О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 "Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 2024 года № 753

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357 "Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве обороны Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      подпункт 110) изложить в следующей редакции:

      "110) утверждает правила подготовки специалистов военной медицины Вооруженных Сил по согласованию с уполномоченным органом в области здравоохранения;";

      подпункт 116-5) изложить в следующей редакции:

      "116-5) по согласованию с центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию утверждает правила оказания услуг государственным учреждением Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимся в сфере оказания медицинских услуг (помощи) в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования, соответствующих их уставным целям и не относящихся к их основной деятельности, и использования денег от реализации таких услуг;";

      дополнить подпунктом 137-1) следующего содержания:

      "137-1) утверждает правила организации и обеспечения противопожарной защиты в Вооруженных Силах;";

      подпункт 138) исключить;

      подпункт 155) изложить в следующей редакции:

      "155) утверждает правила мобилизационного развертывания Вооруженных Сил;";

      подпункт 160) изложить в следующей редакции:

      "160) утверждает инструкцию по ведению войскового (корабельного) хозяйства в Вооруженных Силах;";

      подпункт 161) исключить;

      подпункт 171) изложить в следующей редакции:

      "171) утверждает правила вноса, выноса и использования технических средств личного и служебного пользования (абонентских устройств сотовой связи и мобильных устройств) в Министерстве и Вооруженных Силах;";

      подпункт 176) изложить в следующей редакции:

      "176) утверждает правила выдачи удостоверений ветеранам Великой Отечественной войны;";

      подпункт 238) изложить в следующей редакции:

      "238) утверждает по согласованию с уполномоченным органом в области оборонной промышленности и государственного оборонного заказа перечень товаров (продукции) военного назначения, товаров (продукции) двойного назначения (применения), работ военного назначения и услуг военного назначения, предусмотренных подпунктами 1-1), 2), 3), 7) и 12) пункта 2 статьи 19 Закона Республики Казахстан "Об оборонной промышленности и государственном оборонном заказе", закупаемых в рамках государственного оборонного заказа;";

      дополнить подпунктами 269), 270), 271), 272), 273), 274), 275), 276), 277), 278), 279), 280), 281), 282), 283) и 284) следующего содержания:

      "269) утверждает правила присвоения полос частот, радиочастот (радиочастотных каналов) для радиоэлектронных средств в целях обеспечения нужд обороны и безопасности государства по согласованию с уполномоченным органом по защите государственных секретов;

      270) утверждает правила по организации проектирования, внедрения, сопровождения и производства криптографических средств защиты сведений, составляющих государственные секреты, в Вооруженных Силах Республики Казахстан по согласованию с уполномоченным органом по защите государственных секретов в Республике Казахстан;

      271) утверждает правила гидрометеорологического обеспечения Вооруженных Сил;

      272) утверждает инструкцию по размещению подразделений противовоздушной обороны в Вооруженных Силах;

      273) утверждает инструкцию по организации деятельности служб в Вооруженных Силах;

      274) согласовывает правила обмена сведениями о призванных на срочную воинскую службу военнослужащих, а также их увольнении, наличии либо отсутствии банковского займа, микрокредита, предоставлении отсрочки платежа по договору банковского займа, договору о предоставлении микрокредита, утверждаемые уполномоченным органом по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций;

      275) утверждает правила по военно-прикладным видам спорта Вооруженных Сил;

      276) утверждает инструкцию по изготовлению, хранению печатей, штампов и пользованию ими в воинских частях, учреждениях и организациях Вооруженных Сил;

      277) утверждает инструкцию по беспарашютному десантированию в Вооруженных Силах;

      278) утверждает инструкцию по горной подготовке в Вооруженных Силах;

      279) участвует в реализации единой государственной языковой политики;

      280) утверждает инструкцию по проведению внутриведомственной проверки и оценки служебной деятельности воинских частей и учреждений в Вооруженных Силах;

      281) утверждает инструкцию по организации и обеспечению хранения военного имущества на центральных, региональных флотских и войсковых складах Вооруженных Сил;

      282) заключает меморандумы, необходимые для выполнения возложенных на Министерство обороны задач и функций;

      283) утверждает правила конкурсного отбора военнослужащих срочной службы для получения образовательных льгот на поступление в высшие военные, специальные учебные заведения;

      284) утверждает правила конкурсного отбора военнослужащих срочной службы для получения образовательных льгот на поступление в организации высшего и (или) послевузовского образования по образовательным программам высшего образования в пределах квот, установленных законодательством Республики Казахстан, за исключением образовательных программ медицинского, фармацевтического и педагогического образования, по согласованию с уполномоченным органом в области науки и высшего образования.";

      подпункт 1) пункта 19 изложить в следующей редакции:

      "1) определяет обязанности и полномочия должностных лиц Министерства, структурных подразделений, главнокомандующих видами, командующего Силами специальных операций, командующих родами войск и войсками региональных командований Вооруженных Сил;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением подпункта 274) пункта 15 Положения, который вводится в действие с 20 августа 2024 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 753 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      110) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "110) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын бекітеді;";

      116-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "116-5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 137-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "137-1) Қарулы Күштерде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;";

      138) тармақша алып тасталсын;

      155) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "155) Қарулы Күштердің жұмылдырылуын өрістету қағидаларын бекітеді;";

      160) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "160) Қарулы Күштерде әскери (корабльдік) шаруашылықты жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;";

      161) тармақша алып тасталсын;

      171) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "171) Министрлікте және Қарулы Күштерде жеке және қызмет бабында пайдаланылатын техникалық құралдарды (ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын және мобильді құрылғыларды) алып кіру, алып шығу және пайдалану қағидаларын бекітеді;";

      176) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "176) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларын бекітеді;";

      238) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "238) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын, "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 1-1), 2), 3), 7) және 12) тармақшаларында көзделген әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер тізбесін бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 269), 270), 271), 272), 273), 274), 275), 276), 277), 278), 279), 280), 281), 282), 283) және 284) тармақшалармен толықтырылсын:

      "269) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қорғаныс мұқтажын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиоэлектрондық құралдар үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру қағидаларын бекітеді;

      270) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың криптографиялық құралдарын жобалауды, енгізуді, сүйемелдеуді және шығаруды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      271) Қарулы Күштерді гидрометеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      272) Қарулы Күштерде әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерін орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      273) Қарулы Күштердегі қызметтердің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      274) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидаларын келіседі;

      275) Қарулы Күштердің әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша қағидаларды бекітеді;

      276) Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде, мекемелері мен ұйымдарында мөрлер, мөртаңбалар жасау, сақтау және оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      277) Қарулы Күштерде парашютсіз десант түсіру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      278) Қарулы Күштердегі таудағы даярлық жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      279) бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға қатысады;

      280) Қарулы Күштердегі әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметтік ісіне ведомствоішілік тексеру және бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      281) Қарулы Күштердің орталық, өңірлік флоттық және әскери қоймаларында әскери мүлікті сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      282) Қорғаныс министрлігіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті меморандумдар жасасады;

      283) жоғары әскери, арнаулы оқу орындарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді;

      284) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді.";

      19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Министрлік, құрылымдық бөлімшелер лауазымды адамдарының, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Арнаулы операциялар күштері қолбасшысының, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 274) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов