О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 2021 года № 608 "Об утверждении Правил квалификационного отбора кандидатов на замещение вакантных должностей директоров и заместителей директоров департаментов Евразийской экономической комиссии"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2023 года № 1170.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 2021 года № 608 "Об утверждении Правил квалификационного отбора кандидатов на замещение вакантных должностей директоров и заместителей директоров департаментов Евразийской экономической комиссии" следующие изменения и дополнение:

      в Правилах квалификационного отбора кандидатов на замещение вакантных должностей директоров и заместителей директоров департаментов Евразийской экономической комиссии, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2) кандидаты – граждане, являющиеся государственными служащими Республики Казахстан либо работниками подведомственных организаций центральных государственных органов, рекомендуемые для участия в конкурсе на замещение вакантных должностей директоров или заместителей директоров департаментов Евразийской экономической комиссии, а также директора и заместители директоров департаментов Евразийской экономической комиссии;";

      пункты 9 и 10 изложить в следующей редакции:

      "9. Кандидаты на замещение вакантных должностей директоров или заместителей директоров департаментов Евразийской экономической комиссии, сфера деятельности которых относится к компетенции уполномоченного органа, представляют документы в соответствии с перечнем, указанным в пункте 7 настоящих Правил, и должны соответствовать требованиям, предусмотренным пунктом 8 настоящих Правил.";

      10. По письменному уведомлению государственного органа об отсутствии кандидатуры либо необходимости взаимозаменяемости уполномоченный орган может представить свою кандидатуру взамен кандидатуры от соответствующего государственного органа.";

      пункты 18 и 19 изложить в следующей редакции:

      "18. В случае положительного результата собеседования с кандидатом уполномоченный орган в течение 5 (пять) рабочих дней обеспечивает подписание соответствующего письма председателем Координационного совета – членом Совета Евразийской экономической комиссии и направление его в адрес Евразийской экономической комиссии.

      19. Не допускается направление кандидатов в течение 2 (два) сроков подряд, за исключением случая, предусмотренного пунктом 19-1 настоящих Правил.";

      дополнить пунктом 19-1 следующего содержания:

      "19-1. Допускается участие директоров и заместителей директоров департаментов Евразийской экономической комиссии в квалификационном отборе на 2 (два) срока подряд в случае, если директорами и заместителями директоров департаментов Евразийской экономической комиссии заключены трудовые договоры с Евразийской экономической комиссией менее чем на 2 (два) года.

      В случае, указанном в настоящем пункте, квалификационный отбор осуществляется в соответствии с настоящими Правилами.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

"Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 608 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 1170 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 608 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кандидаттар – Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері не орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері болып табылатын азаматтар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің директорлары және директорларының орынбасарлары;";

      9-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік органның кандидатураның жоқтығы не өзара алмастыру қажеттігі туралы жазбаша хабарламасы бойынша уәкілетті орган тиісті мемлекеттік орган кандидатурасының орнына өз кандидатурасын ұсына алады.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Кандидатпен әңгімелесу нәтижесі оң болған жағдайда уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде Үйлестіру кеңесінің төрағасы – Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшесінің тиісті хатқа қол қоюын және оны Еуразиялық экономикалық комиссияның атына жолдауды қамтамасыз етеді.

      19. Осы Қағидалардың 19-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кандидаттарды қатарынан 2 (екі) мерзім бойы жіберуге жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Егер Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің директорлары және директорларының орынбасарлары Еуразиялық экономикалық комиссиясымен еңбек шарттарын 2 (екі) жылдан кем уақытқа жасасқан болса, Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының қатарынан 2 (екі) мерзімге біліктілік іріктеуіне қатысуына жол беріледі.

      Осы тармақта көрсетілген жағдайда біліктілік іріктеуі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов