан – 2025 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ
|
2024 жылы – 945,1
|
РБ
|
2024 жылы – 105
|
ЖБ
|
2025 жылы – 945,1
|
РБ
|
2025 жылы – 105
|
ЖБ
|
25
|
Шұбартүбек кентінің су құбыры желілерін салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы IV тоқсан – 2025 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, ҰЭМ
|
2024 жылы – 725,4
|
РБ
|
2024 жылы – 80,6
|
ЖБ
|
2025 жылы – 725,4
|
РБ
|
2025 жылы – 80,7
|
ЖБ
|
Бөлім бойынша жиыны:
|
46625
|
РБ
|
8852,2
|
ЖБ
|
Абаттандыруды және коммуналдық шаруашылықты дамыту
|
26
|
Қаланың аула аумақтарын жайластыру (Жидебай батыр шағын ауданы, 2, 4, 8, 12, 14, 16, 18; Ағыбай батыр көшесі, 19, 21, 20, 22, 24 және Томпиева көшесі, 5; Абай көшесі, 14, 16, 28, 30, Байсейітова көшесі, 7, 8; Сейфуллин көшесі, 2, Әлімжанов көшесі, 12, 12а; Желтоқсан көшесі, 2, 5, Бөкейханов көшесі, 1; Сейфуллин көшесі, 19, 21; З. Сәбитова шағын ауданы, 35, 36; Амангелді көшесі, 19, 20; Макаренко тұйық көшесі, 12)
|
орындалған жұмыстар актісі
|
2023 жылғы IV тоқсан – 2027 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы
– 1247
|
ЖБ
|
2024 жылы – 582,3
|
2025 жылы – 611,4
|
2026 жылы
– 642
|
2027 жылы
– 674
|
27
|
Ағыбай батыр көшесіндегі кіреберіс тобын абаттандыру
|
орындалған жұмыстар актісі
|
2023 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 442,7
|
ЖБ
|
28
|
Тұрғын үйлердің шатыры мен қасбетін ағымдағы жөндеу (жыл сайын 10 үй: Жидебай батыр шағын ауданы, 2, 4, 8, 12, 14, 18, Ағыбай батыр көшесі, 18, 20, 22, Абай көшесі, 4, 6, 8, 10, 14, 18, 20, 30, 40, 41, 43, Байсейітова көшесі, 3, 4, 8, Молдағұлова көшесі, 1, 2, 4, 5, 6, Сейфуллин көшесі, 26, Қараменде би көшесі, 8, 10, 16, Әлімжанов көшесі, 3, 4, 4а, 5, 6, 7, 8, 10, 12, 12а, 14, Бөкейханов көшесі, 1, Желтоқсан көшесі,1, 2, 5, 7, 8, 12, 14, 15, 16, 18, Амангелді көшесі, 3, 4, 5, 6)
|
орындалған жұмыстар актісі
|
2023 жылғы IV тоқсан – 2027 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 715,9
|
ЖБ
|
2024 жылы – 367,5
|
2025 жылы – 387,5
|
2026 жылы – 409,5
|
2027 жылы – 432, 2
|
29
|
Қадыржанов көшесін абаттандыру
|
орындалған жұмыстар актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 316
|
ЖБ
|
30
|
Иванов көшесіндегі Алғашқы құрылысшылар атындағы саябақты абаттандыру
|
орындалған жұмыстар актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 500
|
ЖБ
|
31
|
Қоңырат шағын ауданындағы кіру тобын абаттандыру
|
орындалған жұмыстар актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 300
|
ЖБ
|
32
|
Абай – Спицын көшелерінің айналма жолын абаттандыру
|
орындалған жұмыстар актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 250
|
ЖБ
|
Бөлім бойынша жиыны:
|
7878
|
ЖБ
|
4. Тұрғын үй құрылысы
|
33
|
10-шағын ауданда № 11а және 10а көппәтерлі тұрғын үйлерін салу (8035,8 шаршы метр – 90 пәтер)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан –
2025 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 790,5
|
БК
|
2025 жылы – 790,5
|
34
|
Абай көшесі, 61-үй мекенжайында стоматологиялық клиникасы және тұрғын емес үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй салу (2242,4 шаршы метр – 16 пәтер)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан –
2025 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 400
|
БК
|
2025 жылы – 400
|
35
|
Балқаш станциясы-1 мекенжайында "Таунхаус" салу (3150 шаршы метр – 49 пәтер)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 550
|
БК
|
36
|
Қоңырат шағын ауданы мекенжайында екі пәтерлі алты тұрғын үй салу (1260 шаршы метр)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 113,4
|
БК
|
37
|
Қоңырат шағын ауданы, Русаков көшесі, 5-үй мекенжайында 12 пәтерлі тұрғын үй салу (1224 шаршы метр)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 277,2
|
БК
|
38
|
Қоңырат шағын ауданы, Русаков көшесі, 5/1-үй мекенжайында 12 пәтерлі тұрғын үй салу (1224 шаршы метр)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 277,2
|
БК
|
39
|
12-шағын ауданда "Таунхаус" үлгісінде 12 пәтерлі тұрғын үй салу (1440 шаршы метр)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 277,2
|
БК
|
40
|
Сәтбаев шағын ауданында көппәтерлі тұрғын үй салу (3080 шаршы метр – 42 пәтер)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан –
2025 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 200
|
БК
|
2025 жылы – 354,4
|
41
|
Балқаш көшесі, № 34/1 үйдің оңтүстігіне қарай мекенжайда тұрғын үй салу (204 шаршы метр – 2 пәтер)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
ІІІ тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 36,7
|
БК
|
42
|
12-шағын ауданда "Таунхаус" үлгісіндегі 10 пәтерлі тұрғын үй салу (1245 шаршы метр)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 224,1
|
БК
|
43
|
Жалға берілетін 45 пәтерлі № 7 (дәрігерлер мен мұғалімдер үшін жалға беру) және № 8 (кезекте тұрғандар үшін, тұрғын үй алуға кезекте – 1987 адам) тұрғын үйлер салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жыл –
2024 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 432
|
ЖБ
|
2023 жылы – 358
|
2024 жылы – 432
|
2024 жылы – 358
|
44
|
Қала тұрғындары үшін "Отбасы банк" АҚ арқылы іске асырылатын жеңілдікті ипотеканы субсидиялау
|
субсидиялау шарты
|
2023 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы
– 350
|
ЖБ
|
Бөлім бойынша жиыны:
|
1930,0
|
ЖБ
|
4691,2
|
БК
|
5. Көлік және коммуникация
|
45
|
Маусымдық республикаішілік субсидияланатын Балқаш – Шымкент, Балқаш – Түркістан, Балқаш – Жезқазған авиамаршруттарын ашу
|
авиамаршруттарды субсидиялау шарты
|
2024 жылғы IV тоқсан –
2026 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі,
ИИДМ
|
2024 жылы – 556,8
|
РБ
|
2025 жылы – 556,8
|
2026 жылы – 556,8
|
46
|
Қарағанды – Балқаш теміржол маршруты бойынша вагондар санын 4-тен 6 вагонға дейін ұлғайту
|
ұзақ мерзімді субсидиялау шартына қосымша келісім
|
2023 жылғы IV тоқсан – 2027 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 170
|
ЖБ
|
2024 жылы – 175
|
2025 жылы – 180
|
2026 жылы – 185
|
2027 жылы – 190
|
47
|
Балқаш – Алматы, Балқаш – Астана облысаралық маршруттары бойынша автобус рейстерінің санын арттыру, сондай-ақ жаңа автобус маршруттарын ашу
|
ИИДМ-ге ақпарат
|
2024 жылғы IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
талап етілмейді
|
48
|
Балқаш жылу-электр орталығынан Шиліауыз орамына (Техснаб) дейін автомобиль жолын салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 954,6
|
ЖБ
|
49
|
Язев көшесінің (теміржол вокзалынан) Спицын көшесіне (мешіт) дейінгі автомобиль жолын орташа жөндеу
|
орындалған жұмыстар актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 219,2
|
ЖБ
|
Бөлім бойынша жиыны:
|
1670,4
|
РБ
|
2073,8
|
ЖБ
|
6. Әлеуметтік сала
|
Білім беру
|
50
|
9-шағын ауданда 280 орындық балабақша салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан –
2025 жылғы
II тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы
– 20
|
ЖБ
|
2024 жылы
– 500
|
2025 жылы
– 700
|
Бөлім бойынша жиыны:
|
1220
|
ЖБ
|
Денсаулық сақтау
|
51
|
Жаңа корпустың жапсаржайын салу және жұмыс істеп тұрған объектінінің ғимаратын күрделі жөндеу шеңберінде КОАА ашу үшін орталық аурухананы жаңғырту
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан –
2024 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 671,3
|
ЖБ
|
2024 жылы
– 700
|
Бөлім бойынша жиыны:
|
1371,3
|
ЖБ
|
Спорт
|
52
|
Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында "Күрес орталығын" салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан –
2025 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы
– 57
|
ЖБ
|
2024 жылы – 533
|
2025 жылы
– 180
|
53
|
Жүзу бассейнін салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан –
2026 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы
– 30
|
ЖБ
|
2025 жылы
– 500
|
2026 жылы
– 500
|
54
|
Жабық хоккей кортын салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан –
2025 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 157
|
ЖБ
|
2025 жылы
– 150
|
Бөлім бойынша жиыны:
|
2 107
|
ЖБ
|
Экология және табиғатты пайдалану
|
55
|
Сұрыптау желісі бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2025 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2025 жылы – 1000
|
ЖБ
|
56
|
Бұрынғы "Дарьял – У" РЛС (Балқаш-9) аумағында орналасқан, құрамында полихлорилдефинилі бар жабдықтар мен қалдықтарды сақтау үшін пайдаланылған жерлерді рекультивациялау
|
орындалған жұмыстар актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан – 2025 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 1200
|
ЖБ
|
2025 жылы – 1500
|
57
|
Тазарту құрылыстарын салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы маусым – 2026 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі, "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ
|
2024 жылы – 1600
|
БК
|
2025 жылы – 3000
|
2025 жылы – 950
|
2026 жылы – 3000
|
2026 жылы
– 950
|
58
|
Күкірт қышқылы цехының екінші желісін (кешенін) салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан –
2025 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 – 2025 жылдары – 70300
|
БК
|
59
|
"Экожүйені қалпына келтіру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, Бертіс айлағы ауданындағы экологиялық жағдайды зерттеу" ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысын әзірлеу және орындау
|
орындалған жұмыстар актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан –
2024 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы
– 50
|
ЖБ
|
2024 жылы
– 50
|
Бөлім бойынша жиыны:
|
3800
|
ЖБ
|
79800
|
БК
|
Төтенше жағдайлар жөніндегі іс-шаралар
|
60
|
4 шығуға арналған өрт сөндіру депосы кешенін салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2023 жыл –
2025 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі,
ТЖМ
|
2023 жылы
– 22
|
ЖБ
|
2024 жылы
– 585
|
РБ
|
2024 жылы
– 65
|
ЖБ
|
2025 жылы
– 585
|
РБ
|
2025 жылы
– 65
|
ЖБ
|
Құлақтандыру жүйесін жаңғырту
|
61
|
Құлақтандыру жүйесін қалалық басқару пультін сатып алу – 1 жиынтық
|
қабылдау-беру актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 6,7
|
ЖБ
|
62
|
Сирена-сөйлеу құрылғыларын сатып алу – 20 жиынтық
|
қабылдау-беру актісі
|
2023 жылғы
IV тоқсан
2024 жылғы
IV тоқсан
2025 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2023 жылы – 23,6
|
ЖБ
|
2024 жылы – 35,4
|
2025 жылы – 59
|
63
|
Цифрлық телерадио хабарларын ұстап қалу жүйесін сатып алу
|
қабылдау-беру актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы – 56
|
ЖБ
|
Азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралар
|
64
|
Қала әкімінің қалалық қосалқы басқару пунктін салу
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
2026 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2026 жылы
– 50
|
ЖБ
|
2026 жылы
– 750
|
65
|
Азаматтық қорғаудың жылжымалы басқару пунктін сатып алу
|
қабылдау-беру актісі
|
2026 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі,
|
2026 жылы
– 500
|
ЖБ
|
66
|
Ықтимал жұқтыру аймағында (оған қарасты жерде) тұратын азаматтық халық үшін жеке қорғану құралдарын (газтұтқыштар) сатып алу (жыл сайын 50 дана)
|
қабылдау-беру актісі
|
2024 жыл –
2027 жылғы
IV тоқсан
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жылы
– 30
|
ЖБ
|
2025 жылы – 30
|
2026 жылы – 30
|
2027 жылы – 30
|
Бөлім бойынша жиыны:
|
1170
|
РБ
|
1752,7
|
ЖБ
|
* Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі бюджет заңнамасына сәйкес тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады.
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.