Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 608 қаулысы.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 22-5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 608 қаулысымен
бекітілген

Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 22-5-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорлары мен директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) біліктілік талаптар – Еуразиялық экономикалық комиссия департаменті директорының немесе директоры орынбасарының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидатқа білімі және жұмыс тәжірибесі бойынша қойылатын талаптар;

      2) кандидаттар – Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері не орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері болып табылатын азаматтар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің директорлары және директорларының орынбасарлары;

      3) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) үйлестіру кеңесі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2023 № 1170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібі

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасу конкурсына (бұдан әрі – конкурс) қатысу үшін кандидаттар Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасу үшін біліктілік іріктеуінен (бұдан әрі – біліктілік іріктеу) өтеді.

      Біліктілік іріктеу үйлестіру кеңесінің отырысында кандидаттармен әңгімелесу арқылы өткізіледі.

      4. Конкурс Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы төрағасының бұйрығымен жарияланады және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге конкурстың жарияланғаны туралы ақпарат жіберіледі.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) басшылығының тапсырмасымен конкурс жариялау туралы ақпарат уәкілетті органға жеткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Біліктілік іріктеуді жүргізу үшін уәкілетті орган мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия департаменті директорының немесе директоры орынбасарының еңбек шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн қалғанда Еуразиялық экономикалық комиссия департаменті директорының немесе директоры орынбасарының бос лауазымына орналасуға кандидатура ұсыну туралы мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді.

      7. Мемлекеттік органдар сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ұсынылатын кандидаттар туралы ақпарат жібереді:

      1) Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында жарияланған формат пен талаптарға сәйкес кандидаттың 2 (екі) фотосуреті қоса берілген анкета;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

      3) біліктілігін растайтын құжаттардың (мемлекеттік органның немесе ведомстволық бағынысты ұйымның кадр қызметтері куәландырады):

      білімі туралы, сондай-ақ кандидаттың қалауы бойынша – қосымша кәсіптік білім, ғылыми дәреже, ғылыми атақ беру туралы құжаттардың;

      еңбек кітапшасының немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері;

      4) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

      8. Кандидаттар мынадай біліктілік талаптарына сай болуға тиіс:

      1) жоғары білімінің болуы;

      2) лауазымға үміткер кандидаттардың жұмыс өтілі:

      Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің директорлары лауазымына – мемлекеттік қызметте немесе ведомстволық бағынысты ұйымдарда тиісті салада кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде басшылық қызметте кемінде 3 (үш) жыл;

      Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының орынбасарлары лауазымына – мемлекеттік қызметте немесе ведомстволық бағынысты ұйымдарда тиісті салада кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде басшылық қызметте кемінде 2 (екі) жыл болуға тиіс.

      9. Қызмет саласы уәкілетті органның құзыретіне жататын Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттар осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады және осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      Ескерту. 9-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 22.12.2023 № 1170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Мемлекеттік органның кандидатураның жоқтығы не өзара алмастыру қажеттігі туралы жазбаша хабарламасы бойынша уәкілетті орган тиісті мемлекеттік орган кандидатурасының орнына өз кандидатурасын ұсына алады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2023 № 1170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Уәкілетті орган ұсынылатын кандидатуралар туралы ақпаратты олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жібереді.

      Егер кандидаттар ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері болса, олардың кандидатурасы Агенттікке келісуге жіберілмейді.

      12. Комитет және Агенттік сұрау салу келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға кандидаттардың Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің директорлары немесе директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуына кедергі келтіретін негіздердің жоқ немесе бар екендігі туралы ақпарат ұсынады.

      13. Осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген құжаттары жоқ, сондай-ақ осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін кандидаттар біліктілік іріктеуге жіберілмейді. Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес ұсынылған кандидаттардың Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорлары немесе директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуына кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда да кандидаттар біліктілік іріктеуге жіберілмейді.

      14. Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кедергі келтіретін негіздер жоқ кандидаттармен әңгімелесу үйлестіру кеңесінің отырысында өткізіледі.

      Уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде Үкімет Аппаратына үйлестіру кеңесінің отырысын өткізу туралы ұсыныс жібереді.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Әңгімелесу барысында кандидаттардың мынадай өлшемшарттарға сәйкестігі белгіленеді:

      1) Қазақстан Республикасының негізгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білу;

      2) Еуразиялық экономикалық одақ туралы құқықты құрайтын халықаралық шарттар мен актілерді (негізгі (базалық), бағыттар бойынша (салалық) білу;

      3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде заңнаманы қолдану практикасын және бағыттар бойынша халықаралық тәжірибені білу;

      4) лауазымдық міндеттеріне сәйкес келетін бейіні бойынша арнайы білім;

      5) анықтамалық, талдамалық және ақпараттық материалдарды дайындау, іскерлік келіссөздер мен хат алмасуды жүргізу тәжірибесі.

      16. Әңгімелесу нәтижелері үйлестіру кеңесінің хаттамасына енгізіледі, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.

      17. Әңгімелесудің теріс нәтижесі болған жағдайда осы Қағидаларда көзделген тәртіппен қайта біліктілік іріктеу жүргізіледі.

      18. Кандидатпен әңгімелесу нәтижесі оң болған жағдайда уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде Үйлестіру кеңесінің төрағасы – Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшесінің тиісті хатқа қол қоюын және оны Еуразиялық экономикалық комиссияның атына жолдауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2023 № 1170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Осы Қағидалардың 19-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кандидаттарды қатарынан 2 (екі) мерзім бойы жіберуге жол берілмейді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2023 № 1170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19-1. Егер Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің директорлары және директорларының орынбасарлары Еуразиялық экономикалық комиссиясымен еңбек шарттарын 2 (екі) жылдан кем уақытқа жасасқан болса, Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының қатарынан 2 (екі) мерзімге біліктілік іріктеуіне қатысуына жол беріледі.

      Осы тармақта көрсетілген жағдайда біліктілік іріктеуі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.12.2023 № 1170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады